Каспий бассейніндегі теңіз порттарының қызмет етуінің Қазақстандық және халықаралық тәжірибесі
Каспий бассейніндегі теңіз порттарының қызмет етуінің Қазақстандық және халықаралық тәжірибесіҒылыми еңбектер мен статистика мәліметтерін талдай келе Каспий теңіз порттарының қызмет етуі мен дамуын әртүрлі өндірістік-шаруашылық көрсеткіштерімен сипаттауға болады. Айта кету қажет, порттардың қызмет етуіндегі басты ерекшелік өз ресурстарын тиімді пайдалану жағдайында аумақтық-өндірістік кешен қызметінің ақырғы нәтижелерінің оңтайлылығын қамтамасыз етеді. Бұл жерде екі мақсаттың арасында қарама-қайшылық туындайды, жұмыстың жоғары үнемділігіне қол жеткізу мен экономикалық тиімділікті көтеру арасында қайшылықтар туады, бұл мүлікке деген меншіктің арқасында шешіледі. Бірақ, көлік шаруашылығындағы экономикалық субъектілер мен автомобиль көлігі, темір жол көлігі, порт қуаттылығын дамытудағы экономикалық мүдделердің сәйкестігі туралы шешілмеген мәселелер әлі де көп. [51] Экономикалық тұрғыдан қарағанда теңіз порты еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануда жоғары көлік-экономикалық нәтижелер көрсете отырып, жүктеу жұмыстарының өзіндік құнын төмендету мен рентабельділікті көтеруге қол жеткізу қажет. Порт қызметі аралас көлік түрлерінің техникалық құралдары мен көлік флотын максималды пайдалануға бағытталу қажет. Порт жұмысының ұйымдастырылуы мен технологиясы жүк және жолаушы тасымалы нарығындағы сұраныс пен ұсынысты есепке ала отырып даму қажет. Теңіз порттары мен шаруашылық субъектілерінің арасындағы стратегиялық мүдделердің тоғысуы тікелей шаруашылық байланыстарын орнатуға және одақтастықтың жаңа нысандарының пайда болуына, яғни көлік кешеніндегі экономикалық субъектілерімен байланыстың орнауына әкеліп тірейді. Аталған факторлар жүк және тасымал ағымдарын барынша тез игерудің актуальдылығын көрсетіп отыр. Олай болса, порттың аралас кәсіпорындармен, сондай-ақ басқа да көлік түрлерімен одақтастығы аумақтық-шаруашылық кешенді көлікпен қамтамасыз етудің кешенді бағдарламасы негізінде порттарды дамытудың сатыларын анықтап, бағыттарын таңдау қажет. Экономикалық және тарихи-географиялық факторлардың қатарына Каспий теңізіне порттар мен кеме жүргізу ісін оң жолға қою қосылып отыр. Бұл белгілі мөлшерде қызмет етуші порттар қуаттылығының өсуі мен жаңа құрылыс бағыттарына әсер етеді. Қазіргі кезде, кеме жүргізу ісі бойынша порттарды бөлуге тек өндірістік-экономикалық факторлар ғана емес, сонымен қатар теңіз көлігінің өндірістік қызметін басқарудың әкімшілік-ұйымдастыру факторлары да әсер етеді. Мысалға Әзірбайжан Республикасындағы Баку халықаралық теңіз порты Каспийдің батыс жағалауында орналасқан және каспий мұнайын тасымалдаудың шешуші транзиттік орталығы болып табылады. Порт инфрақұрылымы 8 айлақтан тұрады. Жүк айналымының 65 пайызы мұнай және мұнай өнімдерін қайта өңдеуден, 35 пайызы пароммен жүк тасымалы мен негізі жүктерге тиесілі. Ақтау — Баку учаскесі «ТРАСЕКА» көлік коридорының байланыстырушы буыны болып табылады. 