Қоғамның әлеуметтік-демографиялық құрылымы
Қоғамның әлеуметтік-демографиялық құрылымыҚоғамның әлеуметтік құрылымында елеулі орнын әлеуметтік-демографиялық «өлшемдер» алады, оған келесі тұрғындар құрылымы жатады: жыныс-жастық, отбасылық және генетикалық. Бұл құрылымдар бөлек территория бойынша, тұрғындардың қалыптасуы мен ұдайы өсу үрдісінің нәтижесі мен шарттары болып табылады. Әлеуметтік-демографиялық құрылым бұл — туу, өлу, некелесу, ажырасу, қала мен ауыл мекендері арасындағы тұрғындардың миграциялық алмасу сияқты құбылыстардың статистикалық параметрлері болып белгіленеді. Белгіленген құрылымның әрқайсысы тұрғындарды келесі белгілер бойынша құрамын сипаттайды: жынысы, жасы, отбасы жағдайы, туған жері, белгілі жерде тұру уақыты. Тұрғындардың құрамын және оның өзгеру заңдылықтарын зерттеп білудің маңызы өте зор. Ол ең алдымен қоғамның келешегін білу үшін, экономикалық-әлеуметтік жоспар құрып, салуатты саясат жүргізу үшін қажет. Тұрғындардың даму келешегін алдын ала көре білу, демографиялық болжам жасау — әрқашан да ғылымның алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі. Әсіресе ол қазіргі адамзат қоғамы өзінің даму жолын өзі айқындап алуына ұмтылып отырғанда өте қажет. Демографиялық үрдістердің заңдылықтарын мен айғақтарын білу сындарлы демографиялық саясат жүргізуге – көп балалы отбасыларға көмек көрсету жолдарын, адамдардың денсаулығын сақтау, тұрғын үйлер салу, тұрғындарды азықпен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге көмек көрсете алады. Тұрғындардың жыныстық-жастық құрылымы — екі «өлшемнің» қосындысын айқындайды: бірінші жағдайда қандай да бір территорияда (ел, район) немесе ұжым құрамында (ең алдымен еңбек) еркек пен әйелдер арасындағы арақатынас, екіншіде — әртүрлі жас адамдарының арасындағы арақатынас. Бұл құрылымдар кейде биологиялық ретінде белгіленеді. Шынында да, бұл айырмашылықтар биологиялық негізге тіреледі. Бірақ, адамдар жиынтығының жасы мен жынысы бойынша орнығуы әлеуметтік дамудың бір салалары. Әлеуметтік шарттар мен себептерден әлем елдері тұрғындарында әйелдердің басым болып келуі тәуелді. Сондай-ақ, әртүрлі елдер мен әртүрлі кезеңдерде олардың арақатынасы әртүрлі болып келеді. Жыныстық-жастық құрылымды белгілі бір белгі бойынша (жынысы немесе жасы), немесе екі белгі бойынша талдауға болады. Үлкен қызығушылық тұрғындардың үш топқа ажыратылуы белгіленеді: 0-14 жас (балалар), 15-49 жас (жас және орта жастағы), 50 жас және одан жоғары (ересек). Осы топтар арасындағы арақатынас тұрғындардың жыныстық, жастық құрылымының түрін сипаттайды. Неғұрлым құрылым прогрессивті, соғұрлым онда даму мүмкіндігі жоғары, еңбек потенциалының дамуы тұрақты болып келеді. Тұрғындар санының белгілі өсімі мен оның прогрессивті өзгерісі негізіндегі жыныстық-жастық құрылым, елдің әлеуметтік дамуының, еңбек және демографиялық потенциалының маңызды сипаттамасын айқындайды. Тұрғындардың отбасылық құрылымы — келесі көрсеткіштер: саны, көлемі, отбасы құрамы, бөлек мүшелерінің өзара