Акционерлік қоғамдардың эмиссиялық қызметі
Акционерлік қоғамдардың эмиссиялық қызметіӘлемдік тәжірибеде бағалы қағаздарды айқындаудың әр түрлі тәсілдері бар: бағалы қағаздардың осы ұғымға кіретін тізбелері әр түрлі; бағалы қағаздар көрсететін экономи¬калық қатынастардың мазмұнына қойылатын тәсілдер әр түрлі. Бағалы қағаздар заемының осы құжатты шығарған тұлғаға қатысты құ-қықтары мен қатынастарын куәландыратын ақша құжаттары; оқшауланған құжаттар немесе шоттардағы жазбалар нысанында болуы мүмкін. Бағалы қағаздар олардың иелеріне пайыз (облигациялар) немесе дивиденд (акциялар) түрінде кіріс әкеледі. Олардың бүкіл тобы әдетте үш түрге бөлінеді. Бұлар акциялар, облигациялар және олардан туындаған бағалы қағаздар. Акцияла𠬬– акционерлік қоғамдар шы¬ғаратын және иесінің (ұстаушысының) осы қоғамның капиталындағы үлесін көрсететін бағалы қағаздар және типіне байланысты акционерлердің жалпы жиналысында дауыс құқығын (жай атаулы) бере алады. Мемле¬кеттік органдар бағалы қағаздардың бұл түрін шығармайды, оларды тек өнеркәсіп, сауда және қаржы корпорациялары ғана шығара¬ды. Инвестициялық мақсаттарына байла¬ныс¬ты акционерлік іс тәжірибесі акциялардың көптеген түрлерін әзірлеп шығарды. Облигациялар – заемшының белгілі бір мерзім өткеннен кейін кредиторға белгілі бір соманы төлеуге және белгіленген немесе өзгермелі пайыз түрінде кіріс төлеуге кепілдік беретін борыштық міндеттемесі. Облигация¬лар өздерінің иелеріне өзінің жалпы құнынан түсетін белгіленген кіріс түрінде кіріс әкеледі. Тіпті бұл пайыз өзгергеннің өзінде өзгеріс¬тердің өзі қатаң нақты сипатта болады. Вексель – заңда көрсетілген нысанда жасалған және өз иесіне міндеттеме берген тұлға¬дан мерзім аяқталар алдында онда жазылған ақша сомасын төлеуін талап етуге сөзсіз құқық беретін жазбаша міндеттеме. Ол беру жазбасы арқылы қолма-қол ақшаның мін¬детін атқара отырып, тұлғалардың шек-телмеген тобы арасында айналып жүре алады. Депозиттік және жинақ сертификаттары – бұл кредиттік мекемелердің салымшыдан ақша қаражатын алғаны туралы, салымшы¬ның енгізген ақша қаражатын пайыздармен қайтарып алу құқығын куәландыратын жазбаша куәліктері. Депозиттер талап ету бойынша (сертификатты көрсетіп, белгілі бір сомаларды алу құқығын береді) және мерзімді (оларда салымды алу мерзімі және тиесілі пайыздың мөлшері көрсетілген) болады Облигациялардың және акциялардың номиналы және нарықтық бағасы болады. Облигацияның оның номиналына қатысты пайызбен көрсетілген нарықтық бағасы облигацияның бағамы деп аталады. Егер облигацияның нарықтық бағасы номиналы¬нан жоғары болса, онда ол сыйлықақымен са-тылады делінеді. Егер баға номиналынан төмен болса, онда жаңа иесі оны дисконтпен сатып алады. Егер сатып алушы номиналды төлесе, онда басымдық орын алады. Облигацияның нарықтық бағасы қандай болса да, ол бойынша пайыз номиналына қатысты есептеледі. Облигацияның нарықтық бағасы, бір жағынан, заемның өз талаптарымен, ал, екінші жағынан, нарықтағы әрбір сәттегі ахуалмен айқындалады. Егер онда купондық ставкасы неғұрлым жоғары жаңа облига-циялық заемдар пайда болса, онда бұл міндеттеме айналыста жүрген облигацияларға екі түрлі жолмен әсер етуі мүмкін. Біріншіден, егер жаңа заем талаптары бар облигациялар шектен тыс көбейіп кетсе, онда алдыңғы шығарылымдардың ставка¬ла¬ры неғұрлым төмен облигацияларының бағам¬дары құлдырайды. Мұндай облига¬цияларды өтеу бәрібір номинал бойынша болатын¬дықтан, пайда болатын айырма олардың жаңа иесіне анағұрлым төмен кіріс береді. Екіншіден, егер бұл облигациялар тым аз болса, олар номиналдан жоғары бағаммен (сыйлықақымен) сатылып, бұрынғы және жаңа иелерінің кірістерін теңестіреді. Корпорациялардың көпшілігі но¬ми¬налды жай акциялар бойынша белгілейді. Ол акцияның титулында басылған және бір акцияға тиесілі жарғылық капиталдың мөлшерін көрсете отырып, ақпараттық си¬патта болады. Акцияның нарықтық бағасының бұдан былайғы қозғалысына номиналдың ешқандай қатысы болмайды. Ол тек акцияларды бастапқы орналас¬тыру¬да ғана маңызды рөл атқарады. Бұл акцияның эмиссиялық бағасы. Егер акция көпшілік алдында ашық сатылса, онда оның бағасын (бағамын) сауда-саттыққа қатысқан барлық инвес¬торлар қалыптастырады. Акцияның нарықтық бағасы сатушылар келісімін беретін төменірек бағамен және сатып алушылар төлейтін жоғарырақ бағамен айқындалады. Акциялардың эмиссиялық және на¬рықтық бағаларынан басқа, баланстық бағасы да болады. Бұл қаржылық есеп¬тілік құжаттарының негізінде белгіле-нетін бухгалтерлік немесе “кітап” бағасы деп аталатын баға. Ол активтердің таза құнын (корпорацияның активтері минус оның пассивтері) орналастырылған акциялар санына бөлу арқылы, яғни капиталдың акционерлерге тиесілі, бір акцияға шаққандағы шамасымен есептеледі. Корпорацияның акцияның номи¬нал¬дық құнын көрсетпей жай акциялар шы¬ғаруға құқығы бар. Олар бірден бағам бой¬ынша сатылады. Бұл жағдайда акция¬ның сертификатында компания капи¬талы¬ның белгілі бір үлестер (акциялар) санына бөлінгендігі көрсетіледі. Корпорация таратылған кезде бұл акциялар егер корпорацияның міндетте¬мелері төленгеннен кейін де активтер қалса, акционерлерге активтердің барлық номиналдық құнын емес, белгілі бір бөлігін қайтаруға кепілдік береді. Скачать |