Ақтау теңіз портымен тасымалданатын құрғақ жүктер мен мұнай өнімдеріне талдау


Ақтау теңіз портымен тасымалданатын құрғақ жүктер мен мұнай өнімдеріне талдау

 

Теңіз порттары қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Қытай тәжірибесінің қолайлы тұстарын қарастыруымыз қажет. Ол елде арнайы экономикалық аймақ ұғымының орнына баж салығынсыз аймақ ұғымы орын алады. Аталған аймақтың порт арасында біріккен қызметінің моделі ұсынылған. Бұл модельдегі қызметте, яғни баж салығынсыз аймаққа іргелес жатқан порт территориясынан арнайы территория бөлінеді. Бұл бөлінген территорияда логистикалық қызметтің, оның ішінде қоймалардың, буып-жинақтайтын, қайта жинақтайтын, таңбалайтын, жинақтап-тарататын қызметтердің дамуына жағдай жасалады. Бөлінген территорияға айлақтар кірмейді, бірақ баж салығынсыз жеңілдіктер қолданылады. Аймақтардағы қызметтердің басты мақсаты қосымша құны жоғары операцияларды орындау болып табылады. Демек, қоймадағы жүктің сақталуы, жүктерді өңдеу, шоғырландыру және жинақтау қызметтерін басымды етіп, сервистік қызметті жетілдіру болып табылады.

 


Скачать