Орыс мәдениеті — мәдениеттің православилік типі


Орыс мәдениеті — мәдениеттің православилік типі

 

Дәріс мақсаты; Ежелгі Шығыс славяндарының материалдық мәдениет ескерткіші. Киев Русінің мәдениеті. Русь пен Ұлы дала мәдениеті. Мәдени реформалар. Ресейді батыстандыру. Революциядан кейінгі социалистік мәдениет. Ресей мәдениетінің болашағын қарастыру.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар:

  1. Ежелгі Шығыс славяндарының материалдық мәдениет ескерткіші.
  2. Киев Русінің мәдениеті. Русь пен Ұлы Дала мәлениеті.
  3. Мәдени реформалар. Ресейді батыстандыру.
  4. Революциядан кейінгі социалистік мәдениет. Ресей мәдениетінің болашағы.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);

         Ежелгі Шығыс славяндарының материалдық мәдениет ескерткіші. Ресей мәдениеті – адамзат баласына баға жетпес мол мәдени мұралар қалдырған дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас бөлігі. Орыс мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері негізінен төмендегі факторлармен тығыз байланысты. Олар: көптеген этикалық топтар мен халықтар мекендеген орасан зор территорияны игеру; христиан дінінің ерекше тармағы – православиені руханилылықпен дәстүрлі салт-дәстүрлерге негіздей отырып орнықтыру; уақытша болса да ұзақ уақытқа созылған батыс – еуропалық өркениеттік процестерінен оқшау дамуға байланысты туған «тұйықтыққа» бұдан әрі жол бермеу; жеке адамдардың мүддесін мемлекет мүддесіне бағындыру.

Киев русінің құлдырауынан кейінгі орыс мәдениетінің дамуындағы жарқын беттердің бірі – орыс мәдениетінің гүлденген дуірі ХУІ-ХУІІ ғасырлар, яғни мәскеулік кезең мәдениеті болып саналады. 1454 ж. Константинопольдың құлдырауына байланысты орыстың православиелік шіркеуі біртіндеп тәуелсіздік алды және батыстық христиандық дүниеден бөліне бастады. Мәскеулік Русь өзін «Қасиетті русь» деп танып, ал мәскеу – «Үшінші Римге» айналды. 1547 жылдан ІХ Иван патшалық таққа отырған кезден бастап, Русь Ресей  — деп, ал орыс елі – Ресей мемлекеті деп ресми түрде атала бастады. 1480 жылы Мәскеудің алтын Ордаға тәуелділігі жойылды, бірақ орыс еліне шығыс мәдениетінің әсері толастай қойған жоқ.

ХУІІ ғасырдың басындағы Ресей топырағындағы мәдени өзгерістер Ұлы Петрдің реформаларымен тығыз байланысты блды. Бұл кезеңде халық тарихының жаңа дәуірі басталды. Ресейдің жаңа заман мәдениетінің басты сипаты – оның басқа халықтар мәдениеттерімен тығыз байланыста дамуы болды. Ұлттық тұйықтықты бұзу мақсатында жүргізілген  көрегендік мемлекеттік саясаттың нәтижесінде Батыс елдермен қарым-қатынастар арнасы кеңейіп, Ресейге гуманистік және рационалистік ілімдер біртіндеп ене бастады. Киев Русінен бастап императорлық Ресейге дейінгі орыс мәдениетінің тарихында ХІХ ғасырдың алатын орны ерекше. Біріншіден, бұл кезең мәдени өрлеу кезеңі болғандықтан рухани биіктіктен көрінген бұл дәуірді ұлы орыс Ренессансы деп атауға болады.

ХІХ-ХХ ғасыр табалдырығында туындап келе жатқан жаңашылдық пен мәдени өзгерістердің дамуындағы шешуші кезең, орыс мәдениетінің «Алтын ғасыры». ХІХ ғасыр – Ұлылар ғасыры болды. «Ғасырлар тоғысы»-орыс мәдениетінің «күміс ғасыры» деп аталатын ерекше даму кезеңіне қолайлы жағдайлар жасады. Демек, өзінің күрделілігіне, қарама-қайшылықтарға толы өрлеуне қараастан орыс мәдениетінің «Күміс ғасыры» жетістіктерінің дүниежүзілік маңызы бар.

ХХ ғасырда  идеология – мәдениеттің негізгі мазмұны деген жалған қағида бағдарламаға айналды., соның нәтижесінде Ресейдің ұлттық интеллигенциясына қиянат жасалды, мәдениеттің басты құндылықтары жойыла бастады. Соған қарамастан ХХ ғасыр орыс еліне тамаша дарынды ғалымдарды, жазушыларды, суретшілерді өнер саңлақтарын берді.

 


Скачать