Қажылыққа барған мұсылмандар Арафат тауында жиналды
Қажылыққа барған мұсылмандар Арафат тауында жиналдыСауд Арабиясында қажылыққа келген мұсылмандар Арафат тауына шыға бастады. Олар тазалық пен адамдар арасындағы тепе-теңдікті білдіретін “иһрам” деп аталатын қарапайым ақ киім киіп алған. Арафат тауына көтерілу – қажылықтың ең маңызды бөлігінің бірі. Әрбір мұсылман денсаулық жағдайы мен қаражатынан мүмкіндігі болса өмірінде кемінде бір рет қажылыққа баруға міндетті. Мұхаммед пайғамбар өзінің үзеңгілестерімен осы таудың басында тұрып қоштасқан делінеді. Сауд Арабиясы үкіметінің мәліметінше, қажылыққа келгендердің саны 1,83 миллионнан асады. Қажылық жексенбіде аяқталып, Құрбан айт мерекесі басталады. Скачать |