ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТТІҢ ДАМУЫНДА ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ


ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТТІҢ ДАМУЫНДА ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Әлеуметтік мемлекет, бұл қазіргі мемлекет құрлымының бір нысаны және құқықтық-саяси, әлеуметтік категория, осы арқылы қоғамда мемлекеттің саяси арбитор бола отырып «әлеуметтік әділдік», «әлеуметтік қызметтестік», «адамдардың жақсы өмір сүруі» сияқты қағидаларға сүйене отырып өз адамдарын қорғаушылыққа алу мен әлеуметтік тұтастықты қамтамасыз ету көзделеді.

Әлеуметтік мемлекеттің мақсаты- халықтық мемлекетті құру, бұнда белгілі-бір адамдардың ғана мүддесі қорғалмай, қоғамда барлық әлеуметтік топтардың мүдделері қорғалып, олардың арасындағы алшақтықты болдырмау не оны азайту көзделеді. Сол үшін мемлекет әлеуметтік саясатты жүргізеді.

Қоғам неғұрлым әлеуметтік топтар тұрғысында бір болса «бірлік» болса, соғұрлым демократиялық және барлық қатынастар жағынан тұрақты болады. Жоғарыда айтып өткендей, әлеуметтік мемлекет- қоғамның барлық адамдарын бір әлеуметтік топта біріктіре қарастырады. Мемлекетте оның барлық адамдарының мүдделері ескеріліп, өз қағидаларының негізінде қалыптасып дамиды.

КСРО кезеңінде қоғамдағы адамдарды еңбекшілер мен шаруалар және байлар таптарына бөліп, таптық күресті дәріптеумен әлеуметтік теңдікті күштеу арқылы, адам құқықтары мен бостандықтарын аяқ асты ете отырып жүзеге асырды, қоғамда адамдарды «әлеуметтік теңестіруді» белгілі бір жолмен жүргізді. Бұл дұрыс емес еді, ол адамдардың жеке бас құқықтарын, меншік құқығын шектеді, белгілі-бір салада шығармашылықты тежеді, еңбекке деген стимулды төмендетті т.б. қоғамда теріс салдар туғызды.

Әлеуметтік мемлекет құру мен оның қағидаларына қол жеткізу, мемлекет пен адамдары арасындағы тығыз байланыс болған жағдайда ғана жүзеге асады. Әлеуметтік біртұтастықтың болуы, әлеуметтік жағдайлар жасаумен мемлекеттің араласуы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеумен болады. Әлеуметтік мемлекеттің ең соңғы саясаты әлеуметтік көмектер беру, өз азаматтарын қамсыздандыру, оның тұрмыс жағдайының нашарлауына мүмкіндік бермеу. Бұл адамды шарасыздықтан алып шығады, ол салада әр түрлі әлеуметтік бағдарламалар ұсыну (жұмысқа орналастыру, қайтадан басқа мамандық беру т.б.). Бұл жерде мына жағдайларды ескерген жөн:

  1. Мемлекетпен (оның бюджетінен) әлеуметтік көмектер беру шексіз бола алмайды, әлеуметтік мемлекетті – тек әлеуметтік қамсыздандыруларды бюджеттен халыққа берумен ғана шектеуге болмайды; Онда қоғамда «енжарлық», «жалқаулық» пайда болып, мемлекеттің дамуын тежейді.
  2. Қазіргі кезде әлеуметтік мемлекет- адамдардың жеке бас  бостандығы мен құқықтарын сақтай отырып, олардың еркін еңбек етуімен қоғамның бірлігіне негізделетін халықтық мемлекетті құру идеясы;
  3. Бұл жерде, мынаған көңіл аудару керек, егер оның адамдары жұмыс істемесе, мемлекет пен қоғам ешқашан ауқатты болмайды, адамдардың барлығы мемлекет тарапынан жақсы өмір сүру үшін бірдей көмектер алу мүмкін емес. Мемлекеттің оған шамасы келмейді, ешкім жұмыс істемесе мемлекетте де қаржы болмайды, ол тек ақылға сыйымды жағдайларда ғана орындалуы керек. Мемлекет қаржыларын игеру мен оңтайлы пайдалануда қатаң бақылау мен заңнамалық механизмдерін жетілдіру керек.
  4. Сондықтан әлеуметтік мемлекеттің басты мақсаттарының (бағыттарының) бірі болып, «жұмыс істейтін қоғамның» болуы немесе тұлғаның өзін-өзі  жүзеге асыруына мүмкіндік жасау. Бұл әлеуметтік мемлекеттің ең жақсы ұстанымы деп ойлаймын:

