Саясаттағы марксистік концепцияның алатын орны


Саясаттағы марксистік концепцияның алатын орны

 

Марксизмге көзқарас қалай өзгерді? Марксизм ХIХ- ғасырда дүниеге келіп, ХХ-ғасырда көптеген елдерге кеңінен тараған философиялық, экономикалық, әлеуметтік көзқарастардың жүйесі. Бүгінгі таңда марксизм туралы әртүрлі баға беріліп, тұжырымдар жасалуда. Олардың басым көпшілігі марксизмді қатты сынап, тіпті, бұл бағытта қате, теріс идеология деп көрсетуде. Әсіресе ТМД елдері деп аталатын, бұрынғы Кеңес Одағының республикаларында марксизм өте төмен бағалануда. Оны оқу процесінен алып тастап, Маркстің, Энгельстің, Лениннің еңбектерін саяси-қоғамдық пәндердің әдебиеттер тізіміне енгізуден бас тартып отыр. Кейбір жоғары оқу орындарында марксизм деген аттан безіп кеткен кафедралар да аз емес.

беделін түсірген, ең алдымен объективті жағдайлар. Бұл жағдайлар марксимзге тікелей байланысты емес. Шығыс Еуропаның Чехославакия, Польша, Алмания, Венгрия, Румыния, Болгария, Албания, Югославия сияқты елдерінде социализмнің күйреуі. Бұл күйреу тез арада өтті де, осы аталған елдер капиталистік, (мүмкін демократиялық) жолға бет бұрды. Алайда ең түбегейлі төңкеріс КСРО-ның кенеттен жойылуымен байланысты болды. Оның құлауы – қайта құру деген іс-әрекеттен басталды. Бұл мемлекеттердің стратегиялық бағыты – социализм болмай, өздерінің жариялауы бойынша – демкоратиялық қоғам болып шықты.

1990-жылға дейін дүние жүзінде 15 социалистік ел болса, қазір «социалистік елдеріміз» деушілер саны 4-тен аспайды. Сонымн, социализм де, коммунизм де қоғамдық құрылым ретінде аса ірі күйзеліске ұшырады. Осыған орай, көптеген елдер коммунистік идеология, ресми идеология, марксизмнің негізі деген сипатынан толықтай айырылуға жақындап, бұл идеологияның беделі төмендеді. Ресми, мемлекеттік идеология деген сипаттан айырылу — марксизмнің осалдануының ең үлкен, әрі түпкілікті себептерінің бірі болып отыр.

Екіншіден, капиталистік деп аталып жүрген елдердің Еуропада, Америкада т.б. құрлықтарда экономикалық жағынан соңғы жылдарда қатты дамып кеткенін ескермеске болмайды. Бұл жғдай капитализмнің қирап жатқан, болашағы жоқ деген маркстік тұжырымның дәлелденбегенін көрсетті. Жапония, Франция, Англия, Батыс Алмания, Италия, Испания, Швеция, Дания, Швейцария, т.б. капиталистік елдерде еңбекші халықтың тұрмыс жағдайы социалистік елдердегіден гөрі жоғары екендігі білініп, осы елдерде жұмысшы қозғалысы бәсеңдеп, орта таптың саны көбеюде. Шығыс Азия елдері, оның ішінде Түркия, Иран, араб елдері, соңғы он жылда біркелкі қарқынмен дамып, экономика саласында ілгері басты. Ал КСРО-дағы Орта Азия республикалары мен Қазақстан, керісінше, экономикалық дағдарысқа, күйзеліске ұшырап, осы тығырықтан шығар жол іздеуде.

Мәселен, бүгінгі күні ТМД елдерінде экономикалық реформаның немесе, басқадай айтқанда, социализмнен капитализмге көшудің жүрмей, терең тамырлы, кең алқымды экономикалық дағдарысқа ұшырауының ең басты себептерінің бірі – экономикалық теорияның жоқтығы. Ешбір адам М.Горбачев, А.Яковлев, В.Медведев те, Н.Рыжков пен Л.Абалкин де, экономист ғалымдар С.Шаталин, Н.Петраков, П.Бунич, Г.Попов, Л.Пияшева, т.б. да капитализмнің социализмнен артықшылығын, социализмнің болашағы жоқтығын теория жүзінде дәлелдеп еңбек жазған жоқ. Бірін-бірі қайталап, бәрінің айтып жүрген жалғыз дәлелі – озат дамыған капиталистік елдерде (олардың тілімен айтқанда, нарықтық экономика елдерінде) социализм өмір сүрген елдерге қарағанда еңбек өнімділгі жоғары.

