Халықаралық саяси үрдістер
Халықаралық саяси үрдістерХалықаралық саясатта әлемдік дамудың негізгі бағыттары әрдайым басты назарда болатыны белгілі. Егер зер сала қарасақ дүниежүзінің саяси картасының құрылысы өте күрделі. Ондағы алып жатқан мемлекеттердің әрқайсысының өзіндік орны бар. Мемлекеттердің көпшілігі бір – бірімен шекаралас жатыр. Саяси шекараның сипаты іс жүзінде мемлекеттік шекара бола бермейді. Ол халықаралық келісім бойынша, уақытша жасалатын шарт, яғни демократиялық шекара. Соңғы кездері территориялық шекаралық мәселелер дүниежүзінің көптеген аудандарында күрделі, әсіресе, мемлекетаралық және ұлтаралық шиеленістің етек алуына әкеп соқтыруда. Дүниежүзінің саяси картасына жиі болып отырған өзгерістер көпке аян, олардың ең бастысы: жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы, олардың саяси статусындағы өзгерістер, мемлекеттердің бір – бірімен қосылуы, бір елдің екінші елдің құрамына кіруі, мемлекеттің астанасының өзгеруі, мемлекеттік басқару формасының өзгеруі, т.б. Осы аталған элементтердің барлығы халықаралық саясаттағы өзгерістердің негізі болып саналады. Әлемдегі ең бір ықпалды бірлестік Еуропарламент деп аталады. Еуропаның 12 мемлекеті кіретін мемлекетаралық және ұлтаралық бірлестігінің саяси органы. Оған төте сайлаумен 5 жылға 518 депутат сайланады. Бұл Батыс Еуропа елдерінің саяси интеграцияға ұмтылуының маңызды қадамы болды. Ең алғашқы төте сайлау 1970 жылы, ал соңғы үшіншісі – 1989 жылы өтті. Еуропарламентке сайланған депутаттар ұлттық белгілері бойынша емес, партиялық көзқарастары бойынша топтар құрып, өз партияларының бағдарламасын қорғайды, іске асыруға тырысады. Еуропарламентке Батыс Еуропаның экономикалық, валюталық және саяси интеграцияның жаңа әрі сапалы кезеңіне өту, біртұтас ішкі рынок құруға ұмтылу сияқты сан алуан мәселелер ұсынылады. Еуропарламентке депутаттар сайлау тұрақты өлшеммен жүреді. Ұлыбритания, Италия, Германия, Франция сияқты ірі мемлекеттердің әрқайсысы 81 орынға ие болса, Испания – 60, Нидерланды – 25, Бельгия, Греция, Португалия – 24-тен, Дания – 16, Ирландия – 15 Люксембург – 6 депутаттан сайлайды. 1989 жылы Еуропарламентке сайлау өткеннен кейін, оның құрамында 9 фракциялық топ пайда болды: социалистер – 182 мандат, христиан – демократтар – 107, консерваторлар – 48, либералдар – 44, коммунистер – 42, тәуелсіздер – 37, экологтар – 23, голлистер – 19, оңшылдар – 16 мандатқа ие болысты. 1984 жылғы сайлаумен салыстырғанда христиан-демокранттардың, коммунистердің, экологтардың саны артып, сайлаушылар мен олардың жақтаушылары көбейген. Керісінше, социалистер мен консерваторлардың саны азайған. Өмірдің өзіндей, Еуропарламенттің, өз ішіндегі қайшылықтары да жетіп жатыр. Қазір онда мынандай екі бағыт байқалады: бірінші интеграцияны одан әрі дамытуға байланысты консервативтік бағыт. Оның мәні қазіргі ұлттық рыноктарды біріктіруге ұлтаралық және одан тысқары интеграциялық мәселеге байланысты институттардың араласуын кеміту, сөйтіп оны еркін бәсекеге негіздеп құру. Бұл – ірі де күшті корпорацияларға жол ашу. Екіншісі – жұмысшылардың, шаруалардың, қызметкерлердің еркін кәсіпшілдікке байланысты, мамандардың әлеуметтік жағдайын қорғауға байланысты арнаулы шаралар жасау. Бұл бағыт біртұтас экономикалық кеңістік құратын мемлекеттердің мақсатты экологиялық саясат жүргізуін ұсынады. Дүние жүзі дамуының басты объектісі – егеменді мемлекеттер. 1900 жылы жер шарында 55 егеменді мемлекет болды. Сонымен бірге әлемде өте ірі Британ орталық және көлемі жағынан кішілеу – Франция империясы болды. Отары бар елдерге Жапония, АҚШ, Нидерланд, Бельгия, Португалия, Италия, Испания жатады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін отаршылық жүйенің күйреуі және ұлт – азаттық қозғалыстың өсуі дүние жүзінің саяси картасына ірі өзгерістер енгізді. Екінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында әлемде 71 егеменді мемлекет, 1947 жылы – 81, 1959 жылы – 92, ал 1990 жылдың басында олардың саны 171- ге жетті. Бірақ 1990 жылдың мамыр айында екі араб мемлекеті – Иемен Араб Республикасы және Иемен Демократиялық Республикасы ұлттық негізге байланысты Иемен Республикасы деген атпен бірікті (жер көлемі 532 мың шаршы км., халқы 13 миллион). 1990 жылдың қазан айында екі Германия бірікті. Пайда болған ГФР-дың астанасы Берлин болды. Сонымен 1991 жылы егеменді мемелкеттердің саны 168-ге дейін қысқарды. 