Әкімшілік құқық және әкімшілік-саяси сфераны басқару
Әкімшілік құқық және әкімшілік-саяси сфераны басқаруҚорғанысты және қауіпсіздікті басқару Қорғаныс – Қазақстанның егемендігін, аумақтық тұтастығын және оның шекараларына қол сұғылмауын қорғауға әзірлігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын саяси, әскери, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік – құқықтық сипаттағы мемлекеттік шаралар жүйесі. Қорғанысты басқару органдарының жүйесі: ҚР Президенті –ҚР Үкіметі-ҚР Қорғаныс Министрлігі (әскери округтер, әуе қорғанысы әскерлері, әскери — әуе күштері мен әскери теңіз күштерінің бөлімдері), ҚР Қорғаныс министрлігіне бағынатын әскери оқу орындары, мемкемелер мен әскери комиссариаттар. ҚР Қарулы Күштері – Қазақстан қорғанысының негізін құратын мемлекеттік әскери ұйым. ҚР Қарулы Күштерінің түрлері: 1) Құрлықтағы әскерлер; 2) Әуе қорғанысы әскерлері; 3) Әскери — әуе күштері мен әскери – теңіз күштерінің бөлімдері. Қорғанысты қамтамасыз ету мақсатында тартылатын ведомоствалық әскери құрылымдар: ҚР шекара әскерлері, ҚР ішкі әскерлері, ҚР Республикалық ұланы. Ұлттық қауіпсіздік – елдің ұлттық мүдделерінің нақты және ықтимал қауіп – қатерден қорғалуының жағдайы. ҚР Ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары: 1) Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде заңдылықты сақтау; 2)Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету күштерінің келісілген іс – қимыл жасауы; 3)Адамның, қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі; 4)Ұлттық қауіпсіздікті қорғау жөніндегі іс — әрекеттің күллі жиынтығын іске асыруды бақылау. Ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесі: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстардағы, республикалық қалалар мен Республика астанасы бойынша басқармалары және оларға байланысты қалалық және аудандық бөлімдері; Әскери қарсы барлау органдары, арнаулы міндет жүктелген бөлімшелер, оқу орындары, ғылыми – зерттеу мекемелері және өзге де ұйымдар. ҚР Ұлттық Қауіпсіздігі органдарының қызметінің негізгі бағыттары: 1) Қарсы барлау – ҚР қауіпсіздігіне зиян келтіруге бағытталған шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен ұйымдарының, сондай – ақ жеке адамдардың барлау және өзге де қызметін табу, алдын алу, жолын кесу; 2) Қылмыспен күресу – тыңшылықты, террорлық қызметті, ұйымдасқан қылмысты, сыбайлас жемқорлықты, қару – жарақ пен есірткі құралдарын заңсыз айналымға шығаруды, контрабандаларды және өзге де қылмыстарды табу, алдын алу, жолын кесу мен ашу жөніндегі жедел іздестіру шаралары; 3) Барлау – Қазақстанның қауіпсіздігіне қауіп – қатер туралы ақпараттар алу мақсатындағы ҚР – ның әскери барлау органдарымен өзара көмектесе әрекет жасау қызметі. 4) ҚР Мемлекеттік шекарасы – Республика аумағының шегін – құрғақ, су, жер қойнауы және әуе кеңістігі шегін айқындайтын сызық және осы сызық бойынша өтетін беткі қабат. ҚР Қорғаныс министрлігі — бұл қарулы күштерге әскери-саяси басшылықты, ҚР Қорғаныс құрылысын және ҚР Қарулы күштерінің түрлерін басқаруды жүзеге асыратын ҚР қарулы күштерінің орталық мемлекеттік атқарушы әскери басқару органы. Өз қызметін ҚР Конституциясына, заңдарына, ҚР Президентінің мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативті-құқықтық актілерге, Министрлік туралы Ережеге сай жүзеге асырады. Өз құзыретіндегі мәселелері бойынша заңдарда белгіленген тәртіпте ҚР Қарулы күштерінің бүкіл жеке құрамы үшін міндетті күші бар бұйрықтар мен нұсқаулар түрінде актілер шығарады. ҚР Қорғаныс Министрлігіне мынадай міндеттер жүктелген: 1) мемлекеттің егемендігін және аумақтық біртұтастығын қорғауға ҚР Қарулы Күштерінің жауапкерлік және жұмылдыру даярлығын үнемі қолдау мен қамтамасыз ету, қарулы шабуылды болдырмау және ҚР қарсы агрессияға қарулы тойтарыс беру үшін қажетті жағдайлар жасау; 2) әскери-саяси жағдайға баға беру, ҚР қауіптілігіне төнетін ықтимал қатердің сипаты мен дәрежесін айқындау; 3) ҚР Қарулы күштерінде мемлекеттік құпияларды қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету; 4) ҚР әскери техникалық және әскери экономикалық саясатын жүргізуде ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, әскери доктринасын әзірлеуге және іске асыруға міндеттеу; 5) ҚР қарулы Күштері туралы ҚР Конституциясын және өзге де актілерді іске асыруды қамтамасыз ету; 6) Қарулы Күштердің түрлерінің, әскер тетіктерінің және арнайы әскерлердің жедел мақсаты мен міндеттерін айқындау, оларды ҚР басқа әскерлерімен және әскери құрылымдарымен, сондай-ақ халықаралық шарттар негізінде басқа мемлекеттердің қарулы күштерін өзара іс-қимылда қолдану; 7) ҚР Президентінің шешімімен ҚР қарулы күштеріне адам, көлік және материалдық-техникалық ресурстарды жұмылдыруды жүргізу; 8) ҚР Қарулы күштерінде идеологялық және әлеуметтік — құқықтық жұмыстар жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету және министрлік туралы ережеде көрсетілген басқа да міндеттерді атқарады.
