Қазіргі заманғы мектепте бір оқушыға бір компьютерден келуі тиіс


Қазіргі заманғы мектепте бір оқушыға бір компьютерден келуі тиіс

 

АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ — Қазіргі заманғы мектепте бір оқушыға бір компьютерден келуі тиіс. Бұл туралы бүгін Астанадағы «Білім жүйесін ақпараттандыру» атты 5-ші Халықаралық форумда ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

«Қазіргі заманғы мектепте планшетті компьютерлер болуы керек және бір оқушыға бір компьютерден келуі тиіс. Әлемде стационарлы компьютерден планшетті компьютерге көшу үрдісі байқалады»,-деді министр. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанда 2020 жылға қарай жалпы білім беретін мектептер үшін 83 мың планшетті компьютер мен ноутбук алу жоспарланып отыр.

«Білім беруді ақпараттандырудың жаңа кезеңі e-learning-электрондық оқытуды енгізумен байланысты. Е-learning білімді дамытудың және көптеген дамыған елдерде экономиканы көтерудің негізгі құралы болып отыр. Электронды оқыту- Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы басты міндетттердің бірі»,-деп атап өтті Б. Жұмағұлов. Осы орайда ол министрлік электронды оқытуды білім беру үдерісін инновациялық жаңарту тетігі ретінде енгізетінін жеткізді. «2015 жылға қарай электронды оқыту жүйесін пайдаланушылардың саны 50 пайызды құраса, 2020 жылға қарай оның үлесі 90 пайыздан асады»,-деп түйіндеді ведомство басшысы.

 


Скачать