Қазақстанның тәуелсіздігі Түркияның қоғамдық пікірінде
Қазақстанның тәуелсіздігі Түркияның қоғамдық пікіріндеҚазақстанның тәуелсіздігі Түркияның қоғамдық пікірінде Абдуллах Гүндоғду, Жафер Гүлер Кеңес Одағының ыдырау үрдісінің бастамасы деп саналатын Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының орын алуы Түркиядағы толқыныстардың тууына негіз болған еді. Түркия үшін Қазақстан туралы мәліметтер ХХ ғасыр басында жеткіліксіз болды. Түркия ғалымдары Қазақстанның саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайын тек Мұстафа Шоқайдың “Яш Түркістан” (Жас Түркістан) деп аталатын журналдарынан ғана оқып білді. Ататүрік кезінде түркологиялық зерттеу жұмыстарының қолға алынып, жандануы нәтижесінде Түркия халқы Қазақстан мемлекеті мен қазақтар туралы мәліметтер ала бастады. Бұл ретте В.В. Бартольдтың, З. Валиди Тоған, Абдулқадыр Инан, Зүбейр Хамит Кошай, Саадет Шағатай сияқты ғалымдардың Қазақстан жайындағы немесе қазақтар туралы жазған еңбектері мен Түркі университетінде осы тақырыптардағы оқылған дәрістерін айтуымызға болады. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Кеңес Одағының халқы, атап айтқанда қазақ халқы туралы мәліметтер Түркияға белгілі бола бастады. Бірақ соғыстан кейін Түркия мен Кеңестер Одағының ара-қатынасының бұзылуына байланысты ХХ ғасырдың 60-шы жылдарына дейін байланыс қайтадан үзіліп қалды. 1960 жылдың басында Түрік мәдениетін зерттеу институты құрылып, Кеңес Одағындағы түркі тектес халықтар жайында зерттеулер жүргізуге мүмкіндіктер туды. 80-ші жылдары Кеңестер Одағында тоқырау кезеңі орын алды. Орыстандыру саясаты үстем алып, Орталықтың (Мәскеудің) шешімімен КСРО-ның құрамындағы Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты республикалардың басшылары алмастырылып, олардың орнына орыс ұлт өкілдері отырғызылды. Мәселен, 1987 жылға дейін Өзбекстан Орталық комитеті құрамының 90 пайызын осындай кадрлармен алмастырған. 1985 жылдың наурызында КОКП-ның басшылығына М.С. Горбачев келгеннен кейін, елде қалыптасқан жағдайды “жеделдету” бағытымен жоймаққа әрекет етті. Ол үшін қайта құру, қоғамды демократияландыру үрдісі қажет деп шешті. Экономикалық-әлеуметтік даму барысын жақсартудың бірден-бір жолы республикалардағы басшыларды алмастыру деп түсінген М. Горбачев ұзақ жылдар Қазақстан үкіметін басқарған Д.А. Қонаевты 1986 жылдың 16 желтоқсанында Ульянов облыстық партия комитетін басқарған Г.В. Колбинмен алмастырды. Қазақстан басшысының алмасуы демократияшыл жастар қозғалысының шығуына, яғни тарихта “желтоқсан оқиғасы” деп аталған жағдайдың туындауына алып келді. 1986 жылғы Қазақстандағы желтоқсан оқиғасы, онан кейінгі болған саяси жағдайлар КСРО-ның ыдырауына алып келген еді. 1991 жылы бұрынғы одақтас республикалар тәуелсіздіктерін ала бастады (1). 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Түркияда бұрынғыдан да көп Қазақстанға деген қызығушылық тудырды. Қазақстан Коммунистік Партиясы жетекшісі болған Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың орнына ұлты орыс Геннадий Колбиннің тағайындалуы турасындағы хабар Түркияның «Жумхуриет», «Миллиет» және «Тәржуман» сияқты мерзімді басылымдарында екі күннен кейін жарияланды. Алматыдағы “желтоқсан оқиғасы” турасындағы хабардың газет беттерінде жариялануы саясаткерлер арасында түрлі