қатынасы негізінде сипаттайды және ұдайы өндіріс, миграция, тұрғындардың өмір деңгейі мен тұрмысы, жастардың әлеуметтенуі мен үлкендердің зейнетке өтуін, тұрғындардың әлеуметтік, этникалық, ұлттық құрылымын сипаттау мен зерттеуде кең қолданылады. Тұрғындардың отбасылық құрылымын талдауда, отбасы некеден, туысқандықтан, ата-ана мен балалар арасындағы қатынастардан туындайтын құқықтарымен және міндеттерімен байланысқан адамдар тобы болып белгіленеді. Отбасы – қоғамның тірегі, оның алғашқы ұяшығы. Адам өмірінің мәні алдымен оның отбасының болуы немесе болмауымен өлшенеді. Отбасының бірнеше түрі болады. Ата-анасы және балалары бар отбасы толық деп аталады. Ата-анасының біреуі ғана бар болса, ол толық емес отбасына жатады. Ата-анасына мен балаларынан басқа туысқандары қосылып өмір сүріп жатқан отбасын күрделі отбасы деп атайды. Тұрғындардың отбасы құрылымымен неке жағдайы тығыз байланысты. Неке — отбасын құру мақсатын көздеген ер мен әйелдің тең одағы. Некеге отырған ерлі-зайыптылар бір-бірінің алдында белгілі құқықтырға ие болады және міндеттер орындайды. Неке міндетті түрде тіркелуі керек. Тек тіркелген некеде тұрғандардың ғана әрекеттерінің заңды салалары болады. Отбасының түрлі тұптары бар. Олардың ішінде қазіргі замандық қоғамда кең таралғаны кіндік отбасы ата-аналардан және олардың балаларынан тұрады. Кіндік отбасының екі нұсқасы болуы мүмкін: балалы және баласыз, ерлі-зайыптылардан ғана тұратын отбасылар. Кеңейтілген отбасы ерлі-зайыптылармен, олардың балаларымен қоса, өзге туысқандарын да біріктіреді. Мұндай кіндік отбасымен ата мен әже немесе үйленген ересек балаларымен немесе аға-жеңге, апа-жезде балаларымен бірігіп өмір сүруі мүмкін. Жыныстық байланыстарына қарай отбасылар негізінен моногамды және полигамды болып бөлінеді. Бір әйел мен еркектің некелік одағы моногамды отбасы делінеді. Бұл некелік формалардың ішінде кең таралған түрі. Екі немесе одан да көп әйел алушылықты полигамия дейді. Некенің бұл түрі де өзіндік нышандарымен дүниежүзілік мәдениеттерінде де ұшырасады. Кейбір ислам елдерінде полигамияға рұқсат етілген. Көпшілік дамыған елдердің азаматтары некенің бұл формасын құптамайды. Отбасының атқаратын функциялары: - бала өсіріп, тәрбиелеу арқылы ұрпақ жалғастығын қамтамасыз ету; - баланы әлеуметтенуге, яғни қоғамда өмір сүруге дайындау; - отбасы мүшелерін баспанамен, көлікпен, киіммен, тамақпен, үй заттарымен, оқуға, еңбек етуге қажетті жабдықтармен, тағы басқа материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету. Генетикалық құрылым – тұрғындардың берілген мекенде түған, немесе басқа аумақтан көшіп келген адамдардың арақатынасын белгілейді. Келушілердің арасында уақыт қонысына байланысты топтар ажыратылады. Бұл құрылымның түрі әлеуметтік-демографиялық дамуда , елеулі орын миграция ойнайтын, елдер мен район тұрғындарының басты сипаттамасы болып табылады. Жастар социологиялық зерттеудің объектісі ретінде 16 жастан 30 жасқа дейін жастағы ірі қоғамдық топты белгілейді. Жастар