Алдымен жұмыс істейтін қоғам, адамдардың еңбек етуі мен өзін-өзі жүзеге асыруы; сонда адам өз еңбегімен «жақсы өмір сүруге» қол жеткізеді, өз қажеттігін қанағаттандырады, ал мемлекет әлеуметтік ауыртпалығын төмендетеді, азайтады. Бұл жерде мемлекет өзінің әлеуметтік бағытынан босайды деген сөз емес, ал оның эффективті жолын табады, қоғамда және әлеуметтік мемлекетте тұлға негізгі күшке, элеметке ауысады;

Тек содан кейін ғана әлеуметтік мемлекет соңғы шарасы әлеуметтік қорғауды қажет ететін тұлғаларға бюджеттен әлеуметтік қамсыздардыруларды жүргізуі керек.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, мемлекет саяси институты ретінде адамның әлеуметтік мемлекетте өзін-өзі жүзеге асыруына, жақсы өмір сүруі үшін қажетті әр түрлі әлеуметтік саясаттарды жүргізу керек, олар:

1. Денсаулық сақтау, ана мен баланы, отбасы, денсаулығын қорғау (дені сау адам – мемлекет болашағы).

2. Білім алу, интелектуалды ұлт.

3. Еңбек ресурсы, оны ұйымдастыру, жұмыспен қамту.

Осы мәселелерді оңды ұйымдастырғанда ғана қоғамдағы басқа да әлеуметтік қатынастарды оңды шешіп, адамдардың әлеуметтік мәселелері дұрыс шешімін тауып әлеуметтік мемлекет негіздері беки түседі.

Тұлға қоғамды жоғары сүйреуші, жетелеуші күшке айналуы керек, осы XXIғ. мемлекеттің дамуының ұстанатын бағыты болады және ол үшін азаматтық және либералдық қоғам құндылықтарын бекіту қажет. Қоғамды «иждевенділіктен» сақтау керек, оның барлық насандағы көріністеріне жол бермеу керек.

Негізгі тенденция, әлеуметтік мемлекет көмектер арқылы қоғамды масылға айналдырмау керек, керсінше тұлғаның өзін өзі жүзеге асыруы мен толық қанды қалыптасқан адам ресурстарының нәтижесінде дамыған қоғамды құру басымдылығын ұстануы қажет. Сонымен бірге әлеуметтік топтар арасында келісім мен бірлікті қамтамасыз ету арқылы қоғам дамуына жағдай жасау. Осының нәтижесіндегі, Адам ресурсы-өзге адамдардың құқықтары мен бостандықтарымен санасатын, сақтайтын; рухани дүниесі бай, мәдениетті де саналы; еңбек өнімділігі жоғары, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастарында біліми негізде ойлау мен әрекет ететін тұлға.

Осындай тұлғаны қалыптастырғанда мемлекеттің өркендеуі мен ғаламдық жаһанданудағы ерекшелігімізбен көшбасшы елдердің қатарында қалуымызға мүмкіндіктер сақталады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Т.Бюргенталь. Халықаралық адам құқықтары. А- 1999ж «Ғылым»
  2. Чиркин В.Е.  Россия, конституция, достойная жизнь: анализ взаймосвязей. // Государ. и право. 2006г.
  3. Архипова А.И. Проблемы социальной сферы. М-1998г. «Проспект»
  4. www.stat.kz
  5. Гафуров З.Ш. Социально-правовое государство и право человека  на достойное существование. // Государ.и право. 2008, №5
 


Скачать