болжамдар тудырып, қазақ жастарының бас көтеруілері Кеңестер Одағындағы ұлт мәселесінің шешілмеуінен деп түсіндірді (2). «Тәржуман» газеті Қазақстандағы желтоқсан оқиғасы турасындағы хабарды “Қазақстан көтеріліс елі” деген тақырыппен жариялап, онда “Қазақстанда жүздеген түрік ереуілге шықты, бұл орыс билігіне қарсы тарихтағы тұңғыш қазақ халқының көтерілісі” деп жазды (3). Бұдан кейін аталмыш газеттерде Қазақстанда болған оқиға турасында пікірлер жариялана бастады. Мәселен, «Миллиет» газетіне жариялаған мақаласында саясаткер Сами Кохен Қазақстандағы желтоқсан оқиғасының түркі халқы үшін маңыздылығын атай отырып, бұл оқиғаның тамырында қазақ ұлтшылдық сезімінің бар екендігін атап өткен. «Осы уақытқа дейін КСРО-да республика басшысының ауыстырылуына осылайша қарсылықтың білдірілуі бұрын кездескен жағдай емес. Алматыда көшеге шыққан қазақ жастары билік басына өзге ұлт өкілін әкелуге табандылықпен қарсылықтарын білдірді. Бұл қарсылық этникалық фактордан, яғни қазақтардың ұлтшылдық сезімінен туындап отыр», – дейді (4). Ал ғалым, әрі саясаткер Фахир Армаоғлы: «Оқиғаның мәні өте маңызды болғаны соншалық, кеңес үкіметтің бұл көтерілісті қоғамнан жасыруға батылы жетпеді және ТАСС бұл көтеріліс туралы хабарлауға мәжбүр болды. Оқиғаның ұлттық сипаты болғандығы күмәнсіз» деген пікірі білдірді (5). Қазақстандағы желтоқсан оқиғасына байланысты Түркияның мерзімді басылымдарында күнделікті тарихшы, ғалым, саясаткерлердің осы мәселеге байланысты түрлі ой-пікірлері жарияланып отырды. Бұл ой-пікірлердің көпшілігі қазақ халқының ұзақ жылдар бойы отаршылдық саясатынынң уысында болса да еркіндікке, тәуелсіздікке деген патриоттық сезімдерін жоғалтпағандығын айтты. Осындай пікірді Зафер Атай да ұстанды. «Жетпіс жылдық коммунистік жүйенің қарамағында болғанына қарамастан қазақ ұрпағының ұлттық сезімдер жойылмапты» дейді (6). Түркия тарихшылары да желтоқсан оқиғасына өзіндік бағасын беруге тырысты. Тарихшы Йылмаз Өзтуна Мәскеудің бұл желтоқсан оқиғасын “ұлтшылдық қозғалыс” деп сипаттап, қазақ жастарына “ұлтшылдар” деп айып тағуы орыс шовинизмінен туындап отыр деген пікірде болды. Ол Қазақстан КСРО-дағы Ресей Федерациясынан кейінгі үлкен территориясы, табиғи байлығымен, әрі түркі халықтарының демографиялық жағынан өсуімен ерекшеленгендіктен, республикадағы “желтоқсан оқиғасы” орыстарға үлкен үрей тудырып, “ұлтшыл” ретінде айыптауының себебі де сондықтан екендігін айтады (7). Қазақстандағы желтоқсан оқиғасын Ергүн Гөзе “Қазақстандағы ұлттық ереуіл” деген мақаласында қазақ халқының тәуелсіздік жолында үш күн бойы алаңға шығуы жетіс жыл бойы билеген кеңес жүйесінің әлсірегенін көрсетті деген тұжырым жасады (8). 80-ші жылдардың соңына қарай Еуропа елдерінде демократияландыру қозғалысы қарқынды сипат алып, көптеген мемлекеттерде тәуелсіздік жолында күрес нышандары біліне бастады. 1989 жылдың шілдесінде Польшада Тадеуш Мазовиецкий премьер-министр болып сайланғаннан кейін елдің Шығыс Блогында таралу белгілері байқала бастады. Осы жылдың қарашасында Берлин қабырғасының құлатылуы, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін екіге бөлінген неміс халқының қайтадан бірігу үрдісін жеделтетті. 