Импорттық операциялардың құжатталуы
Импорттық операциялардың құжатталуыСыртқы экономикалық мәміле контрактімен рәсімделеді, онда олардың құқықтары, міндеттемесі, тараптардың жауапкершіліктері көрсетіледі. Сондықтан дұрыс рәсімдеу үшін Халықаралық сауда палатасының әзірлеген терминін пайдалануды ұсынады. «Е» тобының шарты бойынша сатып алушы сатушының қоймасынан жөнелтуге дайын тұрған тауарды алады. «F» тобының шарты бойынша сатып алушы көрсеткен транспорттық құралына дейін тауарды сатушының өзі жеткізіп береді. «С» тобының шарты бойынша сатушы тасымалдаушылармен шартқа отырады, бірақ жүкті жөнелткеннен кейінгі пайда болатын шығыстарға, бұзылуларына(жоғалту) жауап бермейді. «Д» тобында сатушы барлық тәуекелділіктерді және жүкті белгіленген жеріне дейін жеткзіп берумен байланысты шығындарды өзіне алады. СЭҚ қолданылатын негізгі құжаттар : - техниалық құжаттаулар –тех.төлқұжаты, сызбасы, пайдалану, жинау б-ша инструкциялары т.б. - тауарлы-ілеспе құжаттаулары -тауар сапасының сертификаты, буып-түю парағы, құрастырушы тізімдемесі т.б. - транспорттық, экспедиторлық және сақтандыру құжаттаулары — теміржол накладнойы, сақтандыру полисі немесе сертификаты; - қойма құжаттар - экспорттау тауарына портта берілген қабылдау актісі, тауардың сақтауға алынғаны туралы қойманың қолхаты, т.б. - есеп айырысу құжаттаулары — шот-фактура, аударма векселі т.б. - банк құжаттаулары -валютаны аудару өтініші, инкассо тапсырмалары, аккредитив ашу туралы тапсырмалар, чектер,т.б. - кедендік құжаттаулары — кедендік жүк декларациясы,тауардың шығуы туралы сертификаты, баж салығын төлегені туралы анықтама, акциздер, алымдар т.б. - талап(шағым) құжаттаулары -шағымдық хат, сотқа немесе арбитражға қойған талап арызы, т.б. - бұзылған немесе кем шыққан жөнінде жасалған құжаттар – коммерциялық актілер, авария сертификаты т.б. СЭҚ бойынша есеп айырысу шетелдік валюта бойынша жүреді, бірақ операциялар бухгалтерлік есептің жазбаларында тек теңгемен ғана көрсетіледі, яғни ҚР Ұлттық банкісінің белгіленген бағамы бойынша қайта есептелінеді. Скачать |