Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде
Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретіндеНесиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі. «Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған сондықтан «коммерциялық банк» деген атауға ие болды. Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономикалық өзге де салаларына қызмет көрсете бастағандықтан, да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің іскер деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсету олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді. Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200 – ге жуық әралуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездей-соқтық емес. Олар өзгермелі ақша-несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады. Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық банктер қаржы делдары ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кейде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер ретінде іскелік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес. Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады. Банктік несие — ең қолайлы және көптеген жағдайда орны ауыстырылмай қаржылық қызметтердің формасы ретінде ол нақты қарыз алушының қажеттілігін ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндігуіне мүмкіндік береді. Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру. Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақша жасауы мен жоюында б.т. Бұл жерде ақша деп тек қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Коммерциялық банктер өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының көмегімен олар уақытша бос ақаш қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды бере отырып, халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды. Скачать |