Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік – құқықтық мәртебесі
Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік – құқықтық мәртебесіМемлекеттік қызметшілердің әкімшілік – құқықтық мәртебесі Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік – құқықтық мәртебесі – мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының, міндеттерінің және шектеулердің жиынтығы. «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» заңының 8 бабына сәйкес мемлекеттік қызметкер мынаған құқылы: 1) ҚР Конституциясында және өзге де заңдарымен белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға; 2) өз өкілеттілігі шегінде мәселелерді қарауға және шешім қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды тұлғалардың оларды орындауларын талап етуге; 3) белгіленген тәртіпте лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдар алуға; 4) лауазымдық міндеттерді атқару үшін белгіленген тәртіппен меншік нысандарына қарамастан ұйымдарда болуға; 5) басшыдан мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес қызметтік өкілеттілік міндеттері мен көлемін дәл белгілеуді талап етуге; 6) жеке басының қадір-қасиетінің құрметтелуіне; 7) өзі атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжірибесіне және заңда белгіленген өзге де негіздерге қарай ынталандырылуына және еңбегіне ақы төленуіне; 8) тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға және біліктілігін арттыруға; 9) өзінің мемлекеттік қызмет өткеруіне қатысты материалдармен кедергісіз танысуға, қажет болғанда жеке түсініктеме беруге; 10) қызметі бойынша жоғарылауға; 11) қызметшінің пікірінше негізсіз айып тағылғанда қызметтік тексеру жүргізілуін талап етуге; 12) еңбегінің қорғалуына, денсаулығынң сақталуына, қауіпсіз және жоғарғы өнімді жұмыс істеуі үшін қажетті еңбек жағдайына; 13) әлеуметтік және құқықтық қорғалуға; 14) мемлекеттік қызметтен өз қалауы бойынша босатылуға; 15) зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандырылуға; 16) жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға мемлекеттік қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге құқығы бар. Мемлекеттік қызметшінің мынадай негізгі міндеттері болады: 1) ҚР Конституциясы мен заңдарын сақтауға; 2) ҚР Президенті бекіткен тәртіпте ант беруге; 3) азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға; 4) өзіне берілген құқықтар шегінде және қызмет міндеттеріне сәйкес өкілеттілігін жүзеге асыруға; 5) мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға; 6) өзіне заңда белгіленген шектеулерді қабылдауға; 7) басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғарғы органдар мен лауазымды адамдардың өз һкілеттіліктері шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындауға; 8) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, соның ішінде мемлекетті қызметті тоқтатқаннан кейін де заңмен белгіленген белгілі бір уақыт ішінде, ол жөнінде қолхат бере отырып сақтауға; 9) қызметтік әдеп нормаларын сақтауға; 10) қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, азаматтардың жекеөмірін, ар — намысын және қадір -қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат беруді талап етпеуге; 11) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге; 12) мемлекеттік қызметкердің жеке мүдделері оның өкілеттілігінен түйісетін немесе қайшы келетін жағдайларда. оларды тағайындауға құқығы бар лауазымды адамды дереу хабардар етуге; 13) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға міндетті. Мемлекеттік қызметте болуға байланысты қойылатын шектеулер: 1) өкілді органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға; 2) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға; 3) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде, егер коммерциялық ұйымды басқаруға тікелей қатысу ҚР заңдарына сәйкес оның қызметтік міндетіне кірмейтін болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға; 4) үшінші тұлғалардың істері бойынша өзі қызмет істейтін не өзіне тікелей бағынысты немесе өзінің бақылауыдағы мемлекеттік органдарда өкіл болуға; 5) өзінің қызметтік іс-әрекетін материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсатта пайдалануға; 6) ереуілдерді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерді орындауға кедергі келтіретін әрекеттерге қатысуға; 7) лауазымдық өкілеттілігін орындауға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалар көрсететін қызметті жеке мақсатына пайдалануға құқығы жоқ. Мемлекеттік қызметкер белгіленген тәртіпке және заңдарға сәйкес, қызметке кіргеннен кейін бір ай ішінде мемлекеттік қызметті