ХIХ ҒАСЫРДЫҢ САЯСИ КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ
ХIХ ҒАСЫРДЫҢ САЯСИ КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы саяси-құқықтық теориялардың негізгі бағыттары. Бұл мерзімде капиталистік өркениет екі дәуірлік фактордың ықпалымен дамыды. Бірінші¬ден, Ұлы Француз революциясы капитализмге даму жолын тазартты; екіншіден, өнеркәсіптік төңкеріс капитализмді орнық¬тыра түсті. Монополизмге дейінгі капитализмде буржуазиялық бостандыққа, прогреске, заңдылыққа ұмтылысы байқалды. Буржуазиялық саясаттың негізгі бағыты либерализм болды. Бірақ либерализм дәйекті болған жоқ. Буржуазиялық ескі феодалдық қалдықтармен: дворяндармен, монархиямен ком¬промиске келіп отырды. Буржуазия пролетариаттан да қорық¬ты. Енді ХVIII ғасырдағы «бостандық, теңдік және бауыр¬ластық» жолындағы патшалық «буржуазияның патшалығына» айналды. Билікке ие болған буржуазия революциялық идеоло¬гиядан бас тартып, саясаттың, құқықтың, мемлекеттің либе¬ралдық теорияларын жасап, буржуазияның өктемдігін барлық жағынан қорғады. Мұндай буржуазиялық либерализм Францияда Бенжамен Констанның (1767-1830) «Конституциялық саясаттың бағыты», ағылшындық Иеремия Бентамның (1748-1832) «Заңдылық принциптері», «Деонтология», «Барлық мемлекеттер үшін конституциялық кодекстің бастамасы» деген еңбектерінде көрініс тапты. Неміс тарихшысы, экономисі Лоренц фон Штейн (1815-1890) «Қазіргі Франциядағы социализм мен коммунизм», «Франциядағы әлеуметтік қозғалыстың тарихы», «Қоғам тура¬лы ілім», «Басқару теориясы» деген шығармаларында бур¬жуазиялық идеологтердің ең алғашқыларының бірі болып жоғарыда сөз болған мәселелерді зерттеді. Гегельдің әсері¬мен ол мемлекеттік және азаматтық қоғамдарды ажырата білді. Конституциялық монархияны өте дәріптеді. Проле¬тариатты алаңдату керек деді. Француз ойшылы Огюст Конт (1798-1857) 6 томдық «Пози¬тивті философияның курсы» мен 4 томдық «Позитивтік саясат¬тың жүйесі» деген шығармаларын жазды. Конттың позитивизмі бойынша, ғылым еш нәрсенің ішкі мәнін анықтай алмайды, тек құбылыстарды ғана түсініп біледі. Ол Сен-Симонның ізімен адамзаттың жеке адамның да интеллектуалды рухани дамуының үш сатысы жөніндегі идеяны дамытты. Қоғам дамуының алғашқы теологиялық сатысында барлық құбы¬лыстар діни тұрғыда түсіндірілсе, екінші метафизикалық саты¬сында құдіретті күштердің орнына табиғат құбылыстарының себебі мәні арқылы түсіндіріледі. Үшінші дәуірде қоғамдық ғылым пайда болып, қоғамның жарасымды, рационалды ұйымдасуына мүмкіндік туады. Конттың социологиясы әлеуметтік статикаға және әлеу¬меттік динамикаға бөлінеді. Конт Сен-Симон сияқты социа¬лизмге үзілді-кесілді қарсы шықты, капитализмді қорғау керек деді. Адамдарды діннің қыспағынан азат етуді қолдады. Оның орнына социократияны, капиталистік антиутопияны таңбақшы болды. Орта ғасырлық позитивизмнің негізін салушылардың бірі, ағылшындық психолог – Герберт Спенсер (1820-1903) болды. Ол дүниедегі құбылыстарды танығанымызбен олардың мәнін түсініп біле алмаймыз дейді. Оның эволюциялық тұжырымда¬масы әлеуметтік көзқарасымен қоғамның органикалық теория¬сы деп аталатын іліміне негіз болды. Спенсер социализмге қарсы болып, революцияны