Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі


Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі

 

Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға сатылатын тауарлар немесе көрсетілетін қызметкер үшін алдын-ала алынған аванс сомалары бойынша есеп айырысу есебі «Тауарлы-материалдық қорларды қою үшін алынған аванстар» және «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттардаесептеледі.

Осы аталған операцияларға сәйкес кәсіпорынның алынған аванс сомасына:

Д-т: «Ақшалар» шоты.

К-т: «Тауарлы-материалдық қорларды қою үшін алынған аванстар» немесе «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарының тиістілері түрінде екі жақты жазу жазылады.

Ал сатып алушыларға  босатылған тауарлар , көрсетілген қызметтер құнынан алдын  ала алынған аванстар сомасы шегерілгенде:

Д-т: «Тауарлық-материалдық қорларды қою үшін алынған аванстар» немесе  «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарының тиістілері;

К-т: «Сатп алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі» немесе «Еншілем серіктестіктердің дебиторлық борышы» деп аталатын шоттардың тиістілері түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Егер алынған аванс сомасының толық толық пайдаланылмағаннан қалған бөлігі тапсырыс берушілерге, сатып алушы заңды немесе жеке тұлғаларға қайтарылғанда:

Д-т: «Тауарлық-материалдық қорларды қою үшін алынған аванстар»  немесе  «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарының тиістілері;

К-т: «Ақшалар» деп аталатын  шоты түрінде  бухгалтерлік жазуы жазылады.

Кәсіпорынның алған аванстарының талдамалық есебі әрбір аванс берген ұйым бойынша бөлек жүргізіледі.

 

 


Скачать