Сыртқы істерді басқару
Сыртқы істерді басқару органдарының жүйесі: ҚР Президенті – ҚР Үкіметі – ҚР СІМ- ҚР БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктері – ҚР аумағындағы СІМ өкілдіктері- Шет елдердегі ҚР дипломатиялық өкілдіктері – Шет елдердегі ҚР консулдық өкілдіктері. Сыртқы істер министрлігі -бұл сыртқы саясат қызметін жүзеге асыратын және дипломатиялық қызмет органдарының біртұтас жүйесін басқаратын ҚР орталық атқару органы. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысаны -заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде есеп шоттары бар. Оның қызметі ҚР Конституциясына, заңдарына, ҚР президентінің, Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативті-құқықтық актілерге, сонай-ақ министрліктің жұмысын реттейтін Ережеге сәйкес жүзеге асырылады. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіпте міндетті күші болатын бұйрықтар шығарады. Министрлікке мынадай міндеттер жүктелген: 1) ҚР сыртқы саясатының тұжырымдамалары мен негізгі бағыттарын әзірлеу және ҚР Президенті мен Үкіметке тиісті ұсыныстар беру; 2) ҚР сыртқы саяси бағытын іске асыру және сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыруға жәрдемдесу; 3) ҚР егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын және шекарасының мызғымас беріктігін,басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынасында оның саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерін дипломатиялық жолдармен және әдістермен қорғауды қамтамасыз ету; 4) шет елдерде ҚР азаматтарының, заңды тұлғаларының құқықтры мен мүдделерін қорғау; 5) ҚР сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуға жәрдемдесу; 6) мемлекеттік бағдарламаларды, басты жобаларды, соның ішінде халықаралық экономикалық және қары ұйымдары ұсынатын заемдар мен гранттардың есебінен іске асыру үшін тікелей шетелдік инвестицияларда басқа да қаржылық ресурстарды тартуға және министрліктің жұмысын реттейтін ережедегі т.б. міндеттерді орындайды. Министрліктің құрылымы мынадай департаменттерден тұрады: 1) Әкімшілік департаменттер; 2) екі жақтық ынтымақтастық департаментті; 3) көп жақты ынтымақтастық департаменті; 4) ТМД департаменті; 5) халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаменті; 6) консулдық қызмет департаменті; 7) орталық аппарат пен шетелдердегі мекемелердің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі департамент; Министрлікті ҚР Президенті тағайындайтын және қызмет босататын министр басқарады, оның мынадай орынбасарлары болады: бірінші вице-министр; 3 вице-министрлер.
Ішкі Істерді басқару
ҚР Ішкі Істер органдары ҚР заңдарына сйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкімді функцияларды жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады. ІІО атқарушы билік органдарының жүйесіндегі орны мыналармен анықталады: 1) ІІО қоғамдық қауіпсіздікті, соның ішінде төтенше немесе әскери жағдай ахуалында қамтамасыз етуді ұйымдастырады және практикада іске асырады; 2) ішкі істер органдары басқару функциясымен қатар алдын ала тергеу, анықтама және әкімшілік өндірісті жүзеге асырады; 3) ІІО кең көлемде әкімшілік-қадағалаушылық функцияларға ие; 4) ІІО мемлекеттік қызмет өзіне тән ерекшеліктерге ие; 5) ІІО өздерінің функцияларын басқа да атқарушы билік органдарымен үздіксіз әрекеттестікпен жүзеге асырады; 6) ІІО қарауына жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады. Ішкі Істер органдарына мынадай негізгі міндеттер жүктелген: 1) қоғамдық тәртіпі қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті, соың ішінде төтенше немесе әскери жа Скачать |