қоғамдық организмнің «індеті» деп есептеді. Мемлекет («саяси агрегат», «саяси қоғам») тірі организм сияқты бөлшектері бір-бірімен қатынаста болады. Мемлекетте дифференциация және мамандану да болады. Спенсер капиталистік бәсекені жоғары бағалады. Мемлекеттің екі типін көрсетті: біріншісі – қарапайым немесе жыртқыш; екіншісі – жоғарғы немесе индустриалды. Біріншісінің шұғыл-данатыны – соғыс, екіншісінікі – ішкі шаруашылық тұрмысты ұстап тұру және бұл ретте құрылатын ұйым кеңінен дамиды. Қазіргі буржуазиялық саясаттануда Спенсердің бюрократия туралы, саяси ұйымдарды зерттеудегі жүйелі, құрылымдық-функциялық талдау, ұқсастық табу әдістері кеңінен қолда¬нылуда. Ресейдегі саяси және құқықтық ілімдер. Қарастырылып отырған кезеңде феодализм ыдырай түсті. Орыс самодер¬жавиесінің саяси бағыты реакциядан либерализмге дейін өзгеріп отырды. Көптеген либералдық реформалардың жоба-лары жасалды. Дворяндардың басым көпшілігі заңдармен шектелмеген самодержавиені және крепостниктік правоны сақтап қалуды жақтады. Бұл Карамзиннің саяси идеоло¬гиясында анық көрінді. Осы тұста декабристердің де тарих аренасына шыққандығы белгілі. Александр I патшаның статус-секретары болған Михаил Михаилович Сперанский (1772-1839) революцияны болдыр¬мау үшін самодержавиеге конституциялық монархия түрін енгізуді ұсынды. Оның ішкі және сыртқы саясаттағы көзқарасы помещиктердің наразылығын туғызды. Сперанскийдің басқа¬руымен Ресей империясының 45 томдық заңдар жинағы шықты. Онда сенатта үш тармақ: заң шығару, орындаушы, соттық деп көрсетіліп, мемлекеттік Совет, мемлекеттік Дума құру ұсынылды. Азаматтардың азаматтық және саяси құқық¬тарының болуы көрсетілді. Жоғарғы мемлекеттік қызметті тек дворяндар ғана алуы мүмкін. Төменгілердің саяси құқығы болмайды. Ол крепостниктік құқықты жоюды әлденеше рет айтқан. Бірақ помещиктердің жерінің сақталуы көрсетілген. Ресей үшін самодержавиелік шексіз билік бірден-бір қажетті дейді. Анархо-синдикализм. Париж коммунасы жеңілгеннен кейін әр түрлі сектанттар, реформистер, анархистер, әсіресе Бакунин шабуылға шықты. Мемлекетті жою керек деген бакунизмнің субъективистік-идеалистік докторинасына Маркс пен Энгельс қарсы шықты. Бакуниннің анархистік көзқарасы Прудонның ықпалымен қалыптасты. Бакуниннің түсінігі бойынша тарих – адамзаттың «жануарлар дүниесінен» «бос¬тандық дүниесіне» эволюциялық жолмен көшу процесі. Зұлымдықтың барлығы мемлекеттен деп қате түсініп, мемлекеттік құрылысқа, пролетариат диктатурасына қарсы шықты. Бакунин әлеуметтік революцияны қиялдай отырып, оның мазмұнын, жұмысшы табының тарихи міндетін түсіне алмады. Ол бар үмітін шаруаға, қаланың жартылай проле¬тариаты мен люмпен-пролетариатына артты. Петр Алексеевич Кропоткин (1842-1921) – князь, револю¬ционер, анархист, географ, ғалым болған адам. «Біз болашақ құрылыстың мұратын қарастыруға тиістіміз бе?», «Револю¬циялық насихат бағдарламасы» деген еңбектер жазып, өзінің анархистік көзқарасын баяндады. Оның ықпалымен Ресейде анархистік топтар құрылды. Бірінші орыс революциясы жыл¬дарында «Анархия, оның философиясы, оның идеалы», «Анархия және оның социалистік революциядағы орны» деген еңбектерін