Бостандық аудандағы 2 бөлмелі үйді бағалау. Cалыстырмалы тәсілмен бағалау
Бостандық аудандағы 2 бөлмелі үйді бағалау. Cалыстырмалы тәсілмен бағалауБерілген әдіс, әрбір мүліктің құны сол сәтте ұқсас болатын мүлікке қалыптасқан бағаларға тәуелді болады деген алғышартына негізделеді. Яғни, сатуларды тікелей салыстырмалы талдау әдісі келесі қағидаларға негізделген: Орнын басу қағидасы бойынша: «егер бірнеше ұқсас мөлшерлі тауарларға, тұтыну заттарына немесе қызметтерге қол жеткізілетін болса, онда бағасы ең төмен болатын зат ең жоғары сұранысты туғызады». Сұраныс пен ұсыныс. Нарықта сатушылар мен сатып алушылар арасындағы келісім негізінде бағалар қалыптасады. Егер белгілі бір тауарға сұраныс жоғары болатын болса, онда бағалар көтерілу үрдісіне ие болады; егер сұраныс төмен болса, онда бағалар төмендейді. Теңгерілім. Сұраныс пен ұсыныс нарықта балансты немесе теңгерілімді орнатуға тырысады. Дегенмен, тепе-теңдік нүктесіне қол жеткізу көбінесе қиынға соқтырады, сондықтан сұраныс пен ұсыныс әрқашан да өзгереді. Берілген әдісті қолдану мүмкіндігі объектіге ұқсас болып келетін сатылымдар туралы ақпараттарды жинауға және талдауға негізделген. Ақпараттар арқылы, бағалау құнына әсер етуші факторлар үшін, түзетілімдер шамаларын анықтауға мүмкіндік туады. Ұқсас объектілерге бағалар объектілер бір-бірінен ажыратылатын белгілер бойынша түзетіледі. Бағалардың түзетілімінен кейін оларды бағаланатын объектіге қатысты қолдануға болады. Бағаланатын объектіні, орналасқан жері мен техникалық сипаттамасы бойынша оған ұқсас болып келетін үш аналогты мысалға алып, салыстырайық. Нарықтық әдістің қолдану аумағы нақты және шынайы ақпараттар бар, жылжымайтын мүлік объектілері үшін ең тиімді деп саналады. Сондықтан, келтірілген әдісті қолдану, несиені ұсынғанда тимді болып саналады, себебі толығымен және аз шығын келтіріп, несие ресурстарының қайтаруын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұрақты сатылатын объектілер үшін бұл әдіс нарықтық құнның ең дұрыс шамасын береді. Бағаланатын объектіге ұқсас болатын аналогтардың сипаттамаларын 5-кестеден көруге болады. Бағалау объектінін мәліметі (7-кесте) Бағаланатын объектіге ұқсас болатын аналогтардың сипаттамалар (8 кесте.) Скачать |