Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі


Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі

 

Жалдық міндеттемелердің есебі. Бұл міндеттемелер есебі «Жалдық міндеттеме» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шот негізінен пассивті есеп айырысу шоты болып табылады. Шоттың кредиті бойынша жалға алушы ұйымның негізг құрал-жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға алған үшін жалға беруші кәсіпорынға қарызы көрініс табады. Ал «Жалдық міндеттеме» деп аталатын шоттың дебиті бойынша негізгі құралдарды жалға беруші кәсіпорынға жалдық міндеттеме бойынша қарыздың төленуі көрсетіледі. Бұл шотта талдамалық есеп әрбір жалдық міндеттеме бойынша бөлек жүргізіледі.

Төленуге тиісті сыйақы есебі

Алынған несие, жалдық келісімшарт және шығарылған бағалы қағздар бойынша төленуге тиісті пайыздардың есебі «Төленуге тиісті сыйақы» деп аталатын шотта жүргізіледі. Төлеуге тиісті пайыздардың барлық түрлерін есептеген кезде:

Д-т: «Есептелінген сыйақы бойынша шығындар» шоты.

К-т: «Төленуге тиісті сыйақы» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

Есеп айырысу шотынан есептелген пайыздар  сомасы төленген кезде:

Д-т: «Төленуге тиісті сыйақы шоты»;

К-т: «Ақашалар» деп аталатын шот түрінде екі жақты жазу жазылады.

 


Скачать