Жарқын жетістікке – мол мүмкіндік


Жарқын жетістікке – мол мүмкіндік

 

Түркия – қазақ елі егемендік алған ал-ғашқы жылдардан бастап еліміз үшін саяси аренадағы маңызды рөл атқарып келе жатқан мемлекет. Бұл мемлекетпен бұрыннан бері мәдени кеңістікте ерекше байланыс орнатқанымыз баршаға аян. Кеше ғана Алматы шаһарының төрінде Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық саммиті өтіп, түркі әлемінің бірлігі беки түскен болатын. Алдағы күндері түбі бір түркі бауырларымызбен әріптестігіміз артып, экономикалық, ауыл шаруашылығы саласынан да байланысымыз нығая түспек. Олай дейтініміз, түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бірінші саммитінің ізі суымай жатып, бас қаламызда жағымды жаңалық жетті. Әлемдік нарықты жаулап алған ірі “New Holland Agriculture” компаниясы “Туркуаз Машинери” ЖШС-ін Қазақстан бойынша өзінің ресми дистрибьюторы етіп тағайындады. Бұл серіктестік Turkuaz-дың орнатылған сатылымдары мен желілері арқылы Қазақстан фермерлеріне New Holland ауылшаруашылық жабдығына толығымен кең ауқымды қол жеткізуге ықпал етеді. Бұл ресми мәлімдеме бас қаламыздағы өткізілген баспасөз мәслихатында жасалды. Жағымды жаңалықты “Turkuaz Machinery” компаниясының бас директоры Мехмет Кемал Четинелли және аймақта New Holland Agriculture брендінің жоспарларын ұсынған “CNH International” компониясының вице-президенті Винсент де Лассанье жеткізді. New Holland Agriculture кең желілі өнімі бар ауылшаруашылық техникасының, оның ішінде, шағын мамандандырылғаннан бастап, ірі ауыл шаруашылықтарына арналған сериялардың ең шыңында тұрған 600 л.с. T9 сияқты жоғары өнімді өте қуатты тракторлардың жетекші әлемдік бренді болып табылады. Кең таңдаулы астық жинаушы комбайндар және елде жақсы қабылданған CSX сериясын қосқанда, дестелегіштер әрі өз саласында жетекші болып саналатын төртбұрышты, дөңгелек және үлкен тікбұрышты пресс-сұрыптаушыларды жасап шығарады. “New Holland” компаниясы зерттеу және әзірлеу орталықтарымен әрі әлем бо-йынша өндірістік зауыттармен бірге, 100-жылдан астам тарихымен ауыл шаруашылығын жүргізудің үздік әдістерін игерді және фермерлердің, олар қай жерде болмаса да, талаптарына сәйкес келетін технологиялар мен техникалар әзірледі. “New Holland Agriculture” компаниясы ауылшаруашылық жабдығының әлемдік өндірушісі және жеткізушісі болып табылады. Оның мүмкіндігі та-уарлық дақылдар өндірушілердің, мал өсірушілердің, мердігерлердің, шарап шығарушылардың, немесе инновациялық өнімнің және қызметтердің ең кең ауқымды түрлеріне сүйене алатын коммуналдық мамандардың табыстарында негізделген: ауыл шаруашылығы саласындағы мамандардың қаржылық қызметтерімен толықтырылған жабдықтардың толық желісі, тракторлардан бастап егін жинау және тиеу-түсіру бо-йынша жабдықтарға дейін қамтиды. 2003 жылы өзінің құрылған кезінен бастап “Turkuaz Machinery” компаниясы Қазақстанды қосқанда, Орталық Азия нарықтарында үздік әлемдік өндірушілердің өндірістік өнімдерін ұсынумен айналысады. Алматыда бас кеңсесі бар “Turkuaz Machinery” компаниясының орныққан сатылымдары және бүкіл Қазақстан аумағы бойынша қызмет көрсету желілері, 16 филиалы, артық бөлшектер мен жабдықтарды сату бойынша техникалық қызмет көрсету пункттерімен әрі 40 мобильді көлік цехтарынан тұратын жабдықталған паркімен бірге сауда нүктелері бар. “Біздің Turkuaz Machinery жаңа серік-тестігіміздің арқасында Қазақстан нарығындағы біздің орнымызды айтарлықтай нығайтуға мүмкіндігіміз әлі де болатындығына біз сенімдіміз. Өз саласында жабдықтар мен орнатылған дилерлік желісі әрі “Turkuaz Machinery” компаниясының сервистік қызмет көрсету желісі бар біздің кең ауқымды ұсынысымызбен біз қазақстандық фермерлердің қажеттіліктерін қанағаттандыра және олардың кәсіпорындарын қолдай аламыз”, – деді Винсент де Лассанье мырза.. “Turkuaz Machinery бұл ынтымақтастыққа өте ырза, өйткені, қазақстандық фермерлер енді New Holland Agriculture жабдығына кеңірек қол жеткізе алады”,– деп қосты Мехмет Кемаль Четинелли мырза. “Біз оларды тек біздің техникалық қызмет көрсету бойынша командамызбен ғана емес, енді олардың өз техникасынан барынша қайтарымдылық алуына көмектесетін қаржылық пакетпен және оқумен қолдай аламыз”. Олай болса, Африка, Таяу Шығыс, ТМД, Азия және Океанияның, Австралия, Қытай және Үндістанды қамтығанда, 120-дан астам елдің ауылша-руашылық саласында қолданылып келе жатқан жаңа жабдықтар біздің еліміздің де ауыл шаруашылық саласын жаңа биікке жеткізеді деген үміттеміз.

Бек ҰЗАҚБАЙ

 


Скачать