Бұл көрсеткіш екі жүйенің өзара жарысында социализмде ол өзінің ең жоғары деңгейіне жете алады, соның нәтижесінде ол капитализмді жеңеді деп К.Маркс пен В.И.Ленин айтқан, оған қол жетпеді, жүзеге аспады, ал капиталистік елдерде өндіріс тиімділігі, халықтың өмір деңгейі жоғары делінеді.

Қоғамдық, бүкілхалықтық, мемлекеттік меншік, ешкімнің меншігі болмай шықты, оны көбейтуге, дұрыс пайдалануға ешкім де мүдделі емес, ешкімнің жаны ашымайды, қажырлы, өнімді, сапалы еңбек етуге жұмылдырмайды, жекеменшік аянбай жұмыс жасатады, «өзім дегенде өгіз қара күшім барға» әкелді дейді. Социализмнің болашағы жоқтығының капитализмнің өміршеңдігіне келтіретін қысқаша дәлелдері осындай.

Әрине, нарықтық экономика деген (капитализмнің бүркеншек аты ғой) құрылысты мақтаушылар ол — өздігінен реттеліп тұратын жүйе, социализм болса тоталитарлық, әміршіл-әкімшіл құрылыс, соңғысының ештеңе шығара алмайтындығын айтады. Жалаң сөзден басқа ғылыми негізде, үлкен тәжірибені жинақтауға сүйенген, дәлелі күшті, нанымды ілім жоқ.

Шығыс Еуропа елдерінде де, ТМД елдерінде де жоспарлы, мемлекеттік меншіктегі экономикадан, жоспарсыз жекеменшіктегі, бәсекеге негізделген экономикаға үлкен дағдарыссыз көшудің өмір сынынан өткен теориясы да, тәжірибесі де жоқ екенін уақыт көрсетті.

Оның бергі жағында дамыған Еуропа елдерінде, Америкада, Жапонияда жұмысшы қозғалысы бәсеңдеп, коммунистердің беделі түсе бастады. Әсіресе, Шығыс Еуропада, Кеңес Одағында коммунистік режимнің құлауы жалпы коммунистік қозғалыстың ісіне зор нұқсан келтірді.

Қытайда, Солтүстік Кореяда, Вьетнамда, Кубада әлі де болса коммунистік режим сақталып отыр, ал марксизм осы елдерде ресми идеология ретінде өз әсерін тигізуде.

Марксизмнің беделін түсіріп отырған жоғарыда айтылған объективтік факторлар ғана емес. Көптеген себептер марксизмнің өзінің мазмұны мен мәніне, оның ішкі қайшылықтарына байланысты болып отыр. Тарихта орын алған идеялардың ешбірі қателікпен қашып құтылған емес. Қандай да болмасын философиялық, экономикалық, саяси-қоғамдық тұжырым-дамаларды алсақ та олардың кемшіліктерін, жіберген қателіктерін араға уақыт салып байқаймыз.

Марксимзге берілген қазіргі саяси баға. Маркстің, Энегльстің, Лениннің және де басқа да марксистердің еңбектерінде теріс қорытындылар аз болған жоқ. Ол заңды да.

Біріншіден, Еуропа елдерін, оның ішінде Англия, Франция сияқты дамыған елдерді зерттеу нәтижесінде марксизм дүниеге келді. Бірақ марксистер Еуропа заңдылықтарын барлық елдерге, оның ішінде Шығыс елдеріне де тән дейді. Көпшілік зерттеушілерге Маркстің «Азия жолы» деген принципті ұсынғаны белгілі. Мұнда азиялық өндіріс әдісі тұжырымдамасын қолдады. Дегенмен Маркс бұл тұжырымдаманы әрі қарай дамыта алмады да, ал оның шәкірттері бұл мәселеге көңіл бөлмеді. Кейіннен Ленин т.б. марксистер Азия елдерінің дамуында ерекшеліктің бар екендігін біле тұра, бұл принцпиті зерттемеді. Осының салдарынан Ресейде Қазан революциясынан кейін Орта Азия, Қазақстан, т.б. Шығыс елдері Ресейдің бағытымен социализмге қарай дами береді деген қорытынды жасалды. Марксизмді тек еуропалық ілім, оның жалпы адамзаттың дамуына әсері жоқ деп айтуға болмайды. Дегенмен, бұл ілімнің еуропалық дамудың негізінде пайда болып, ал Азия елдерінің ерекшеліктерін түсіндіре алмағаны сөзсіз.