2001 ж қыркүйек айынан бастап Ақтау – Баку – Ақтау бағытында теміржол паромдық қатынасы қызмет ете бастады. Аталған линияда жүк сыйымдылығы 28 темір жол вагоны болатын жол жүру уақыты 18-20 сағаттық «Советтік Дағыстан» типіндегі кеме жүргізіледі, вагондардан басқа паорм жолаушыларды да тасымалдайды. [47] Дюбенди мұнай терминалы Баку портының бір бөлігі болып табылады. Портта 3 шығу айлағы бар мұнай терминалынан, өткізу қабілеттілігі айына 250000 тонна болатын резервуарлық парктен, бір мезгілде 2 танкер тоқтай алатын айлақ майданынан тұрады. Мұнай құбырлары Баку қаласындағы мұнай өңдеуші зауыт пен Грузияға магистральды темір жол арқылы тікелей байланысты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Ресей Федерациясындағы Астрахань порты Каспий аймағындағы ірі порттардың бірі болып саналады. Порт сулары мен порт аумағы Волга-Каспийский каналы мен Волга өзенінің бір бөлігін алып жатыр. Астрахань портында барлығы 21 айлақ бар. Ресей Өкіметі Каспий арқылы паромдық қатынасты пайдаланып Ресей көлік торабы мен Орталық Азия елдерін байланыстыратын және Каспий теңізі мен Қара теңізді Волга-Дон каналы арқылы байланыстырып, Астрахань портын дамыту жолымен еуроазиялық көлік жүйесі байланыстарын дасау бағытын жоспарлап отыр. Тасымалданатын жүктердің негізгі көлемі бұрынғышы құрғақ жүктер – негізінен металлдар мен металл бұйымдары, олардың үлесі 2007 ж 33 пайызды құрады, ал күкірт 24 пайыз, орман және ағаш 6 пайыз, қағаз 2 пайыз, контейнерлік жүктер 2 пайызға ие болды. 2008 ж Астрахань көлік байланысы арқылы жүк тасымалы 2,2 мың тоннаға өсіп, 2007 жылғы көрсеткіштерді 1,4 есе арттырды. Транзитті жүктер негізінен Қара теңіз порттарынан Әзірбайжан мен Иранға, ішінара Украйнадан Әзірбайжанға болат құбырлар, Иранға металлдар, Түркиядан Бакуге Астрахань арқылы құрал-жабдықтар тасымалданады. Оля порты Астрахань облысындағы Солтүстік-Оңтүстік халықаралық транзиттік коридор инфрақұрылымындағы маңызды объект болып табылады. Ұзындығы 180 м болатын құрғақ жүк айлағы мен Ақтау, Түркменбасы, Анзали бағытында жұмыс жасайтын Ро-Ро типіндегі кемелерді қабылдауға қабілетті автопаром кешені бар. Ресей теңіз флотының құрылу бағдарламасына сәйкес қуаттылығы 400 мың тонналық контейнерлік терминал құрылысы жүргізіліп жатыр. Махачкала сауда порты каспийдегі Ресей порттарының ішіндегі пайдаланылғанына 130 жыл болған ескі порттардың бірі. Порт акваториясында жыл бойы мұз қатпайды. Порттың мұнай базасы 500 мың шаршы метр сыйымдылыққа ие, сондықтан бір мезгілде 100 цистернаға дейін қабылдай алады және Баку-Новороссийск магистралды мұнай құбырымен байланыстырылған. Порттың жүк тиеу қуаттылығы 5 млн тоннаға дейін жетеді, оның 80 пайызы көмірсутек шикізаты. Махачкала порты 12 жаңа айлақтың құрылысын аяқтауға жақын, бұл өз кезегінде порттың жүк айналымын 11 млн тоннаға дейін өсіреді. Қазіргі кезде Махачкала порты бағытындағы тасымалданатын негізгі жүк көлемі мұнай және мұнай өнімдері. Махачкала портына теміржол паромдық кешен құрылысының аяқталуын ескерсек, онда Ақтау – Махачкала – Ақтау бағытындағы автопаром қатынасын ұйымдастыру мәселесін қолға алу қажет. Жоғарыда аталған Астрахань (Оля), Махачкала және Туркменбасы порттарына қоса Ақтау порты тасымалдау бағыттарына сәйкес шеңберде транзитті жүк ағымдарын тартуда бәсекелес болып отыр. Сонымен қатар жүк тиеу құрылғыларын пайдалану уақыты бұл порттарда ұзақ, соған сәйкес амортизациялық аударымдар мен пайдалану шығындары төмен, бұл орындалған жұмыстар