Компаниялардың ақша ағымдарының қазіргі жағдайындағы қалыптасуы мен басқаруы
Компаниялардың ақша ағымдарының қазіргі жағдайындағы қалыптасуы мен басқаруыӨзгермелі экономикалық жағдайда бәсекеге қабілеттілікті құру және оны ұстап тұру үшін соңғы жылдары тұтынушыларға бағытталған бизнес концепциясы қарқынды дамуда. Жалпы алғанда қазіргі кезеңдегі фирмалардың бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету әдістеріне қатысты төмендегідей негізгі қорытындылар жасауға болады: - фирманы рационалды « жабық » иерархиялы жүйе ретінде ал бәсекелестік мақсаттар мен міндеттерде ұзақ уақыт бойы басқада шарттар секілді өзгеріссіз қалады және бекітіледі деп санайтын дәстүрлі пікір өз қуатын жоғалтуда; - қазіргі менеджментд философиясы жүйелі және жағдаяттық әдістерге негізделген Компанияның ақша ағымдары ашық жүйе ретінде қарастырылады. Компанияның жетістікке жетуі оның дер кезіндегі сыртқы әлеуметтік – экономикалық ортаға жылдам бейімделуінде. Компанияның ақша ағымдарының назарынан тыс қалдырмауы тиіс сыртқы жағжайларға: күшейген жаһандануы ушыққан бәсекелестікті, шикізаттар мен материалдар бағасының жоғарылығын, бұйымның өмірлік кезеңдетінің қысқаруын жатқызуға болады. Осы мүмкіндіктерді қаншалықты іске асыра алуды білу және олардың қоршаған ортаға қаншалықты қажет болатынын түсіну – бүгінгі күннің басты талабы. Жетістікті компаниялардың ақша ағымдары сыртқы қоршамға бейімделіп қана қоймай, мүмкіндіктері жоғары дәрежеде сәйкес келетіндей өзінің айналасында осындай орта қалыптастыру үшін белсенді әрекет етеді. Ешқандайда компанияның ақша ағымдары нарықта тауарларының барлық коммерциялық қасиеттері мен жылжыту құралдары бойынша бәсекелестерінен асып түсе алмайды. Олардың ішінен артықшылық беретіндерін талдау және нарық жағжайының даму тенденциясына көбірек сәйкес келетін және кәсіпорын қызметінің күшті жақтарын ең жақсы жолмен қолдана алатын стратегияны жасау қажет. Казіргі күні экономикалық ғылымда қойылған мақсаттарға сәйкес стратегиялардың екі түрін: портфельдік және бәсекелестік деп бөледі. Портфельді стратегия компанияның жалпы іс — әрекетін және жекелеген қызмет аумақтарындағы бәсекелестік артықшылықтарын анықтап, және сол алынған бәсекелік артықшылықтарды ары қарай бәсекелік стратегиялар шегінде кешенді қолдануды қамтамасыз етеді. Компания шетелдік өндірушілердің болат құю қондырғыларын техникалық жетілдірулеріне және қысқа мерзімді шетелдік бәсекелестердің жаңа технологиялар күшімен төмен баға орнатуына мән бермеуінің нәтижесінде банкроттыққа ұшырады [13.]. - компания қызметінің түрлі аумақтарының арасында туындайтын синергизм; - әрекет түрлерінің стратегиялық икемділігі. Мысал ретінде диверсификацияны алуға болады. Әдетте глобальді компаниялар өз сату көлемдері мен пайдаларындағы өзгерістерді бақылап отырады. Осы мақсатта шетелдік нарықтарды іздей бастайды. Осылайша құлдыраушы бір елде сату көлемі азайғанда экономикалық өрлеп жатқан басқа бір елде сату көлемі көтеріледі. Жалпы алғанда портфельдік стратегияларының негізгі мақсаттары инвестиция салуды қажет ететін бөлімшелерді таңдау. Компанияның ақша ағымын алатын болсақ тауар портфеліндегі тауарлардың қайсысына қаржы керек немесе инвестициялауды тоқтату керектігін және компанияның жалпы стратегиялық бағытын анықтау. Портфельдік стратегияларға қосымша бәсекелік стратегиялар компанияның әр қызмет бөліміне не істеу қажет екенін анықтайды. Бәсекелік стратигияны ауық – ауык стратегиялық шешімдермен қаптап отыру қажет стержень ретінде қарастыруға болады. Мұндай шешімдерге: - саладағы бәсекелестікті таңдау; - мақсаттарды анықтау; - бәсекелестік стратегияларды жасау және іске асыру; - бәсекелестік артықшылықты ұстап тұруды жатқызуға болады. Жоғарыда аталған компанияның әрекеттері өзара байланысты және бір – бірін толықтырады. Мысалы әр бір стратегиялық шешім сала туралы ақпаратты қажет етеді. Бәсекелестік стратегияны жасау және іске асыру компанияның ақша ағымдарының нақты алға қойған мақсатынсыз жүзеге асыру қиын. Нарықтағы жайғасымды ұстап тұру сол стратегияларының дер кезінде дұрыс іске асыруына байланысты. Бәсекелестіктің сипаты мен деңгейін анықтау үшін автор компанияның бәсекелестіктік стратегияларын жоспарлауға қатысты бәсекелестіктің бес күші моделін май өнімдерін өндіру саласында қарастырады. Модельге сәйкес бәсекелестік стратегияларды құру екі кезеңнен тұрады: компания әрекет ететін саланы талдау және сол саладағы бәсекестер жайғасымын анықтау. Бұлар: 1.жаңа бәсекелестер пайда болу қауіп – қатері; 2.алмастыру – тауарлар пайда болу қаупі; 3.жинақтаушы бұйымдар жеткізушілерінің саудаласу қабілеттілігі; 4.тұтынушылардың саудаласу қабілеттілігі; 5.қазір әрекет етуші бәсекелестердің өзара бақталасуы. Салаға жаңа өндірістік қуат әкелетін және нарықтан өз үлесін алғысы келетін жаңа бәсекелес компаниялардың пайда болуы тауар ұсынысын көтереді де бағаға қысым көрсетеді. Бәсекелестің пайда болуы екі факторға байланысты: сұраныстың көбеюі және экономика заңдылығына сәйкес бағаның көтерілуі жаңа бәсекелестерді шақыру сигналы бола алады; нарыққа ену барьерлерінің деңгейі және сол нарықта жұмыс істеп жатқан компаниялардың жаңа бәсекелестерге реакциясы [14]. Нарыққа енуге кедергі келтіретін барьерлері: - өндіріс масштабы: жаңа енген компанияның ақша ағымдары бірден көп көлемді өнім шығаруы керек, сәйкесінше үлкен шығындарды қажет етеді. Ал нарықта артық тауар көлемі пайда болып бұрыннан жұмыс істеп жатқан компанияларға қауіп – қатер туғызуы мүмкін; - технология мен ноу – хауға қол жеткізе алмау; - тәжірибе оқыту қисығының эффектісі. Өндіріс шығындарын азайту сол тауарларды өндіру тәжірибесіне байланысты; - айтарлықтай мөлшерде капитал салымын қажет етеді; - өткіз Скачать |