1991 жылдың қыркүйегінде өздерінің тәуелсіздігін Литва, Латвия, Эстония жариялады. Жаңадан тағы 2 тәуелсіз республика құрылды – Микронезия Федерациясы және мұхиттық аралдардағы Маршалл Аралдары Республикасы. Бұрын олар АҚШ – тың қамқорлығында болатын. Сонымен қазіргі кездегі егеменді елдердің саны 173-ке жетті. БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің саны да 170-тен асып кетті. Оған Украина, Беларусь және Қазақстан Республикасы да кіреді. Қазіргі кезде 1960-1970 жылдармен салыстырғанда отарлардың бостандық алуы біршама нашарлады. 1990 жылдың наурызында бұрынғы Біріккен Араб Республикасының отары болып келген Намибия тәуелсіздік алды. Бұл ел БҰҰ-ның мәліметі бойынша ең ірі отарлардың бірі болып есептелетін. Батыс Сахара 13 жылға созылған соғысты тоқтатып, Мароккомен келісімге келді. Сянган Гонконг және Аомынь Гонконг тағдыры да шешілді. Қазіргі кезде халықаралық мәселелер проблемалары жөніндегі мамандар мен саясаттанушылар жер шары бойынша территориялық шекаралар және басқа да талас – тартыс тудырып отырған 300 «ыстық нүкте» бар екенін, оның ішінде 100-ден астамының жағдайы өте күрделі екендігін айтады. Олардың кейбіреулері бір – біріне жақын, ал енді біреулері өте қашықта орналасқан. Мысалы, Ұлыбритания мен Аргентинаның арасындағы Фолкленд аралдары жөніндегі шиеленіс. Австралиялық ғалымдар М.Данго және В.Экхардтың зерттеулері бойынша екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1990 жылды қоса есептегенде жер бетінде екі және одан да көп мемлекеттер қатысқан 450-ге жуық әртүрлі масштабтағы соғыстар болыпты, орта есеппен жылына 10 соғыстан келеді. Мұның жартысы территория және шекараға байланысты болған. Мысалы, 8 жылға созылған 1980-1988 жылдар арасында Иран – Ирак арасындағы қантөгіс соғыс бар болғаны 508 шаршы км., Штатт-Эль-Араб өзені арасындағы Тигр мен Евфратқа құятын жерге байланысты болды. Осы жерге Ирак мұнайды экспорттайтын Фао портын салған. Бірақ жер Иранға қарайтын. Осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Әлемдегі елдердің саяси-мемлекеттік құрылысының әртүрлі формалары. Қазіргі кезде мемлекеттік басқарудың 4 формасы қалыптасып отыр: республикалық, монархиялық, бірлестік, «бұқараның мемлекеті». Дүние жүзінде 127 республика бар. Бұл жалпы мемлекеттер санының төрттен үш бөлігі. Басқарудың бұл түрін – прогрессивтік және демократиялық формасына жатқызады. Бұл форманы өткен ғасырда Латын Америкасы елдерінің көбі қалап алды, осы ғасырдың басында Азиядағы бұрынғы отарлардың бәрі дерлік республикалық басқару формасын қабылдады. Оның ең ірілері: Үндістан, Индонезия, Вьетнам, Филиппин және т.б. қазіргі Американың 52 мемлекетінің – 48-і республика. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Италия, Грекия және мыңдаған жылдар бойына монархиялық формадағы басқаруда болып келген Египет, Эфиопия, Иран көшті. Республикалық басқару формасындағы мемлекеттердің жүргізетін саясатында, әлеуметтік жағдайында, тағы басқа қатынастарында көптеген айырмашылықтар бар. Мысалы, Швейцария және Джибути, Франция, Иран, Аргентина және Гаитиді салыстыруға болады. Қазіргі монархиялық басқару формасындағы елдердің саны 30: Америкада монархиялық басқарудағы ел жоқ, мұхиттық аралдарда – 2, Африкада – 3, Азияда – 13, Еуропада – 12. Еуропадағы бір елдің басқару формасы таласты. Ол Андорра: Франция мен Испанияның аралығында орналасқан небәрі 6 селолық қауымнан тұратын кішкентай ғана мемлекет. Іс жүзінде республика, формальді түрде конституциялық монархия, князьдік. Халықаралық мамандар Андорраны монархияға жатқызады. Жапония империясы монархияға жатады. Қалған көптеген монархиялар – корольдік, бірнеше князьдіктер, сұлтандар. Кейбір монархиялық формалардың республикаға ұқсайтын элементтері бар. Мысалы, Малайзиядағы монархты сұлтандар өз ортасынан 5 жыдық мерзімге сайлайды. Біріккен Араб Эмиратында эмирлердің кеңесінде мемлекет басшысы – президент 5 жылға сайланады. Көптеген мемлекеттер конституциялық монархия, бірақ бұрынғысынша абсолюттік монархиялықтар болмайды, монархтың жарлығымен жұмыс істейді. Еуропада абсолюттік теократтық монархия тек қана Ватиканда, ал Азияда мұның саны көп: Оңтүстік – Шығыс Азияда – Бруней, Оңтүстік Азияда – Бутан, Сауд Аравиясы, Оман, Біріккен Араб эмираты, Катар, Оңтүстік-Батыс Азияда – Бахрейн және Кувейт. Мемлекеттік басқарудың үшінші формасы – бірлестік. Оған – Канада, Австралия жатады. Бірлестікке басшылықты Ұлыбритания жүргізеді. Бірлестікке кіретін елдердің саны 50, олар барлығына ортақ поблемаларды екі жылда бір рет өтетін конференцияда талқылайды. Оған премьер-министрлер қаржы министрлері қатысады. Бірлестіктің бәріне бірдей ортақ конституциясы, одақтың шарттары, ресми тулары жоқ. Халықаралық ұйымдардың жұмысына мысалы, БҰҰ т.б. қатыспайды. Бірлестіктің мүшелері қалаған уақытта бірлестіктен ешқандай кіріссіз шыға алады.&nbs |