сапасы мен жүк тиеу ставкаларының көлеміне айтарлықтай әсерін тигізеді. Астрахань порты біртұтас көлік кешені емес, ол иелері жеке компаниялар болып табылатын жағалаудағы бірнеше айлақтардан тұрады және олар барынша икемді тарифтік саясат жүргізуге мүмкіндік береді. Ресей Федерациясының даму бағдарламасына сәйкес көлік кешенінде астық терминалдарының құрылыс жобасы қарстырылған, учаскілерге темір жол желілерінің тартылуы жобаланған, бұл жағдайлар келтірілген мүмкіндіктерді пайдалана отырып бәсекелес бағыттардағы белгілі жүк көлемі ағымына әсер ете алады. Статистика материалдары Иран ислам Республикасындағы Анзали портының жылына 5 млн тоннаға дейін жүк тасымалдай алатындығын дәлелдеп отыр. Порт акваториясына өту тереңдігі 5,5 метрмен шектеледі. Порт ұзындығы 170,7 метрге дейінгі кемелерді қабылдай алады. Қазіргі кезе портта қуаттылығы 10-20 тонналық 200 жүк көтергіш кран жұмыс жасайды. Ұзындығы 1430 м болатын айлақтар бір мезгілде 10 сауда кемесін шарттарда қабылдауға қабілетті болып саналады. Қазіргі кезде портпен темір жол қатынасы жоқ, ал портқа келіп тұрған шоссе жолы қайта қалпына келтіру мен қозғалыс ауқымын кеңейту үшін жол енін ұлғайтуды қажет етеді. Жүктерді тасымалдау және шығару Казвин – Решт – Анзали көп жолақты шоссе жолы мен темір жолының құрылысы аяқталғаннан кейін толығымен шешіледі. Қазіргі кезде Ақтау – Анзали бағытындағы автопаром қатынасы жұмыс жасайды. Негізгі жүк номенклатурасы болып астық, кокс, мырыш концентраты, құрылыс материалдары, металл өнімдері табылады. Ноушахр порты ауданы 27412 шаршы метр болатын 7 жинақтаушы қоймаға ие, олардың алтауы жүкті уақытша сақтауға арналса, біреуі экспортқа шығарылатын жүктерге арналған. Қалғандары әртүрлі жүктер үшін бірнеше мақсатта пайдаланылады. Ноушахр портының жылдық жүк айналымы 1,5 млн тоннаға жетеді. Порт максималды өткізу тереңдігі 5,5 метрге жететін 3 айлаққа иелік етеді. - Айлақтардың толық ұзындығы 812 м, бір мезгілде 6 сада кемесін қабылдай алады. Нека портында жүк көтергіштігі 4,5 мың т. танкерлерді қабылдай алатын бір айлақ бар. Порттың мұнай терминалында жалпы көлемі 792 мың куб м. мұнай кететін екі резервуар бар. Неке порты қазақстандық мұнай және мұнай өнімдерін SWAP-операциясы шарттарында жөнелту пункті болып табылады. Амирабад портында (Хазар)негізінен шикі мұнайды өңдеуге мамандандырылған арнайы экономикалық аймақ құрылды. Мұнда мұнай өңдеу комбинатын және мұнай мен мұнай өнімдерін сақтауға арналған үлкен сыйымдылықты ыдыстарды құру жоспарланған. Түркменбашы портын (Түркменстан) зерттеу мұнай айлақтары бір мезгілде алты танкерді қабылдай алатындығымен сипатталады. «Ро-ро» типті кемелерге қызмет көрсететін айлақ жұмыс жасайды. Айлақ жүктерді кемелерге тиеуге арналған арнайы платформалармен жабдықталған. Каспий бассейніндегі порттар қызметі нарығындағы қалыптасқан жағдай көршілес мемлекеттердің белсенді дамуын, олардың Каспийдегі мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға және бәсекелестікті көтеруге бағытталған инвестициялық бағдарламаларының барлығын куәландырады. Каспий порттарының қуаттылығы мен кеме флотының тасымалдау қабілеттілігін дамытудың тиімді деңгейі әлемнің алдыңғы қатарлы порттарына сәйкес келетін тиеу-түсіру жұмыстарының н Скачать |