Номадалардың ежелгі мәдениеті
Номадалардың ежелгі мәдениетіДәріс мақсаты: Номадалардың ежелгі мәдениеті. Алғашқы қауым мәдениеті. Миф. Өнердің пайда болуы. Діни сенімдер. Номадизм – мәдени тип ретінде. таныстыру. Тақырыпқа қатысты сұрақтар: 1. Алғашқы қауым мәдениеті. 2. Миф. Өнердің пайда болуы. Діни сенімдер. 3. Номадизм – мәдени тип ретінде. Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер): Алғашқы қоғамдық құрылыс мәдениеті қашан және қай жерде пайда болды? Бұл сұрақтың жауабы өте тереңде жақандығы соншалықты, себебі адамның қалыптасу процесінің тарихы сонау заманда жатқандығы бәрімізге белгілі. Адамдардың ең алғашқы еңбек құралдарының пайда болғандығы 2,5 млн. Жылға жуық уақыт өткендігін айтсақ та болады. Дүние жүзі жүргізіп жатқан археологиялық жұмыстардың нәтижесінде алғашқы адамдардың қоныстары ашылып олардың тастан жасалған құрал — саймандары көптеп табылуда. Ғалымдардың айтуынша алғашқы қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді: олар тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі. Белгілі зерттеуші А. Қасымжанов қазақтың өзін және дүниені тануының кейбір уақыттық кезееңдерінің сипаттамасын әмбебеап тәртіптің үлгілерімен салыстыра отырып, төмендегідей типологияны ұсынады: 1. Мифология — бұл барлық халықта өткен адамзат сана — сезімінің алғашқы тарихи нысаны. 2. Ренессанс. Сөзбе-сөз бұл қайта туу, қалпына келтіру, мәдениеттің қайсыбір классикалық жағдайына қайта оралуы деген сөз. 3. Ағартушылық — қазақ халқының ХІХ ғасырдағы рухани мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады Бейнелеу өнерінің тамаша туындысының бірі 1940 жылы Францияның оңтүстік батысындағы Монтиньяк қалашығындағы Ласко үңгірінен табылған «Алғашқы қауым бейнелеу өнерінің «сикст капелласы». Бұның әсемдігі соншалық, адамдардың олардың түпнұскасы екендігіне күмән келтіріп, жұртты мазақ ету үшін осы заманғы суретшілердің салған туындылары деген сөздерді таратты, алайда бұл жалған пікірді ғылыми сараптама мүлде жоққа шығарды. Кейінгі палеолит дәуірінің үңгір суретшілерінің аң бейнелерін нанымды етіп салғаны соншалық, олар көрген адамға атылуға дайын тұрған тірі аңдардай әсер қалдырған. Өнердің таңғажайып туындылары Украинаның Мезинск қаласында табылған. ХІХ ғасырда табылған бұл археологиялық мол олжаның арасында тас және сүйектен жасалған еңбек құралдарымен қатар, киім тігетін көзі бар инелер, сүйектен жасалған сымбат геометриялық әшекейлер, ал мамонттың азу тісінен жасалған түрлі статуэткалар мен мүсіндер, білезіктер және әдемі геометриялық әшекейлермен, оюлармен безендірілген. Геометриялық әшекейлер — Мезинск өнерінің басты элементі болып табылады. Магияның негізінде көне заманғы діни наным-сенім тотемизм қалыптасты. Тотемизм — адамдардың өздерінің ата тегін жануарлармен, жануарлар дүниесімен тығыз байланысты. Австралия — тотемизм мен сиқырлаудың классикалық елі. Қазақтар ислам дініне сенеді. Бірақта көшпелі қазақтар арасында ислам діні жансарлау болды. Отырықшы қалалар мен енгіншілік аудандардағыдай терең тамыр тартып кете алмады. Көшпелі аудандарда халалалардағыдай мешіт, медреселер болмады. Бірен-саран бола қалған күнде ьек қыстау маңынд ғана болды. Қазақтар ислам дініне еннен кейіндеөздерінің исламнана бұрыңғы көптеген салт-саналарын сақтап келді. Бұл салт-сана әдет-ғұрыптар ырымдар ретінде ислам дінімен сіңісіп, айыра танығыссыз болып кетті. Номинализм - (лат. Nomen - есім, атау) – ұғымды тек жекеленген заттардың атауы ғана деп есептейтін орта ғасырлық философиялық бағыт. «Номадтық» термині адам топтарының кеңістіктегі орналасуын білдіреді. «Номадтық» терминінен және осы атаудың түп төркінінен қарым-қатынастың кешендігін бірақ экологиялық, экономикалық және әлеуметтік күштердің бүтін бірлік құрайтынын көруге болады Скачать |