жазды. Қазан төңкерісінен кейін Ресейде «тап¬тарды татуластыру» идеясын насихаттады. Қанаушыларға қарсы күрес – прогрессивтік, бірақ ол өкімет билігі үшін күреске айналмауы тиіс, өйткені әрбір өкімет, тіпті революцияшыл диктатураның өзі де зорлықтың, деспотизмнің құралына айна¬лады деп есептеді. Болашақ қоғам өзара көмек пен ынтымаққа негізделген ерікті федерациялық одақтар болуға тиіс. «Өкімет¬сіз социализм» жолындағы революциялық күрес туралы утопиялық идеясы да бар. Кропоткин «Ұлы Француз револю¬циясы» атты еңбегінде революция эволюциямен алмасады деген пікірін қоғам дамуының ортақ заңдылығы деп ұсынды. Революция орындай алмағандарды эволюция жүзеге асырады деді. Ресейде революциялық демократизм идеяларының тара¬луына Александр Иванович Герцен (1812-1870) көп әсер етті. «Ғылымдағы дилетантизм», «Табиғатты зерттеу жөніндегі хаттар», «Коперниктің күн системасы», «Адамның табиғаттағы алатын орны» деген еңбектерінде адам мен табиғаттың, материя мен сананың, эмпирия (тәжірибе) мен ақыл-ой бірлігінің мәнін түсіндіруге тырысады. Ол Гегель диалектика¬сын «революцияның алгебрасы» деп, адамзаттың антогонизм¬сіз қоғам орнату мақсатында дамуын заңды деп дәлелдемек болды. Герцен келешекте ақыл-ойдың құдіретімен тарихтың ең қажетті кезеңдері антикаға тән табиғатқа табыну, реализм жеке адамның тәуелсіздігі, рухани бостандық принциптері жүзеге асады деп үміттенді. Осы принциптерді социализм мұраттарымен барабар деп санады. Герцен тарихи дамудың заңдылығы адамзат қоғамының ішкі қайшылықтарынан, билеп төстеушілер мен езілген таптардың арасындағы күрестен туады деп білді. Капиталистік құрылысты өткір сынады, буржуазиялық либерализмді әшкереледі. Әдебиет самодержа¬виеге қарсы күреске шақыратын қуатты құрал деді. Езілген халықтарға көңіл бөлді. Есет Көтібаровтың көтерілісін жазалаған патша өкіметін айыптады. «Өткендер мен ойлар» шығармасы – Ресей мен Батыс Еуропадағы қоғамдық өмір мен революциялық күрестің шежіресі, орыстың қоғамдық ой-пікірлеріндегі идеялық ізденістің тамаша ескерткіші. Николай Гаврилович Чернышевский (1828-1889) – револю¬ционер-демократ, социалист-утопист. Елдегі патшалыққа, феодалдық-буржуазиялық қоғамға қарсы революциялық-социалистік идеяларға сенімді болды. Революциялық Ресейдің танымал көсемі революциялық ұйым құру идеясын «Өзге¬рістердің басы емес пе?» деген мақаласында насихат¬тады. Басыбайлылық пен патшалық тәртіпке қарсы рево¬люциялық күреске берілді. Шаруалар революция арқылы Ресейде социалистік қоғамдық қатынастарға апаратын жолға түседі деп сенді. «Философиядағы антропологиялық принцип» деген еңбегінде адамның тума қабілетін, білімін жоғары бағаласа, «Даналық теориясында» ағартушылық рациона¬лизмге бой ұрады. Көркемөнердің шын мақсаты адамды азат етуге бағытталуы керек деген жаңа эстетикалық теория жа¬сады. «Не істеу керек?» атты романы соның кепілі. «Пролог» романы да қоғамды революция арқылы қайта құру проблема¬сына, «жаңа адамдарға» арналған. Чернышевский¬дің еңбек¬тері Ресейде марксизм-ленинизм идеяларының қанат жаюына негіз қалады. Революцияшыл-халықшыл Петр Лаврович Лавров (1823-1900) «Тарихи хаттар» деген еңбегінде тарихты оқ Скачать |