Бағалы қағаздар нарығының объектілері


Бағалы қағаздар нарығының объектілері

 

Бағалы қағаздар нарығының инструменттері болып бағалы қағаздар және оның туындылары болып табылады. Қазақстан нарығында бағалы қағаздар ретінде шаруашылық субъектілерінің және ҚР Үкіметнің акциялары және облигациялары қолданылады.

Заңды тұрғыдан қарастырғанда, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес бағалы қағаздың түсінігі: бекітілген формада және реквезиттерден тұратын ортақ қазанға ақша төленген соң, пайдаға ортақтасуға және корпарация капиталын бөлісуге құқық беретін куәлік.

Ал экономикалық мазмұны, бұл бүкіл тауарлық әлем екі топқа бөлінеді деген  тұжырымдамаға негізделген: тауарлар (материалдық құндылықтар, қызметтер) және ақша. Ақша тек қана ақша және капитал бола алады.

Бағалы қағаздар материалдық құндылықтарға да ақшаға да жатпайды, олардың құндылығы иемденушіге берілетін құқық болып табылады.

Бағалы қағаздар бірқатар маңызды функциялар атқарады:

1)          ақша қаражаттарын салалар  және экономиканың секторлары, аумақ және мемлекеттер, тұрғындар топтары мен қабаттары  арасында қайта бөледі.;

2)          иемденушілерге қосымша құқықтар береді: капиталға құқық, басқаруға қатысу үшін құқық,сәйкес ақпарат алуға құқық, сәйкес жағдайдағы бірінші кезекті құқық;

3)                капиталға табыс алуға немесе капиталды қайтарып алуға құқық жән т.б.

Бағалы қағаздардың классификациясы[1]

Экономикалық табиғаты бойынша:

1)    қарыздық (облигациялар, ҰБ-ң ноталары, МЕККАМ және т.б.);

2)    тауарлық жарлық документтері (коносамент);

3)    туынды (фьючерсы, опцион, варрант, своп и др.).

4)    үлестік (акция);

Құқықты тапсыру бойынша:

1)    атаулы;

2)    ордерлік;

3)    ұсынушылық.

Шығару формасы бойынша:

1)    документ түрінде (қағаздар);

2)    документсіз.

Капиталды тарту мерзімі бойынша:

1)    қысқа мерзімді (1 ж.-ға дейін);

2)    орта мерзімді (1 ж.-дан 10 ж.-ға дейін);

3)    ұзақ мерзімді ( 10 ж.-дан астам)

4)    мерзімсіз.

Айаналым территориясы бойынша:

1)    аймақтық;

2)    ұлттық;

3)    халықаралық;

Эмитент бойынша:

1)    корпоративті;

2)    мемлекеттік ( ҚР-ң Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар, ҚР ҰБ);

3)    шетел.

Табыстылық бойынша:

1)    тұрақты табыс;

2)    бір реттегі табыс;

3)    бекітілген пайыз мөлшерлемесі бойынша;

4)    қалқымалы пайыздық мөлшерлеме бойынша.

Қазақстан Республикасының[2] бағалы қағаздар нарығының объектілері болып:

1) Қазақстан республикасының заңнамасы негізінде бекітілген, уәкілетті органдармен шығарылымы тіркелген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес резидент ұйымдарының  эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылады;

2) Қазақстан Республикасының өкілетті органдардың нормативтік-құқықтық базасы негізінде бекітілген,  уәкілетті органдармен шығарылымы тіркелген немесе ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға жіберілген мемлекеттік емес, резидент-емес ұйымдарының  эмиссиялық бағалы қағаздары;

3) Өкілетті органдырдың нормативтік-құқықтық актілерінде бекітілген тәртіп бойынша, шетел мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылымы тіркелген және Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығына айыналымға жіберілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес  резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары;

4) Шығарылымы өкілетті органдардың нормативтік-құқықтық базасы негізінде тіркелген немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға жіберілген халықаралық қаржы ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздар;

5) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;

6) туынды бағалы қағаздар және басқа да қаржы инструменттер;

Эмиссиялық бағалы қағаздардың түрлері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, қазіргі Заңы және басқа да заңнамалық актілері негізінде анықталады.

Акция  - акционер үшін акционерлердің жалпы отырысына қатысып, дауыс беру құқығын, салық төленгеннен кейінгі компанияның кірісі болған жағдайда дивидендтер алу құқығын, сонымен қатар қабылданған Қазақстан Республикасы заңнамасының тәртібі бойынша ликвидацияланған кезде қоғам мүлкінің бөлігін иелену құқығын ұсынады.

Дүниежүзілік тәжірибеде акциялар келесідей сұрыпталанады:

1)     бір акционерден басқаға беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінеді;

2)     табыс алу құқығы бойынша: жай және артықшылығы бар.

Қоғам тек өзінің жарғысында бекітілген акуияларды ғана шығара алады.

Атаулы акция — иесі міндетті түрде қоғамның реестрінде тіркелуі тиіс акция. Акционерлер кітабында оны қанша және кай уақытта алғандығы  туралы жазылған акция иесі ғана акционер деп есептеледі.

