Ислам әлемінің мәдениеті


Ислам әлемінің мәдениеті

 

Дәріс мақсаты; Ислам діні — араб мәдениетінің бастамасы. Исламдағы мистицизм. Шығыс ренессансы мәдени феномен ретінде. Ислам дінінің Қазақстандағы таралуын қарастыру.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар:

1. Ислам діні — араб мәдениетінің бастамасы.

2. Исламдағы мистицизм.

3. Шығыс ренессансы мәдени феномен ретінде.

4. Ислам дінінің Қазақстандағы таралуы.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);

Әлемнің түрлі ұлтты, тілді, нәсілді 1 миллиард 300 миллионнан астам халқы ұстанып отырған ислам дінінің тарих сахнасында көтерілгеніне де он-бес ғасырдан асты. Ол жазирату – л – араб деп аталатын осы күнгі Араб түбегінде дүниеге келді. Алла тағала қасиетеі Құран Кәрімді осы елдегі Құрайш тайпасынан шыққан Абд Аллаұлы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызға уахи етті.

Ислам дінінің ерекшеліктері:

1. Ислам – соңғы дін. Ислам дінінен басқа дін келмейді, үкімдері қиямет күніне дейін жалғасады. Ислам дінін адамадарға жеткізіп, баяндаған Хазіреті Мұхаммед (алейһіссәлем) соңғы пайғамбар. Одан басқа пайғамбар келмейді.

2. Ислам – дүниежүзілік дін. Алдыңғы пайғамбарлар жеткізіп, баяндаған діндер тек қана белгілі бірұлтқа, халыққа келсе, Ислам діні бүкіл дүние жүзіндегі халықтарға жіберілген.

3. Ислам дінінің үкімдері барлық адамдардың мұқтаждарына жауап бере алатындай кәміл. Сондықтан басқа діндерге сенуге ешқандай қажеттілік қалмаған.

4. Ислам діні өзінен бұрын Аллаһ тарапынан жіберілген пайғамбарлар мен діни кітаптардың бұзылып бұрмаланбаған түп нұсқаларын растап мойындайды.

5. Ислам діні алдыңғы пайғамбарлар баяндаған діндердің үкімдерінің күшін жойған. Өйткені олар белгілі бір халыққа, әрі белгілі бір уақытқа жіберілген. Ал Ислам діні болса, барлық халыққа жіберілген және қиямет күніне дейін жалғасатын дін.

Исламның негізгі екі бағыты – сүннизм, шиизм және бірнеше тармақтары, секталары бар. Ислам – бұл тек дінге сену ғана емес, сонымен қатар өмір сүру мен сананың ерекше түрі. Исламның негізгі ақиқат – бір құдайға табыну.

Мистицизм – нақты ақиқатқа ақыл-оймен жету мүмкін емес, оны тек интуитивті сезінуге болады дейтін көңіл-күй. Философтар Платон мен Аристотельдің саяси теориясымен таныс болды, кейбіреулері, әл-Фараби сияқты ойшылдар саяси трактаттар жазды.

Қазақстан территориясында исламның таралуы бірнеше жүз жылдарға созылды.

Оңтүстік Қазақстандағы көшпенділер арасында исламның тарлуына үлкен үлес қосқан сопы орденін құрушы – Қожа Ахмет Йассауи. Оның өлеңдері құдайдың құдіретінің күшті екендігі жөнінде және оған мойынсұнудың қажеттігін уағыздайды.

Ислам мұсылмандықты қабылдаған басқа халықтар сияқты қазақтарда да ислам діні пайда болғанға дейінгі әртүрлі салт-дәстүрлермен қоян-қолтық араласып кетті. Қазақтар өздерін мұсылманбыз деп сезініп, бұрыңғы ата-бабаларынан қалған салт-дәстүрлерді мұсылмандық деп санады.

 


Скачать