Жалақы
ЖалақыҚазақстан Республикасының Конституциясы еңбек үшін қандай да бір кемсітусіз және заңда көзделген ең төмен мөлшерден кем емес ақы алу құқығын бекіткен. Еңбек ақы жүйесінде Қазақстан Республикасы президентінің 1995 жылғы 19 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы халқының өмірінің әлеуметтік жағдайларын жақсарту туралы». Жарлығының, 1997 жылғы 1 сәуірдегі « Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыралатын ҚР органдарының қызметкерлерімен еңбек ақысының бірынғай жүйесі туралы» жарлығының, ҚР үкіметінің 1997 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан Республикасындаеңбекке ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру туралы» қаулысының және т.б. актілердің маңызы зор. «ҚР еңбек туралы» заңының 70-бабы. 1. Жұмыс беруші осы заңға, жеке еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес қызметкердің еңбегіне ақы төлеуге міндетті. 2. Қызметкерлердің еңбегі ақы мерзімдік, кесімді түрде немесе еңбекке ақы төлеудің өзге де жүйелері бойынша төленеді. Ақы төлеу еңбектің жеке және немесе ұжымдық нәтижелері үшін жүргізілуі мүмкін. 3. Қызметкердің жалақысы орындалатын жұмыстың санымен сапасына, күрделілігіне қарай белгіленеді. Қызметкерлердің өндіріс тиімділігі мен жұмыс сапасын арттыруға материалдық мөдделігін күшейту үшін жыл ішіндегі жұмысының қорытынды бойынша сыйлық, сыйақы беру жүйесі және материалдық көтермелеудің басқа да нысандары еңгізілуі мүмкін. 4. Ұйымдарда еңбекке ақы төлеу жүйесі ұжымдық шарттармен немесе жұмыс берушінің актілермен белгіленеді. 5. Қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігі жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің біліктік анықтамалығы, қызметшілер лауазымдарының біліктік анықтамалығы негізінлде белгіленеді. Аталған анықтамалықтары әзірлеу мен қолджанудын тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. Орындалған жұмыстарды белгілі бір күрделі жұмысқа жатқызуды және қызметкерлерге біліктілік разрядтарын беруді жұмыс беруші жұмыстар жұмысшылар кәсіптерінің біліктілік анықтамалығына және қызметшілер лауазымдарының анықтамалығына сәйкес дербес жүргізеді. Жалақы түсінігі. Жалақы — бұл еңбек шарты бойынша нақты еңбек функциясын атқару үшін жұмыс үшін төленетін, тараптардың келісімімен белгіленетін, алайда, заңдарда белгіленген шектен кем болмауы тиіс ай сайынғы ақы , төлем. Қазакстан Республикасының заңдарында еңбек үшін қандай да бір кемсі тусіз жәңе заңда белгіленгеннен төмен емес ақы төлеу қағидасы белгіленген. ҚР конституциясы жәңе ҚР еңбек заңдары бірдей еңбек үшін, яғни , бірдей ұзақтықтағы, күрделіліктегі еңбек үшін жыныс, нәсіл, жас, ұлт жәңе т.б. белгілері үшін кемсітусіз бірдей ақы төлеуді кепілдейді. Ең төмен жалақы мөлшері меншік нысананы қарамастан, ұйымдарда жалданып жұмыс істейтін адамдарға ақшмлай төлемдердің Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік берген ең төмен мөлшері. Ең төмен жалақы мөлшері шектелмеген, тек ол салықтармен реттелуі мүмкін. Нақты қызметкердің еңбегіне ақы төлеу жұмыс берушімен арадағы өз ара келісімнің негізінде жүзеге асырылады. Әрбір қызметкердің еңбектегі табыстары оның жеке салымына және еңбегінің соңғы нәтижелеріне байланысты болады. Еңбекке ақы төлеудің нысандары, жүйелері және тарифтері ұжымдық шарттармен және келісімдермен белгіленеді. Бұл ретте ескеретін жайт, заңда белгіленген төмен мөлшерден кем емес ай сайынғы жалақы алу құқығын айлық кезенге есептелген еңбек нормасын орындайтын қызметкерлер ғана иеленеді. Ең төмен жалақы мөлшеріне қосымша ақылар мен үстеме ақылар, сыйақылар және де көтермелеу төлемдері еңбейді. Бұл дегеніміз, қосымша ақылардың, үстеме ақылырдың, сыйақылардың және де өзге де төлемдердің барлық түрлері негізгі жалақының құрамына иенеді, ал бұл жалақының мөлшері заңда белгіленген ең төмен мөлшерден кем болмауы тиіс. Басқа да айтар, жалақы- бұл жұмыс істеп тапқан ақы және осы қасиетімен ол жәрдемақылардан, қосымша ақылардан, үстеме ақылардан,кепілдік және өтемақылық төлемдерден,сонымен қатар,еңбектің нәтижесінде алынатын табыстан ерекшеленеді. Бұл жерде ескеретін маңызы жайт, жалақы бұл қызметкер жұмыс істеп тапқан өнім құнының бір бөлігі ғана. Оның басқа бөліктеріне қызметкер емес, жұмыс беруші-табыс ретінде мен мемлекет жұмыс беру мен қызметкерге табыс салығын салу арқылы билік жүргізеді. Скачать |