90 жылдардың басында Кеңес Одағының құлдырауы оның құрамынан одақтас республикалардың біртіндеп бөліну үрдісін тудырды. Прибалтика республикаларының Кеңестер Одағынан шығуы, басқа одақтас республикалардың егемендігіне жол ашты. Түркия мен Қазақстан арасындағы ресми байланыс 1990 жылдың желтоқсанында орнатылды. Мәдениет министрі Намык Кемал Зейбек пен Қазақ мемлекеттік мәдениет комитеті арасында екі ел арасында білім беру жүйесінде, ғылыми жобалар жасау, мамандар мен ғалымдармен тәжірибе алмасу, ортақ мәдени шаралар жүргізу ісі жөнінде келісімге қол қойылды (9). Бұл келісім ұзақ уақыт бойы үзіліп қалған мәдени байланысты қайта жалғастырды. 1991 жылдың 31 қаңтарында Қазақ мемлекеттік мәдениет комитетінің басшысының Түркияға келуі және осы жылдың 14 ақпанында Денсаулық министрінің ынтымақтастық келімсімге қол қоюы екі ел арасындағы мәдени қатынастарды нығайта түсті (10). Қазақстан тәуелсіздік алмастан бұрын Түркияның мемлекет басшысы Тұрғыт Өзалдың 15 наурызда Қазақстанға ресми сапары және “Қазақ Совет Социалистік Республикасы мен Түркия Республикасының қарым-қатынасы туралы” келісімшартқа отыруы қазақ-түрік қарым-қатынастыраның достық бағытта одан әрі дамуына, нығая түсуіне алып келді. Бұл келісімшарт екі ел арасындағы мәдени байланыстардың кеңеюіне және елшіліктер ашуына жол ашты. Тұрғыт Өзалдың бұл сапары түрік қоғамына Қазақстанды жаңа қырынан танытуға жол ашты. Түркияның мерзімді басылымдары Қазақстан мен Түркияның арасындағы болашақтағы байланыстар туралы ашық жазып, Қазақстан президенті Н.Ә. Назарбаевтың Түркияға ресми түрде шақырылғандығы басылды. Негізінде бұл кездесуде Тұрғыт Өзал Нұрсұлтан Назарбаевпен Түркияның нарықтық экономикаға өтудегі тәжірибелері, тұрақты валюта курсын бекітудегі ұсыныстарымен бөлісіп, болашақтағы түрік кәсіпкерлері үшін Қазақстанның лайықты инвестиция шарттарын қамтамасыз ету мәселелері жөнінде сұхбаттасты. Тұрғыт Өзал журналистерге берген сұхбатында Түркия мен Қазақстан арасындағы байланыстар одан әрі нығая түсетіндігін айтты (11). “Тержуман” газеті Тұрғыт Өзалдың Қазақстан мен Әзірбайжанға келесі сапарға барудағы ниеті осы екі мемлекет халықтары мен Түркия арасында тарихи қатынастардан туындаған тілек деп тұжырымдады. Газеттің былай тұжырымдауы Қазақстан Сыртқы істер министрі Ақмарал Арыстанбекованың “Өзалдың бұл сапарының Қазақстан мен Түркия халықтары арасындағы қатынастардың дамуы тұрғысынан тарихи мәні бар және екі жақты қатынастар барлық салада дамитын кезеңге аяқ бастық” деуі мен Қазақстан Мәдениет министрі Қанат Саудабаевтың “Тіліміз, дініміз, мәдениетіміз, тарихымыз бір. Біраз уақыт олардан ажырап қалдық, енді қайтадан қауышамыз” деген сөздеріне назар аударғандықтан болды (12). Президент сапарынаа қатысқан тілшілер де алған әсерлерін оқырмандармен бөлісті. Бұл турада Хасан Жемалдың “Қазақтар бізді ыстық құшақпен қарсы алды. Түркияның оларға көмек қолын созуы екі жақ үшін де пайдалы болады. Зайырлы, жаңашыл және демократиялық Түркия үлгісінің олар үшін Иранға, Ауғаныстанға қарағанда тартымдырақ болатыны айқын” деп жазуын атап өткен жөн (13). Хасан Жемал «Жумхуриет» газетіне жариялаған келесі бір мақалаларында: “Қырғи қабақ соғыстың аяқталуы Түркияны Кеңес Одағына алыс көрші болудан сақтайды. Сонымен қатар, Орта Азия түрікшілдігі арқылы Әзербайжан мен Түркияны жақындастырады. Барлық жақ үшін де жаңа көкжиектер ашқан бұл шарттарды саналы түрде пайдалан Скачать |