Орта ғасырдағы саяси ілімдер


Орта ғасырдағы саяси ілімдер

 

Батыс Еуропаның феодалдық қоғамының саяси-құқықтық ой-пікірлері. Батыс Еуропада феодалдық құрылыс 1 мың жылдан астам уақыт дамыды. Үш тарихи кезеңнен өтті. Біріншісі Y ғасырдың соңы мен ХI ғасырдың ортасына дейінгі уақытты қамтыған ерте феодалдық кезең. Екінші кезең гүлдану дәуірі ХI ғасырдың ортасынан ХY ғасырдың аяғына дейін созылды. Ал Феодализмнің құлдырау дәуірі ХY ғасырдың соңынан ХYI ғасырдың аяғына дейінгі уақытты алды.

 

Орта ғасырлық саяси ой-пікірдің көрнекті өкілдерінің бірі орта ғасырлық діндар-философ, ғалым Фома Аквинский болды. (1225-1274 жылдар). «Билеушілердің басқаруы туралы», «Теологияның қосындылары» деген еңбектерінде мемлекет, заң, құқық туралы мәселелерді қарастырады. Аквинский Аристотельден адам табиғаты жағынан «қарым-қатынас жасайтын және саяси жануар» деген қағиданы алды. Ол мемлекеттік биліктің үш мынандай элементін енгізді:

1) мәні.

2) формасы (шығу тегі).

3) қолданылуы.

Биліктің мәнін ол құдайдан деп түсіндірді. Алайда қолында билік бар адам құдайдың өсиетін ұмытып, зұлымдық жасауы да мүмкін дейді. Ондай тиранды халықтың тақтан түсіруі де мүмкін.

Аквинский саяси биліктің: аристократиялық, олигархиялық және демократиялық түрлерін атап көрсетеді. Сонымен қатар монархиялық құрылымның абсолюттік және саяси түрлерін ажыратады. Ол заңның ерекше теориясын жасап та шығарды. Барлық заңдардың негізі алла-тәңірден деген пікір айтады. Ал табиғи заңдар болса, содан негіз алады. Адамдық заңдар да содан шығады. Адамдық заңдар туралы түсінікті енгізгенде Аквинский феодалдық заңдар туралы айтады. Оның ілімінде Інжілден негіз алатын құдайшылдық заңдары да бар. Өйткені заңдар зұлымдықтың атаулының баршасын бірдей жоя алмайды екен.

Сонымен Фома Аквинский папаны, феодалдық-монархиялық құрылысты жақтаушы ретінде олардың дұшпандарына мейірімсіз екен. Рим-католик шіркеуінің оны жоғары бағалап, «періштелік доктор» деген атақ беруі де содан. Ал папа ХIII Лев Ф.Аквинскийдің схоластикалық жүйесін «католицизмнің бірден-бір шыншыл философиясы» деп бағалады. Бұл ағым қазір максимзге, социализмге шабуыл жасауға қолданылады.

Орта ғасырлық ерестер – діни догмаға қарсы күресушілер. Оның алғашында бұқара арасында тірегі болмады. Ерестік қозғалыс ХI-ХII ғасырларда Солтүстік Италияда, Оңтүстік Францияда, Алманияда қалалық жерлерде жаппай етек алды. ХIY-ХY ғасырларда өз алдына плебейлік-(шаруа) және бюргерлік (қалалық) еретиктер дамыды. Олар алғашында Х-ХIII ғасырларда Болгарияда құдайды қолдамаушылар болып, шіркеудің өктемдігіне қарсы шықты. И.Христостың ілімін бұрмалап, шексіз байлыққа батқан шіркеу қызметкерлеріне қарсы антифеодалдық күресті өрістетті. Ерте христиандық теңдікті орнатуды көздеді. Інжіл еретиктерді қолында күшті қару болды.

Бюгерлік еретиктердің көрнекті өкілдері қатарына Оксфорд университетінің дін профессоры Джон Уиклиф (1324-1384), чех теологы Ян Гус (1371-1415) жатады. Олар басшылық еткен діни қозғалыстар ұлт-азаттық күреспен қабаттасып жатты. Аталған ойшылдар «мыңжылдық патшалық» пен теңдік орнап, ортақ істер халықтың араласуымен шешіледі деп ойлады. Бірақ олардың іс-әрекеттерін феодализмнің рухани және зиялы өкілдері жоққа шығарып отырды.

