Социология ғылымы


Социология ғылымы

 

1. Социология (XIXг-дын, 30-40 ж-да қалыптасқан) біршама жас ғылым болып табылады. Өйткені оныңғылым ретінде қалыптасуының өзіне қоғамдықдамудыңбелгілі кезеңінде ғана қажеттілік туды.

Алайда, социологияның кеш пайда болуыоған дейін қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлар болмады деген пікір тумауы керек. Керісінше, ондай ойлар басқа ғылымдардыңшеңберінде көріне бастаған болатын. Мәселен, философиялықэкономикалық, тарихи, саяси шығармаларда жалпықоғам, оныңкейбір элементтері және оныңдаму заңдылықтары туралы пікірлер бой көрсете бастады. Осы орайда, Ертедегі Шығыс цивилизациясының — Көне Египет, Вавилон, Үнді, Қытай - қоғам туралы пікірі мен ойларын айтуға болады. Мәселен, конфуцийшылар коғамтанушылар болып есептеледі. Олардыңқоғам туралы іліміндегі негізгі мәселе — адамдар арасындағықатынас және тәрбие мәселесі. Конфуций ертедегі Қытай қауымдастығындағы адамдардың өзін-өзі абыроймен ұстау дәстүрін, олардыңшыншыл, өнегелі болатын, жаман кылықтарданбойларын аулақ ұстау дәстүрін көрсетеді. Сондай-ақКофуций кейінгі адамдардың бойындағы ондай моральдықнормалардың азайып бара жатқандығын атап өтеді. Адамдардағы популизмге, атаққұмарлықка ұмтылу пиғылдарыныңөріс алу тенденциясын, кегін екінші біреуден алу,өз кемшілігін түзету қасиеттерінің жоғалу тенденцияларын көрсетеді. Конфуций этикасы «қайырымдылық», «кішіпейілділік», «адамды сүю» «тура жолмен жүру» сияқты принциптерге сүйенеді.Сайыпкелгенде, Конфуций адамдар арасымдағы әлеуметтік қатынасты — борыш пен заңды мойындайтын, орынға коятын адам мен өз пайдасын көздейтіп адамды салыстыра отырып, олардың адамдықобраздарындағы айырмашылықтарды ашу арқылы көрсетеді. Бірінші образдағы адам бірлікке, татулыққа ұмтылатындығын, ал екіншісінің оған кері құбылыстарғаұмтылатынын баса айтқан.

Ежелгі Үндістанда әлеуметгік ойлар буддизм мен джайнизм мектептерінің социологиялык. мифтерінде біршама карастырылған. Мәселен, джайнизмнік этикалық, эстетикалық жүйесінде адам мінез-құлқындағы кейбір нормалар мси тақуалық (аскетизм) мінездіңкей формалары берілген. Тақуалық(аскетизм) дегсн «нәпсіні тый» дегенмағынаны береді. Ондай норманыңбірі ретінде ахисаны алады, яғни «тірі жанға зиян келтірмеу» принципі.

Әлеуметтік теорияның біршама айқын элементтсрі ежелгі Грецияда қалыптаса бастады. Мәселен, әлеуметтік пікірдің кейбір элементтерін Гомер мен Гесиодтың шығармаларынан кездестіруге болады. Алайда, ежелгі Грек философтарыныңарасында қоғамға және коғамдық институттарға ерекше көңіл бөлгендер софистер болды. Оларға дейінгілер көбінесе табиғатқа баса назар аударса, софистер адам мен коғамға басты назар аударады. Өйткені, сол кездегі ежелгі Грециядағы саяси жағдай философтарды адам мен қоғам мәселссіне көңіл аударуға мәжбүр еткен болатын.

Платон өзінің социологиялық мифтерінде софистердің мемлекет адамдарынын ортақкелісімінің нәтижесінде пайда болды деген пікірге қарсы болады. Платонның пікірінше, мемлекет адам мүдделерінің әртүрлі болуына негізделіп құралатын болған, содан еңбек бөлінісі пайда болады. Қоғамдық еңбектің бөлінісіне байланысты Платон адамдарды үш топқа (кастаға) бөледі: жоғарғы билеуші топ, қолөнершілер және құлдар. Адамдар арасындағы касталық қатынасты жақтайды. Адамдар, Платонныңпікірінше, табиғатынан теңемес. Жаратылысынан адамныңбірі аристократ, екіншісі шаруа, үшіншісі құл болып туылады және өмір бойы солай өтеді. Халық соны мойындауы керек. Бірақ олар тату өмір сүруі тиіс, өйткені олардыңбәріне ортақнәрсе — Жер-Ана деп көрсетеді.,

Социологиялықой дүниесіндеАристотельдің де алатын орны ерекше. Аристотель ежелгі Грециянын саяси тәжірибесін қортындылай келе, адам - әлеуметтік жаратылыс деген Қорытындыға келеді. Мемлекет адамдардың туа біткен «бірігіп өмір сүруге ұмтылғыштыққасиетінен пайда болады депкөрсетеді. Оның пікірінше, коғам үлкен екі әлеуметтік институтқа бөлінеді: құл иеленуіпілер және кұлдар. Бұл да Платонның идеясын колдайды, яғни адамдар жаратылысынан тең емес деп түсінеді. Аристотель мемлекеттің мақсаты - адамдардың бақытты өмірін қамтамасызетудеп есептейді. Мемлекетқоғамдағы жалпы мүддеге қызмет етуі керек деп көрсетеді. Бәрінеортақмақсат -өздері құрғанқоғамды, мемлекеттік құрылысты сақтау болып табылады.

2. Социологияның дербес ғылым ретінде пайда болып қалыптасуы батыста француз философы О.Конттың есімімен байланысты (1798-1857). Ол ең алдымен Батыстағы позитивистік философияиың негізін салушы болып есептеледі. Оның1830-шы жылдары «Позитивті философиянын курсы» деп аталатын 6 томдық еңбегі жарық көреді. Мінеосы еңбегінде негізінен оныңсоциологиялықойлары айтылады. Мәселен, осы еңбегінің 3-ші томында алғаш рет Конт «социология» деген ұғымды енгізеді және қоғамды ғылыми негізде зерттеу мақсатын кояды. Мінеосы пікір социологияныңғылым ретінде пайда болып, дамуына негіз болады.,

Қорыта келгенде, О.Конттыңсоциологиялық концепциясында басты екі идея жатыр. Біріншісі— қоғамтануда ғылыми тәсілді қолдану болса; екіншісі - әлеуметтік реформаларды жасауда іс жүзіндс ғылымды қолдану идеясы. Ғылыми білім қоғамныңдұрыс дамуы үшін қызметететініне Конт кәміл сенді.

ХІХ ғасырдың ағылшын ғалым-философы Г.Спенсер социологияның қалыптасып дамуында маңызды роль атқарады. Жас кезінен ғылым жолына түскен (темір жол инженері) Г. Спенсер, Дарвиинің эвюлюциялық теориясының ықпалымен, эволюция үрдісімен айналысады. Ол эиолюция теориясын, дүниенің барлық салаларын түсіндіру үшін қолдануға болады деген қорытындыға келеді. Спенсер қоғамды биологиялық организмдермен салыстыра отырып, оны адамзат коғамының тарихына да қолдануға болады деп мойындайды.

Қолданылған әдебиеттер

1.   Тұрғынбаев Ә. Х. Социология. Алматы - 2001

2.   Раев Д. С. Социология тарихи қалыптасу кезеңдері. Алматы – 1999

3.   Ақиқат. № 6. 1999

 


Скачать