Импорттық операцияларды аудиторлық тексеру бағдарламасы


Импорттық операцияларды аудиторлық тексеру бағдарламасы

 

Нарықтық қатынастар жағдайында субъектілер өз қызмет жоспары бағдарламасын өздері жасайды.

Кәсіпорынның импорттық операцияларының дұрыстығына аудитті жүзеге асыру туралы шешімді қабылдау үшін ең алдымен кәсіпорын туралы ақпарат алып, зерделеу қажет.

    Аудиторлық тексерулердің көлемін анықтауда оның жүзеге асырылуы тексерудің жағдайына қарай болатын және аудиттің мақсаттарына қол жеткізуді көздейтін жұмыстың сипаты мен ауқымы туралы аудитордың кәсіби пікірінің мазмұны болып табылады. Бұл арада қолданыстағы нормативті – құқықтық актілердің талаптарына, келісім – шарт ережелеріне сәйкес аудитті жүргізудің нақты ерекшеліктеріне қарай әрекет ету керек.                                            Аудиторлық ұйым   аудиторлық тексеру жүргізудің түрлері, саны, тереңдігі және жұмсалатын уақыты туралы шешімдерді дербес қабылдау қажет.

Бұл деректер қаржылық есептемелердің аудиторлық тексерулерін тізбектілікпен жүзеге асыру керек.

Бақылау жүйесінің тиімділігі көбіне есепті мерзімнің аяқталуына дейін бағаланады, бұл аудиторларға әрбір цикл бойынша бақылаудың сапасын бағалауға, тексеру процестерін жүзеге асыруға және жыл соңында орындалатын аудиторлық қорытындының алдын – ала бағдарламасына өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Кейіннен аудиторлық жұмыстың ақырғы жоспары жасалып, қорытындыланады.

Аудиттің қабылданған бағдарламасына сәйкес кәсіпорын іс — әрекетінің кейбір операциялары немесе учаскелері тұтас немесе іріктемелі тәсілмен тексеріледі. Аудитор кәсіпорынның есептік және құрылымдық саясаты талаптарын жалпы тексеру амалдарын жүргізе отырып, аудиторлық бағдарламасын жүзеге асырады.

Аналитикалық процедуралардың тексерулері баланс баптарының көрсеткіштерін анықтауда елеулі фактор болып табылады. Жүйелі түрде тексерулердің ең маңызды типтерінің бірі — өткен жылдар ішіндегі мәліметтермен салыстыру үшін салыстырмалы көрсеткіштерді пайдалану. Ерекше көңіл бөлуге тұрарлық типтік және дебиторлар мен кредиторлардың шоттары болып тікелей көрсетілмеген міндеттемелер, ұзақ уақыт бойы төленбеген ірі айналымдар мен шоттар, еншілес серіктестіктердің дебиторлары мен кредиторлары, заңды және жеке тұлғалардың және басқа да шоттары болып табылады. Әрі қарай қандай шоттар қаралуға тиісті екендігін айқындау үшін баланс кезіндегі шоттардың тізіліміне шолу жасау керек.

Кезеңді зерттеу аяқталған соң кәсіпорын тиімділігін өлшеу үшін тексерудің бақылау сапасын бағалау тиіс. Бақылаудың күшті жақтарын анықтау үшін әдетте ішкі бақылау жұмысы принциптеріне негізделетін жүйелік құрылымы қолданылады.

Іс – тәжірибе жүзінде шаруашылық операцияларының барлық түрлері жеті негізгі тармақ бойынша бақыланады: шынайылық, толықтық, рұқсат, дәлдік, жіктеу, есеп пен мерзімділігі.

Толлингтік операциялары циклі  процесінде ТМҚ бойынша опкерациялар қарастырылады.

Тексеру жүргізу кезінде қосарлы жазбаны есепке алу принципіне негізделетін мақсатты тест жүргізу әдісін қолдануға болады. Сондықтанда төмендегіше

КТ   «ТМҚ»

ДТ  «жабдықтаушылар» шоттарын тексеру қажет. Яғни :

Кредит 3310   Дебет 1310-1330, 1420

Кредит 3390   Дебет 1310-1330,1420

Кредит 1250 Дебет 1310-1330

Кредит 1340

Аудитті жүргізу кезінде тест жүргізудің екі типі – сәйкестікті немесе орындалуды тексеру және мән бойынша тексеру қолданылады. Кәсіпорында тауарлы-материалдық босалқыларды сатып алу операцияларны есепке алу әдістемесінің Қазақстан Республикасындағы әрекет ететін нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкестігі анықталады.

Сонымен қатар аудитор бақылау реттемесіне ағымдық тексерулер(жоспардан тыс немесе жоспарлы) жүргізіп, бақылау құрылымы жақсы жоспарланғаны және дұрыс әрекет ететіндігі туралы дәләлдеме алады.

Аудит жүргізуге ақпарат көздері болып :

  • есептеулерлі салыстыру актілері, коммерциялық актілер, аванстық есеп беру, орындалған жұмыстарды қабылдау-тапсыру актілері;
  • тауарлы-материалдық босалқыларды түгелдеу тізімі;
  • тиелген тауарларды түгелдеу актілері;
  • Инв -5,6,12;
  • Сенімхат; ТМБҚ -1а; 2, 3, 4а, 4б, 5, 7, 11.
  • Бизнес – жоспар;
  • өндірістік бағдарлама;
  • өнімді жеткізу шарттары, келісімшарттары, мәміле паспорттары;
  • шот-фактуралар, жүкқұжаттары, кеден декларациялары, сертификаттары, кіріс ордерлері т.б.
 


Скачать