Әкімшілік жауапкершілік
Әкімшілік жауапкершілікӘкімшілік жауапкершілік – бұл әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаға өкілетті органның (лауазымды тұлғаның) қолданатын әкімшілік жаза түріндегі әкімшілік мәжбүрлеу. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәлі адамға өкілетті мемлекеттік органдар әкімшілік жауапкершілік түрінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданады. Әкімшілік жауапкершілікті сот және Парламент, Президент, Үкімет, заңды негізде мемлекеттік жергілікті өкілді және атқарушы органдарда белгілеуге құқылы. Әкімшілік жауапкершілікті реттейтін негізгі нормативті-құқықтық акт — ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі (2001 жылы 30 қаңтарда қабылданған). Әкімшілік жауапкершілікке мынадай белгілер тән: 1) құқықтық тәртіпті бұзудан қорғау құралы болып табылады; 2) әкімшілік жауапкершілікті заңдар, заң күшіндегі актілер немесе олардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормалары белгілейді; 3) әкімшілік жауапкершіліктің негізі — әкімшілік құқық бұзушылық; 4) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған; 5) әкімшілік жазаны мемлекеттік басқару органдары және олардың лауазымды тұлғалары өздеріне бағынышты емес құқық бұзушыларға қолданады; 6) әкімшілік жазаны қолданғанда бас бостандығынан айырлмайды және жұмыстан шығару негізі болып табылмайды; 7) әкімшілік жауапкершілік шараларын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша реттейтін заңға сәйкес қолданады. Әкімшілік жауапкершілікке әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде 16 жасқа толған тұлғалар тартылады. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік — құқықтық жауапкершілікке тартылуы. 16 жастан 18 жасқа дейінгі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға кәмелетке толмағандардың істері бойынша Комиссия туралы жағдаймен қарастырылған шаралар қолданылады. Қазіргі уақытта Қазақстан кәмелетке жасы толмағандардың құқық бұзушылықтарын қарау үшін Ювеналдық юстиция енгізілі отыр. Әскери қызметкерлердің жауапкершілігі. Әскери қызметкерлер және әскери міндетін өтеуге шақырылғандар, Ішкі Істер органдарының қатардағы және басшылық ету құрамындағы тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық жасағанда тәртіптік жарғылары бойынша жауапкершілікке тартылады. Осы аталған тұлғалар жер қойнауын, жер және су ресурстарын, атмосфераны, жан-жануарлар мен өсімдік әлемін тиімді пайдалану және қорғау ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін, жол жүру режелерін, кедендік ережелерді, карантин бойынша ережелерді бұзғаны үшін және контрабанда үшін жалпы негізде әкімшілік жауапкершілікке тарталады. Осы аталған тұлғаларға әкімшілік қамау қолданылмайды. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жауапкершілігі. ҚР территориясындағы шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар жалпы негізде әкімшілік жауапкершілікке ҚР азаматтары сияқты тартылады. Ал диплматиялық қорғаншылықты пайдаланатын тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әкімшілік жауапкершілікке тарту ҚР заңдарына және сәйкес елмен жасасқан халықаралық шарттарға сай жүзеге асырылады. Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мынадай мән-жайлар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 38 — 43 бабарында қарастырылған: 1) қажетті қорғану; 2) қол сұғушылық жасаған адамды ұстау; 3) аса қажеттілік; 4) негізді тәуекел; 5) күштеп немесе санаға әсер етіп мәжбүреу; 6) бұйрықты немесе өкімді орындау; 7) ақыл есінің кемдігі (33 бап). Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып мыналар танылады (61 бап): 1) кінәлі адамның өкінуі; 2) кінәлі адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарды бодырмауы, залалды өз еркімен өтеуі немесе келтірген зиянды жоюы; 3) әкімшілік құқық бұзушылықты күшті жан толқынысының әсерімен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау; 4) әкімшілік құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамдардың жасауы; 5) әкімшілік құқық бұзушылықты жүкті әйелдің немесе 3 жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы; 6) әкімшілік құқық бұзушылықты күш қолдану немесе психикалық мәжбүрлеу нәтжесінде жасау; 7) әкімшілік құқық бұзушылықты қажетті қорғанудың заңдылығы шарттарын бұзу, құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау, бұйрықты немесе өкімді орындау кезінде жасау. