Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің алашақ (кредиторлық) қарыздарының есебі


Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің алашақ (кредиторлық) қарыздарының есебі

 

Еншілес (тәуелді) серіктестіктерге кредиторлық қарыздардың есебі «Еншілес серіктестіктеріндің алашағы» және «Бірлесіп бақыланатын заңдытұлғалардың алашағы» деп аталатын синтетикалық шоттардажүргізіледі. Бұл шоттар пассивті, күрделі шоттар болып табылады. Талдамалық есеп әрбір еншілес серіктестіктерге сәйкес корреспонденциялаушы шоттар бойынша машинограммада немесе тізімдемеде жүргізіледі. Ірі кәсіпорындардың талдамалық шоттарында дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысушылардың талдамалық есебінің карточкалары пайдаланады.

Еншілес кәсіпорыннан бас кәсіпорынның алған материалдары мен сатып алынған тауарларына мына түрдегі бухгалтерлік жазу жазылады:

Д-т: «Материалдар» шоты;

К-т: «Еншілес серіктестіктердің алашағы»;

«Тәуелді серіктестіктердің алашағы» немесе «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» шоттарының тиістілері.

Ал еншілес кәсіпорыннан бас кәс3іпорынның алған дайын өнімдері, негізгі құралдары және материалдық емес активтеріне бас кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде:

Д-т: «Материалдық емес активтер»;

«Негізгі құралдар» және тағы да басқа шоттар;

К-т: «Еншілес серіктестіктердің алашағы»;

«Тәуелді серіктестіктердің алашағы» немесе «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың  алашағы» деп аталатын  шоттардың тиістілері түріндегі екі жақты жазуы жазылады.

Еншілес (тәуелді) кәсіпорынға  бас кәсіпорынның өтеген қарызына:

Д-т: «Еншілес  серіктестіктердің алашағы»;

«Тәуелді серіктестіктердің алашағы» немесе «Бірлесіп бақыланатын  заңды тұлғалардың алашағы» деп аталатын  шоттардың тиістісі;

К-т: «Ақшалар» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

Бас кәсіпорын мен еншілес серіктестіктер  арасындағы есеп айырысуларды салыстырып, тексеру актілері  негізінде дебиотрлық қарыз сомаларымен жабдықталуын мына түрдегі бухгалтерлік жазу жазылады:

Д-т: «Еншілес серіктестіктердің алашағы», «Тәуелді серіктестіктердің алашағы» және  «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» деп аталатын шоттардың тиістілері,

К-т: «Еншілес серіктестіктердің берешегі», «Тәуелді серіктестіктердің берешегі» және «Бірлесіп бақыланатын  заңды тұлғалардың берешегі» деп аталатын шоттардың тиістілері. «Еншілес серіктестіктердің алашағы», «Тәуелді серіктестіктердің алашағы» және «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың  берешегі» деп аталатын шоттардың тиістілері.

«Еншілес серіктестіктердің алашағы», «Тәуелді серіктестіктердің алашағы» және «Бірлесіп  бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» деп аталатын шоттарда талдамалық есеп жеке серіктестіктер бойынша жүргізіледі.

 


Скачать