өткеру уақытына өзінің меншігіндегі коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлесті және осы адамдарға заңды тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүлікті жалға берген өзге де мүлікті қоспағанда, пайдалану табыс алуға әкеп соғатын өзге де мүлікті сенім білдірілген басқаруға беруге міндетті. Осы мүліктен, соның сыйақы, дивидендтер, ұтыстар, мүлікті жалға беруден және басқа да заңды көздерден түскен табыс нысанында табыс алуға құқығы бар. Мемлекеттік қызметкер өзінің жақын туыстары (ата — анасы, жұбайы, аға — інісі, апа -сіңілісі, балалары) немесе жекжаттары атқаратын қызметке тікелей бағынысты лауазым атқаруына болмайды. Мемлекеттік қызметті өткеру Мемлекеттік қызметті өткеру — бұл лауазымдық өкілеттіліктерін практикада жүзеге асыруда көрінетін, қызметкердің күнделікті жұмысы және қызмет ету барысында қызметкердің құқықтық мәртебесіндегі өзгерістер. Лауазым — бұл заңнамада көзделген бастапқы ұйымдық-құқықтық бірлік немесе белгіленген тәртіпте мемлекеттік орган құрған бірлік. Ол оған орналасқан тұлғаның өкілеттілігінің мазмұны мен көлемін білдіретін категория болып табылады. Қызметкер лауазымға кірген сәттен бастап мемлекет белгілеген және кепіл болатын нақты құқықтар мен міндеттерді тасушы болып табылады. Құқықтар мен міндеттер қызметкер істейтін органның міндеттерінен, функцияларынан және құзырлығынан туындайды. Мемлекеттік қызметті өткеру элементтері: 1) мемлекеттік қызметке кіру; 2) сынақ мерзімін белгілеу; 3) мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау; 4) қызметті ауыстыру; 5) қызметті атқару кезінде берілетін жеңілдіктер және ынталандырулар; 6) мемлекеттік қызметшінің жауаптылығы; 7) мемлекеттік қызметтің тоқтатылуы. Мемлекеттік қызметке кіру. «Жасақтау» ұғымы мемлекеттік қызметкерлердің кадрларын дайындауды, іріктеуді және орналастыруды білдіреді. Мемлекеттік қызмет кәсіби қызмет болғандықтан, онда орналасатын азаматтар кәсіби даярланған болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкердің білім деңгейі, біліктілігі мемлекеттік басқару аппаратындағы нақты лауазымдардың талабына жауап беруі тиіс. Кадрларды дайындау — бұл жауапты басқарушы лауазымдарда жұмыс істеу үшін арнайы оқыту, біліктілік деңгейін көтеру, кадралрдың резервін қалыптастыру. Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту арнайы оқу орындарында,сондай-ақ тікелей мемлекеттік қызметкер істеп жүрген мемлекеттк органның шегінде де өтуі мүмкін. Резервті қалыптастыру кадрларды жаңарту процесінде сабақтастықты, жалғастырушылықты, орын басушылықты қамтамасыз ету үшін қажет болып табылады. Резервпен жұмыс қызметтік перспектива қағидасына сай келуі тиіс. Іріктеу, ереже бойынша, басқару органдарын жаңа қызметкерлермен толтыру. Мемлекеттік қызметке кадраларды іріктеу кезінде басшылыққа алынатын, практикада қалыптасқан және нормативті бекітілген нақты талаптар болады. Мемлекеттік қызметке кіру кезінде мынадай талаптар қойылады: 1) ҚР азаматы болуы қажет; 2) егер ҚР заңдарында тиісті лауазымдар жөнінде өзгеше белгіленбесе, 18 жастан кем болмауға; 3) қажетті білімі, кәсіби даярлығы және белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс; 4) мемлекеттік қызметке кірген кезде салық қызметі органдарына өзі алған табысы мен өзіне меншік құқығымен тиесілі, салық салу объектісі болып табылатын мүлкі туралы мәліметтерді табыс етуге міндетті; 5) арнайы тексеруден өтуі тиіс; Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік органдар лауазымдар санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптары негізінде әзірлейді және бекітеді. Кадрлармен жұмыс істеудің бір түрі болып — оларды орналастыру. Орналастыру — бұл әркімге оның мамандығына және біліктілігіне, жеке бас ерекшеліктеріне және ұжымдық мүдделеріне сәйкес, өз уақытында адамдарды анағұрлым білікті немесе жауапты лауазымға пайдалану үшін қалыптасқан мүмкіндіктерін ескере отырып орын беру. Мемлекеттік органдарда лауазымға орналасудың төрт ұйымдық — құқықтық тәсілі жалпыға мәлім: 1) қабылдау; 2) тағайындау; 3) сайлау; 4) конкурс. Осылардың әрқайсысы еңбек шартын жасасумен байланыстырылатын әкімшілік актіні шығарумен аяқталатын өзіндік процедураны білдіреді. Қабылдау — мемлекеттік қызметке тұлғаны алған кезде жинақтайтын тәсілдердің бірі. Мемлекеттік қызметкерлердің көпшілігі қызметке қабылдау тәртібінде алынады. Тағайындау — бұл мемлекеттік органдардың жеке құрамын жинақтаудың негізгі тәсілдерінің бірі. Тағайындау тәртібінде мемлекеттік органдардың және олардың құрылымдық бөлімдерінің жетекшілерінің, олардың орынбасарлары және басқа да лауа Скачать |