әлеуметтанудың пәні болып, жастардың қоғамның әлеуметтік құрылымында алатын орны мен рөлін, айқындалу формалары мен жастар ортасында әлеуметтік заңдылықтар мен заңдардың іске асыру механизмдерін зерттеу болып табылады. Спецификалық жастардың әлеуметтік мәселелері: қоғамның әлеуметтік – таптық құрылымында жастардың орны; жас шеңберінің критерияларын орнату; жастардың сұраныстарын, қызығушылықтарын зерттеу; жастардың әлеуметтену үрдісінің ерекшеліктерімен танысу; олардың әлеуметтік-прогрессивті бағыты мен ұжымда бейімделуі; жастар ұйымдарының әрекетінің ерекшеліктері жатады. Халық қозғалысының әлемдік көрсеткіштері Біздің эрамыздың басында, әртүрлі есептер бойынша, Жерде шамамен 200 ден 300 млн адамға дейін өмір сүрді. Миллиардық санына жету үшін, адамзатқа 1800 жыл қажет болды. Алғаш рет адамдардың саны 1 миллиардқа 1825 жылы жетті. Кезекті миллиардық өсімдер келесі жылдар аралығында жүрді: 2 млрд – 1927ж. (102 жылдан кейін) 3 млрд – 1960 ж. (33 жылдан кейін) 4 млрд -1974 ж. (14 жылдан кейін) 5 млрд –1987ж. (13 жылдан кейін) 6 млрд –1999ж. (12 жылдан кейін) Қойылған болжамдар бойынша, келесі жетімиллиардтық Жер тұрғыны 2007 жылы болады. Бұл көрсеткішке жету үшін небары 8 жыл қажет. Жер тұрғындарының қарқынды өсімі бұл ауқымды мәселе қатарына жатқызылып, планетаға халықтың тым өсу қауіпін тудырады. Ғалымдар мен демографтардың ғылыми болжамдары бойынша, ХХІ ғасырда өсу қадамдары бәсеңдеп, біршама тұрақтанады және небары 10-11 млрд адам құрайды. Демографтардың тұжырымы бойынша, жыл сайын адамзат 80 млн адамға өседі, сондай-ақ, өлгендер саны біздің планетамызда жыл сайын 50 ден 55 млн адамға дейін құрайды. БҰҰ есептері бойынша, халық өсімінің ең үлкен көрсеткіштері әлемнің кедей аймақтарында байқалады. Мысалы, 1995 жылы 90 млн жаңа туғандардан 85 млн. экономикалық дамуы артта қалған елдерге тән болды. Қоғамдағы өлім деңгейіне екі фактор ықпал етеді: орташа өмір жас ұзақтығы, нәрестелер арасындағы өлім деңгейі. Демографиялық көрсеткіштер берілулері бойынша, ең ұзақ орташа жас өмір ұзақтығы Жапония (78жас), Канада, Щвеция (77 жас), Франция (76 жас), Великобритания, АҚШ, Германия (75жас) белгіленеді. Бұл көрсеткіштер, өз арада, тек денсаулық сақтау жүйесінің жағдайын ғана емес, сондай-ақ, бұл елдің өмір деңгейін сипаттамайды. Қоғамның адам алдында экономикалық, әлеуметтік, құқықтық тұлға кепілдігін орнату міндеткерлігімен тығыз байланысты. Жоғарыда айтылғандай, өмір деңгейі — бұл демографияның маңызды категориялардың бірі болып есептеледі. Бүгінгі күні ғалымдар үш басты критерияны белгіледі: орташа өмір жас ұзақтығы, білім мен табыс. Дәл осы көрсеткіштер негізінде елдің өмір деңгейін айқындауға болады. Бүгін едәуір дамыған елдер қатарына Канада, Норвегия, Щвеция, Жапония, Франция, Щвейцария, Финляндия және т.б елдер жатқызылады. Ресми демографиялық статистика және көптеген басқа фактілер бойынша, экономикасы дамыған елдердің тұрғындар құрылымында қарт жастағы адамдар санының өсімі байқалады. Скачать |