         Ұсынушы акциясы — иесінің аты-жөні қоғам кітабында тіркелмеген акция. Кітапта ұсынушы акциясының жалпы саны ғана көрсетіледі.

 

 

 Кесте 2 — Акциялардың түрлері

Қоғамға басқару жағынан қолында атаулы акциясы бар акционерлер қолайлы. Себебі ол акционерлік капиталдың және бағалы қағаздардың қозғалысын, сонымен қатар бағалы қағаздардың кейбір акционерлердің қолында шоғырлануын, олардың бұл мемлекеттен кеткенін реттеп және бақылап отыруға мүмкіндік береді. Акционерлердің көзқарасы тұрғысынан қарағанда, әсіресе, қысқа мерзімді мүдддені көздеген акционерлер ұсынушы акциясын қолдайды. Себебі еш жерде тіркелмеген бұндай акцияларды екінші нарықта еркін сатуға болады. Ал атаулы акцияны еркін қолма-қол ақшаға айырбастауға болмайтындықтан олардың өтімділігі акционерге кейбір жағдайда қолбайлау туғызады.

Акцияның осы екі түрін айналымға түсіру жолдары да әртүрлі:

Біріншіден, сату механизмі бойынша. Агаулы акцияның иесі оларды қоғамнан сатып алғанын куәландыратын барлық акция саны толтырылған бір сертификат алады. Бұл акцияларды сатқанда сертификаттың сырт жағында екі жақтың қолы қоылған «индоссамент» белгісі қойылады. Содан соң акционерлердің тізіміне өзгеріс енгізу үшін сертификат қоғамға жіберіледі. Содан кейін ғана акциялардың жаңа иесі акцияларға жаңа сертификат алады.

Ұсынушы акциясын сатқанда оны иемденушілер тікелей, яғни қолма-қол сатып алушыға береді.

Екіншіден, акцияның осы екі түрінің жаңа данасын (тиражын) иемденушілер құқығын белгілеу тәртібі де әртүрлі. Бұл туралы атаулы акция иесі қоғамнан хабарландыру хат алса, ал ұсынушы акциясына бұндай механизм жүруі мүмкін емес. Ұсынушы акциясында кесіп алатын купоны (талоны) болады. Соны толтырғаннан кейін қоғамға жіберіп, өзінің меншік қүқығын іске асырады.

Үшіншіден, ұсынушы акциясының номиналы тым жоғары болмайды, бірақ ол өте көп тиражбен шығарылады, ал атаулы акцияның номиналы әртүрлі мөлшерде бола береді.

Қоғамды басқаруға қатынасу құқығы бойынша акция жай және артықшылықты болып бөлінеді.

Жай акцияларды иеленушілердің қоғамның түсірген пайдасының мөлшеріне байланысты дивидендтер алу қүқығы, жиналыстарда дауыс беру арқылы қоғамды басқаруға қатысу қүқығы және қоғам жабылып қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу қүқығы бар. Қүқықтар акция мөлшеріне сәйкес көлемде жүзеге асырылады.

Әрбір жай акция өз иесіне бір дауыс үлесін береді. Әйтседе жай акция дивиденд алуға кепілдік бермейді. Себебі дивиденд қоғамның шаруашылық нәтижесіне байланысты беріледі. Дивиденд қоғамның таза пайдасының бір бөлігі, басқаша айтканда, дивиденд төлеу пайданың салық төлегеннен қалған қалдығын бөлуге негізделген. Дивидендтің мөлшеріне күшті өзгерістердің әсер етуі кездейсоқ жәйт емес.

Жай акцияны иеленушілердің өкілеттіктері:

1. Директорлар кеңесін сайлауға дауыс беруге және сол кеңеске өзі сайлануға құқылы. Директоратқа сайланғанда кейбір қоғамның жарғысында кей жағдайда мүлік иесі көрсетіледі, яғни үміткердің қолындағы жай акцияның ең төменгі қажетті мөлшері көрсетілуі тиіс.

Директорлар кеңесі жылдық балансты және таза пайданы бөлу

жобасын дайындайды. Табысты бөлу – қоғам меншігін оның акционерлері арасында дивиденд ретінде үлестіру деген үғым.

2. Дивиденд алу құқығы. Дивиденд мөлшері қоғамның жылдық қаржы айналымына байланысты анықталады. Оны тоқсан сайын (әрбір үш айда бір) төлеуі мүмкін. Дивидендттің бірнеше түрі бар:

- қолма-қол төленетін дивидендттер. Бұл табысты бөлудің ең кең тараған түрі. Ол бір жай акцияға есептеліп төленеді;

- мүліктік дивидендтер. Бұл табысты бөлудің, мүліктік формасы акционердің қолындағы акция санына пропорционалды анықталады. Қоғам дивиденттің бұл типін әдетте өзі жабылу кезінде  қолданады;

- акция формасындағы дивиденттер. Бұл қосымша акциялар акционерлер арасында акционерлердің колындағы бұрыңғы акция санына пропорционалды бөлінеді. Дивиденд төлеудің бұл түрі қоғамның өзін-өзі қорғап калуын қамтамасыз етеді.

Қолма-қол төленетін, дивидендттер баланстың активі мен пассивін және колма 



Скачать