Араб Шығысы мен Орта Азиядағы және Закавказьедегі саяси ой-пікірлер. Бұл жерлерде феодалдық қанаудың кесірінен азаттық ой-пікірлер қалыптаса бастады. Өзекті мәселесі адам теңдігі мен бостандығы болды. «Құдайға құлшылық ету» түрінде ислам пайда болды. Алайда исламда қайшылықтар да жоқ емес. Құран жекеменшікті қорғаудың қажеттігін айтады. Құранның идеологиясы — құдайға бас ию мен бағыну.

Ислам сунит пен шийт ағымына бөлінеді. Ислам саясатын дәріптеушілердің бірі Ибн Рушд (1126-1198) Аристотельдің материалистік бағытын дамытты. Ғылыми ілімдер негізінде қоғамдық өмірді құруға болады, биліктен діншілерді, құдайшылдарды аластатуға болады дейді.

Саяси ойшыл Ибн Халдун (1332-1406) өзінің «Өсиеттер кітабында» қоғамдық өмір заңдылықтарын зерттеу ерекше ғылым саласы деп көрсетті. Ол діни көзқарастарға бейім болса да ғылымдық негіздерге де жол берген. Қоғамның дамуын екі фазаға бөлген: жер мен мал шаруашылығы дамитын «ауылдық тұрмыс», қолөнері мен сауда дамитын «қала тұрмысы». Әр фазаның өзіне тән билеушісі бар. Біріншісінде көсемдер мен билігі шектеулі старейшиндер, екіншісінде мемлекет басында шексіз билігі бар патша отырады. Мемлекеттің мәні жекеменшікті қорғауда деп тұжырымдады. Мемлекеттің құрылу, ыдырау және күйреу процесінде географиялық факторларға, әсіресе ауа райы жағдайларына көп назар аударды.

Орта Азиялық саяси ой-пікірлер тіпті III-Y ғасырларда алғашқы феодалдық қатынастардың дамуымен қатар қалыптаса бастады. Y ғасырдың соңы мен YI ғасырдың басында халықтық маздакизм қозғалысы өрістеп, зұлымдық пен мешеулікке қарсы игілік пен азаттықтың күресі басталды. Қозғалыс көсемі Маздак жекеменшікті зұлымдықты тудыратын фактор деп түсіндірді. Маздакизмнің басты әлеуметтік-саяси идеясы — әлеуметтік теңдікті орнату. Орта Азиядағы барлық антифеодалдық қозғалыс маздакизм туы астында өтті.

Әбу-Насыр әл-Фараби (870-950) «Тамаша қала тұрғындарының көз-қарастары туралы» деген саяси трактатында мемлекеттің шығуы, қызметі проблемалары өзара байланыста қарастырылады. Мемлекет адамдардың өз қажеттерін мүмкіндігінше жақсы құру мақсатымен бірігуі арқылы қалыптасады дейді. Қысымға, өктемдікке негізделген, сыңаржақ адам басқарған мемлекетті айыптады.

Әл-Фарабидің еңбектерінде үлгілі қоғамның жобасын жасауға талпыныс бар. Ол мемлекетті адамдардың қажеттігін қанағаттандыру мақсатымен жасалған бірлесудің нәтижесі деп есептеді. Адамзат қоғамын Фараби мынандай жіктерге бөледі: ұлы қоғам (жер бетіндегі мекендеген барлық адамдардың, халықтардың бірлестігі), орта қоғам (белгілі бір халықтың қоғамы), кіші қоғам (адамдардың жеке қалаларға бірігуі). Ол сондай-ақ мейірімділік, зұлымдық, еңбекке көзқарас туралы моральдық категорияларды басшылыққа ала отырып, қала-мемлекеттерді игілікті, ұжымдық, жеккөрінішті деп те жіктейді.

Өзінің «Фасуль ал-мадани» («Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері») деген шығармасында ол адам ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен кетіп, ғылыми өркен жайған елде тұруға тиіс, дейді. Аталған трактаттың тақырыптары әртүрлі болса да негізінен бір мақсатқа – адам мен қоғамның ара-қатынасына, оның жетілуіне арналған. Еңбектің өзіне тән бір ерекшелік сипаты — денелік және рухани құбылыстардың салыстырырлып отыратындығы.