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар болып мыналар танылады (62 бап): 1) уәкілетті адамдардың талап етуіне қарамастан құқыққа қарсы мінез-құлықты жалғастыра беру; 2) бұрын жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жазалауға ұшыратылған, ол бойынша осы Кодекстің 66 бабында көзделген мерзімі бітпеген адамның біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты 1 жыл ішінде қайталап жасауы; 3) кәмелетке толмаған адамдарды әкімшілік құқық бұзушылыққа тарту; 4) кінәлі адамның біле тұра ауыр психикалық аурумен ауыратын адамдарды, не әкімшілік жауаптылық туындайтын жасқа жетпеген адамдарды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тартуы; 5) ұлттық, нәсілдік және діни жек көрушілік немесе жауласушылық себебі бойынша, басқа адамдардың заңы әрекеті үшін кек алу, сондай-ақ басқа құқық бұзушылықты жасыру немесе оның жасалуын жеңілдету мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық жасау; 6) адамға немесе оның жақындарына қатысты белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіптік немесе қоғамлық борышын орындауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасау; 7) кінәлі адамның біле тұра жүкті әйелдерге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғаныс немесе дәрменсіз адамға не кінәліге тәуелді адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасау; 8) адамдар тобының әкімшілік құқық бұзушылық жасауы; 9) табиғи апат жағдайында немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау; 10) маскүнемдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық күйінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау.
Әкімшілік құқық бұзушылық және оның сипаты
Әкімшілік құқық бұзушылық –(ҚР ӘҚБтК 28 бабының 1 тармағына сәйкес) -бұл жеке тұлғаның құқыққа қайшы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда) іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қайшы іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі, осы үшін ӘҚБтК әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері: 1) қоғамға қауіптілігі; 2) құқыққа қайшылық; 3) кінәлілік; 4) жазаланушылық; 5) жаппай көпшілікте өріс алуы; Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы — бұл әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаны жауапкршілікке тарту үшін жеткілікті және қажетті заңмен белгіленген белгілердің жиынтығы. Егер осы заңды құрамның барлық белгілері болғанда ғана әрекет құқық бұзушылық деп танылады. Ол мынадай 4 элементтен тұрады: 1) әкімшілік құқық бұзушылық субъектісі; 2) әкімшілік құқық бұзушылық объектісі; 3) әкімшілік құқық бұзушылықтың объективті жағы; 4) әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективті жағы. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі - әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, 16 жасқа толған және ақыл есі дұрыс тұлға. Бұл жалпы субъект болып табылады. Арнайы субъект- лауазымды тұлғ,алар, диплматиялық қорғаншылықтарды пйдаланбайтын шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар; ерекше субъект — әскери қызметкерлер, әскери жиында жүрген азаматтар, прокурорлар, ІІО қатардағы және басшы құрамындағы тұлғалар, қаржы полициясы мен кеден органдарының қызметкерлері. Әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісі құқық нормаларымен реттелетін және әкімшілік жауапкершілік шараларымен қорғалатын қоғамдық қатынастар. Оның 4 түрі бар: 1) жалпы объект — мемлекеттік басқару облысында туындайтын және бұқаралық құқық салалырмен реттелетін қоғамдық қатынастар; 2) текті объект — пайда болу және жүзеге асырылу саласы бойынша бір текті жақын қоғамдық қатынастар тобы. , мысалы, жеке меншік, қоғамдық тәртіп, табиғатты қорғау, тұрғындардың денсаулығы, басқару тәртібі; 3) түрлі объект — бір текті құқық бұзушылықтар үшін ортақ қоғамдық қатынастар тобы, мысалы, жол жүру ережелерін бұзу, паспорттық режимді бұзу, кеден ережелерін бұзу. 4) тікелей объект- әкімшілік жауапкершілік шараларымен қорғалатын, нақты қоғамдық қатынастарға зиян келтіру, мысалы, кедендік бақылау зонасының режимін бұзу. Әкімшілік құқық бұзушылықтың объективті жағы — бұл әкімшілік құқық бұзушылықтың сыртқы жағын білдіретін белгілердің жиынтығы. Оған мыналар жатады: 1) құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік; 2) құқық бұзушылықтың сипаты (әлденеш рет жасау, қайталану); 3) құқық бұзушылық уақыты (күндіз, түнде); 4) оның тигізген зиянды сал Скачать |