Қазіргі замандағы Қазақстанның саяси дамуы
Қазіргі замандағы Қазақстанның саяси дамуыҚазақстан егемендігінің қалыптасуы мен ерекшеліктері. Қазіргі Қазақстан немесе Қазақстан Республикасы дегенде, ең алдымен қазақ халқының тәуелсіз егеменді ұлттық мемлекеттігінің қалыптасуын ұғыну керек. Қандай болмасын ұлттың мемлекеттіксіз өмір сүре алмайтыны тарихтан белгілі. Демократияның негізгі бір принципіне де мемлекеттік құрылымның ұлттық сипатын сақтап қалу, жан-жақты дамыту саясаты жатады. Бұл принцип жүзеге аспаған жағдайда ұлттың құрып кетуі кезектегі мәселе. Бұл - бір. Екіншіден, қазақ халқының ұлттық-саяси дамуының тамыры кешегі кеңес дәуірінен де әрі тереңде жатқанын ұғынуы қажетті. 400 жылдан астам шексіз шығын қасірет, құрбандықтармен өткен саяси күресте дүниеге келген алғашқы тәуелсіз қазақ мемлекеттігі ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның Россияғға қосылуы аяқталған соң мүлде жоғалып, оның орнына отаршылық саясаттың әскери-әкімшілік жүйесі орнады.1917 жылы ақпан революциясынан кейін, Қазан революциясы кезінде ескі саяси жүйенің ыдырауына байланысты бүкіл Россия көлемінде етек алған бұқаралық-халықтық қозғалыс, жалпы қоғамдық үрдіс заңды түрде қазақтың ұлттық автономиясын, тәуелсіз мемлекетін құру идеясын тудырды. Осы кезеңде Алаш партиясы құрылып, оның басшылары « Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конститутциялық Заң қабылданды. Осы заң бойынша Қазақстан Республикасының өз территориясында өкімет билігін толық иеленетіндігі, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізетіндігі белгіленді. Аталған заң республиканың жаңа Конституциясын әзірлеуге негіз болды.
2 . Қазақстан республикасының мемлекеттік-саяси құрылымы. Жас еегеменді Қазақстан мемлекеттік-саяси құрылымы тоқсаныншы жылдардың бірінші жартысында қалыптасты. 1993 жылы қабылданған Конституция бойынша мемлекеттік өкімет билік заңдық, атқару және сот билігі болып бөлінеді. Атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқаратын мемлекет басшысы ретінде президенттік билік орнады. Қазақстан Республикасы-демократиялық, зиялы және біртұтас (унитарлық) мемлекеттік сипатын алды. Егеменді мемлекеттің күшті президенттік республика құру бағытында дамуы басты стратегиялық мақсатқа айналды. Президенттік билікке көшу объективтік заңдылық. Саяси жүйенің бұл түрдегі ерекшелігі-президент қоғамнан, партиялардан, парламенттен және барлық билік институттарынан жоғары тұрып, олардың жұмысын үйлестріп, бағыттап отырады. Қоғам өмірінің өткелең, төтенше кезеңдерінде ол конституцияның бірден-бір кепіліне және мемлекеттік егемендіктің нақты көрінісіне айналды. Дүние жүзіндегі көптеген демоктариялы елдердің тарихи тәжірбиесі көрсеткендей бұл ел басқару түрінің бірден-бір пәрменді түр екендігі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде ерекше дәлелденді. Осы тоқсаныншы жылдардың басында кешегі Одақтың көптеген аймақтарында саяси тұрақтылық бұзылып, азаматтық және ұлттық тартыс-қақтығыстар бел алған тұста Қазақстан экономикалық құз шатқалға құлап кетудің аз-ақ алдында тұрды. Мемлекетті осы апттан жедел алып шығу президенттік биліктің басты мәселесі болды. Бұл үшін экономикалық реформаны саяси тұрғыдан қорғау, ел ішінде саяси тұрақтылықты сақтау, жас мемлекеттің қорғаныс және қауіпсіздік жүйесін құру, Қазақстанның геосаяси жағдайына сәйкес дербес сыртқы саясат жүргізу стратегиялық өткір мәелелерге айналды. Осымен қатар Қазақстанды дүние жүзіне танытып, әлемдік қоғамдастық құрметтейтін дәрежеге көтеру, ядролық қарусыздану процесінде тарихи мәселелерді жедел шешу керек болды . Президенттік билік институтын еңгізу арқылы республикада ең бір қиын өткелең жағдайда өкімет билігі орнықты ұсталып, қоғамдық-саяси жүйе жедел түрде дамыды. Мысалы, бір ғана 1992 жылдың өзінде мемлекеттің төл күш-құрылымдары-әскери күштер, Республикалық ұлан, ішкі және шекара әскерлері құрылды. 1993 жылдың сәуір айында тарихта тұңғыш рет Қазақстанның Теңіз күштерін құру істері басталды. Осылай жас мемлекеттің қорғаныс және қауіпсіздік жүйесін құру ісі қысқа мерзімде аяқталды. Осы жылдары сыртқы істер министрлігі шын мәніндегі сыртқы саясат мекемесіне айналды. Шет елдермен және халықаралық ұйымдармен барлығы 800-ден астам құжат жасалды. Тоқсаныншы жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстанның қоғамдық,мемлекеттік-саяси өмірлік барлық жағынан да күрделі өзгерістерге толы. Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 1990 жылғы 24 сәуірде ҚазССР Жоғарғы Советінің сессиясында жасырын дауыс берудің нәтижесінде сайланып, ал 1991 жылдың 1 желтоқсанында бүкілхалықтық сайлау арқылы билікке келген болатын. Бұл Қазақстанда саяси бір жүйеден екінші жүйеге көшудің алғашқы жылдары еді. Қоғам өмірінде, елді басқару саласында президенттік билік комунистік партия және кеңестер билігімен қатар өмір сүруі. 1991 жылғы қыркүйекте Қазақстан Компартиясы мүшелері Социалистік партияға айналу туралы шешім қабылдады да бүкіл қызметінің мән-мағынасын түбегейлі жаңартуға тиісті болды. Социалистік партия мемлекет басындағы билеуші партияның сипатынан айрылып, сол кезеңнен бастап, халық арасында өз күшімен бедел жинауға тиіс болды. Социалистік партия съезінің шешімімен келіспейтіндер өз партияларын құрып, ресми тіркеуден өткізуге мүмкіндік алды. 1992 жылы «Қазақстан Халық Конгресі» партиясы құрылды. 1993 жылдың басында «Қазақстанның Халық бірлігі» одағы құрылып, бұл кейін партияға айналды.1994 жылы наурызда Әділет Министрлігі Қазақстан коммунистік партиясын тіркеді. 1995 жылы Қазақстанның демократиялық партиясы дүниеге келді. Саяси партиялар мен қозғалыстардың саны жылдан-жылға көбейе бастады, солардың қатарында 1997 жылы Қазақстан либералдық қозғалысы қосылды. Ең бір қиын күндерде шын мәніндегі халық өкілеттілігінің, ұлттық демократияның органы ретінде «Қазақстан халықтары Ассамблеясы» дүниеге келді. Бұндай ерекше маңызды, күшті қоғамдық ұйым ТМД елдерінің ешбірінде жоқ. Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың, ұлттық топтардың азаматтарын саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың жаңаруына жұмылдыратын қоғамдық ынтымақ органы- Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы шешім 1992 жылғы желтоқсанда өткен қазақстан халықтары құрылтайында қабылданды. Ассамблеяға мемлекет басшысының жанындағыконсультативті-кеңесші орган дәрежесі берілді. Ол ұлт саясатына байланысты көптеген ұсыныстар енгізумен бірге, халық арасында күнбе-күн нақты жұмыстар жүргізуде. Мысалы, 1995 жылдан бастап жоғарғы оқу орындарында Ассамблея квотасы бойынша түскен аз ұлттардың өкілдері оқи бастады. Егеменді Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңның жобасын талқылауға үш миллионнан астам азаматтар қатысты. Олар 1993 жылғы Конституцияға 30 мыңнан астам ұсыныстар мен ескертпелер енгізді. Жас егеменді Қазақстанның Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда өткізілген респуебликалық референдумда қабылданды. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зиялы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратындығы, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен босьандықтары болатынын заңдандырды. Осымен қатар Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ретінде заңдандырылды. Қазақстанда мемлекеттік тіл-қазақ тілі болып бекітілді. Конституцияның кіріспесінде Қазақстанныың егемендігімен оның болашақ ұлттық өркениетке бағытталған саяси стратегиясы айқын көрсетілген. Онда: « Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттік құрастырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастыққа лайықты орын алуды тілей отырып,қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жаупкершілігімізді сезіне отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз»-деліінген. Осы Ата Заң қабылданар алдында, 1995 жылдың 29-сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттілігін ұзарту туралы референдумда өткізілді. Мұнда қатысушылар тізіміне іліккен 8.309637-сі немесе 91,21 пайызы дауыс беріп, олардың 95,46 пайызы президент өкілеттілігін ұзартуды жақтады. Бұл ақиқат, біріншіден, Конституцияның президенттік басқару нысаны туралы қағидасының заңдылығын, өміршеңдігін көрсетеді. Екіншіден, Қазақстанда қоғамдық-саяси тұрақтылықтың орныққандығын көрсетеді. Үшіншіден, қазақстандықтар Президенттің ішкі, сыртқы саясатын толығынан қолдайтынын танытты. Жаңа Конституцмяны қабылдау мен Президенттің өкілеттігін ұзарту туралы бүкілхалықтық референдум арқылы демократиялық егеменді мемлекеттіктіңнегізі қаланды. Жаңа президенттік билік түрімен ескі кеңестік жүйе арасындағы үйлеспестік, қайшылық жойылды. « Президент мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда қазақстан атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға» болды. Президентті сайла Скачать |