Екіншіден, Маркс, Энгельс, т.б. марксистер ХIХ ғасырда өздерінің шығармаларында капиталистік қағиданы жан-жақты зерттеді. Әсіресе, Маркс өзінің «Капиталында» капитализмді терең зерттеді. «Капиталды» ешкім теріске шығара алмайды. Бірақ Маркс монополизмге дейінгі сатысын зерттеді. Әр қоғамның, әсіресе, оның бастапқы даму кезеңіндегі қайшылықтарының көп болатыны мәлім. Кейбір қайшылықтар шиеленісе келе революцияға, азамат соғысына апарып соғады. Міне, осы жағдайлардың бәрі Маркс зерттеген капитализмде орын алды. Осы қайшылықтар шиеленісе түссе, пролетариат диктатурасына әкеледі, деп қорытады Маркс. Бірақ одан кейін капитализм қалай дамыды? Міне, мәселе осында. Ал қазіргі капитализмнің дамуы марксизмнің қорытындыларын дәлелдемей отыр.

Маркстің ХIХ ғасырдағы капитализм туралы тұжырымдамасын марксистер ХХ ғасырдың екінші жартысында сол күйіне пайдалануды талап етіп, барлық дүние жүзіндегі құбылыстарды осы тұжырымдама арқылы түсіндіруге тырысты.

Үшіншіден, марксизмнің догмалық көзқарасқа айналуына себепкер – коммунистік партиялардың басшылары мен олардың идеологтары, шығармашылықпен дамыта алмады. Тек Ленин марксизмнің кейбір принциптеріне өзгерістер енгізді. Ал, ол өзгерістердің өзі де сол кездегі саяси жағдайларға байланысты болды. Қорытып айтқанда, нақтылы бір тарихи жағдайда дүниеге келген марксизм, 150 жыл бойы шығармашылық тұрғыда дами алмады. Марксизм нақтылы өмірден қалып қойды. Мұндай жағдайға, қандай да болсын көзқарас, принциптер, тұжырымдамалар күйзеліске, дағдарысқа ұшырап, догматизмге бас ұрады.

Төртіншіден, марксизмді қолайсыз жағдайға ұшыратқан күштеу теориясы. Маркстің бұл теориясы бойынша күшті тек күш қана жеңеді. Капитализмді тек пролетарлық революция арқылы ғана құртуға болады. Бірақ күшті, революцияны қоғам дамуының заңдылығы деп қарау – ХХ ғасырда адамзатты бұрын-соңды болып көрмеген апатқа ұшыратты: көптеген адам осы теорияның құрбаны болды. Большевиктер осы теорияны басшылыққа ала отырып Ресейде, т.б. бұрынғы Ресейдің қол астынағы елдерде пролетариат диктатурасын орнатып, ешқандай келісімге келмейтін тап күресін бастады. Оның ақыры немен тынғаны баршаға аян.

Бесіншіден, марксизмнің ең маңызды, басты бөлімі — социализм мен коммунизм туралы ілімнің марксизмнен бұрын тарихта орын алып келуі. Ондай көзқарастарды марксизм қиялды социализм деп атап, қатты сынға алды. Маркс, Энгельс, кейіннен Ленин өздерінің дүниеге көзқарастарын ғылыми коммунизм деп атады. Марксизм бойынша коммунизм дегеніміз — адам қоғамының дамуындағы ең әділетті қоғам. Адам ежелден бері осындай қоғамды қиялдап келді. Сондықтан, коммунистік идея адам санасын билеп алды да, ал коммунистер осы идеяны шындыққа айналдырып, іске асыруға, осындай қоғам құруға кірісті. Нәтижесінде социализм деген құрылым пайда болды. Ал қазір ол құлаған соң «бізде шын мәнінде социализм болған жоқ, тек казармалық социализм орнады» деп жүр. Шындығында, солай да шығар, мүмкін ешқандай социализм болмаған да шығар. Қайткен күнде де өркениеттің болмай қоймайтын заңдылықтарын социализм жемісі деу ешқандай логикаға сыймайтын іс. Электр шамын «Ильич шамы» деген сандырақтан арылудың соншама ауырлығ 



Скачать