Фараби «Азаматтық саясатта» қоғамдық мәселелерді талдауды қаладан бастаса, «Нақыл сөздерде…» ол мұны ең кішкене ұядан — от басынан немесе үйден бастайды. Аристотель сияқты ол үйді бірнеше бөлікке – ері мен әйелі, қожайыны мен қызметшісі, ата-анасы мен баласы, мүлкі және иесі деп бөледі. Үйдің өзіне тән мақсаты болады, бірақ қаланың бір бөлшегі болғандықтан, ол қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады, сөйтіп, бұл арада адамның өз басының мүдделерін қоғам мүдделеріне бағындыру туралы пікір айтылады. Бұл жерде Фарабидің қала дегенін мемлекет деп түсіне отырып, оның ойларынан үлкен азаматтық гуманизмнің биік көріністерін табамыз.

Ғылым жолына әбден берілген әл-Фараби александриялық (мысырлық) ғалымдар, яғни бір кезде Александриядан ығыстырылған несторианшыл христиандар тұратын Хорасанға келіп қоныс та тебеді. Өмірінің соңғы жылдарын Алеппо мен Дамаскіде өткізеді, мұнда солтүстік Сирияның жетекші саяси қайраткері Сейд ад-Дуаль Хамданиге аса қадірлі болды.

Әлішер Науаи (1441-1501) саяси ой-пікірлерінде халықты қыспаққа алған, қанаған рухани, діни басшыларды сынады. Халыққа қызмет етуді ең жоғарғы игілік дейді. Патшалардың қаталдығын да өткір сынайды. Дін мен оның қызметшілерін жек көрген. Дамып отырған феодализм жағдайында сауатты монарх басқарған мемлекет идеясын ұсынды. Бір орталыққа бағынған монархияны жақтады. Тұтасымен алғанда саяси ой-пікірлерінің өзекті мәселелері – мәдениетті дамыту, халыққа қызмет көрсету, жемқор феодалдарды сынау, халықтар достығы идеясы болды.

Закавказьенің ой-пікірлері. Закавказьеде феодализмнің дамуы араб басқыншыларына қарсы бағытталған күреспен қабат келді. Әзірбайжандағы Бабек бастаған шаруалар соғысы (816-837) маздакизм идеясын ұстады. Антифеодалдық, антиисламдық сипатта өрістеді. Феодалдық тәуелділік пен феодалдық жер меншігін жоюды, шаруаларды азат етуді, «баршаға бірдей теңдік» орнатуды көздеді.

Көрнекті ойшыл, ақын Низами Глянджеви (1141-1209) феодалдық қоғамның әлеуметтік және саяси құрылысын өткір сынады, езілген халықты жақтады. Шахтардың билігі зорлыққа негізелгенін айтты. Достықты, еңбекті мадақтады, ағартушылық монархиясын қолдады. «Хосров пен Шырын», «Жеті сұлу» поэмаларында осындай монархияны жырлайды. Патшалар халық үшін өмір сүруі керек дейді. «Искандер-наме» поэмасында аңызға айналған үлгілі қоғамдық құрылысы бар елді суреттейді. Онда мемлекет те, мемлекеттік құрылыс та жоқ, мүлік пен әлеуметтік жағынан тең адамдар бар жағдайды армандайды. Соғыс атаулыны айыптап, бейбітшілікті дәріптейді.

Шота Руставели (ХII-ХIII) «Жолбарыс терісін жамылған батыр» атты поэмасында күшті, тәуелсіз, бірорталыққа бағынған мемлекетті дәріптейді. Сауатты басшының идеалын қолдаған, бірақ оның билігін дарынды мемлекет қайраткерлерінің кеңесі шектеп отыруы қажет дейді. Сыртқы жаулармен күрес идеясы да бар.

Арменияның саяси ой-пікірлері туралы сөз еткенде, оның IХ-Х ғасырларда Византияның, сельжуктердің шапқыншылықтарына душар болған кезеңінен бастаймыз. Бұл тұста арменияның өз феодалдарының соғыстары да қанауды күшейткенін атау қажет. Қанаушыларға қарсы және антифеодалдық идеология ретінде «Давид Сасунский» эпосы шықты. Эпостың басты идеясы — соғ 



Скачать