Жұмыс уақытының ұғымы және оның түрлері


Жұмыс уақытының ұғымы және оның түрлері

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабында қызметкерлердің жұмыс уақыты тынығу уақытымен тығыз байланыста белгіленген. Аталған бапта «Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша жұмыс істегендерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығын, демалыс және мереке күндерінде, жыл сайынғы ақылы демалысқакепілдік беріледі» делінген. Жұмыс уақыты – қызметкер жұмыс берушінің актілері мен жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт. Еңбек туралы заңның 45 – бабына сәйкес қызметкердің жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Жеке еңбек шартында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы белгіленгеннормадан азырақ көзделуі мүмкін.

Қызметкер жеке еңбек шартында белгіленген еңбек міндеттерін жұмыс уақыты ішінде орындауға міндетті, дегенмен бұл уақыт нақты жұмыс істелген уақытыпен сәйкес келе бермейді. Нақты жұмыс істелген уақыты дегеніміз — жұмыс уақытын есепке алу тізімдігінде көрсетілген жұмыс уақыты. Еңбекке ақы төлеу нақты жұмыс істелген уақытқа төленеді.

2001 жылғы өндірістік күнтізбелікке сәйкес жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағат болып белгіленген қызметкерлер үшін жұмыс күннің ұзақтығы:

5 күндік жұмыс аптасында – 5 күн – 8 сағаттан

6 күндік жұмыс аптасында – 5 күн – 7 сағаттан, ал бір күн – 5 сағаттан болып белгіленген (Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 05 – 2 (8008 хаты).

Қысқартылған жұмыс уақыты. жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін қорғау, оқу мен өндірісті оңтайлы ұштастыруға жағдай жасау, өндіріске кәмелетке толмаған жетекшілерді және еңбекке қабілеттіліктері төмендеген тұлғаларды тарту мақсатында белгіленген. Еңбек туралы заңнамаға сәйкес қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы:

1) 14 жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін – аптасына 24 сағаттан, яғни 6 күндік жұмыс аптасында – 4 күн – 5 сағаттан, 1 күн – 4 сағаттан;16 жастан 18 жасқа дейін – аптасына 36 сағаттан, яғни 6 күндік жұмыс аптасында – күніне 6 сағаттан, ал 5-күндік жұмыс аптасында – 4 күн 7 сағаттан 15 мин. (7,25 с) және 1 күн – сағаттан аспайтын;

2) ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгіленеді.

Ауыр дене жұмыстары деп қызметкерлердің ауыр заттарды көтеруге немесе орын ауыстыруға байланысты қызметкердің түрлері не 300 ккал (сағаттан астам күш-қуат жұмсайтын басқа да жұмыстардыайтады. Зиянды (өте зиянды) еңбек жағдайларына белгілі бір өндіріс факторларының әсер етуі қызметкердің жұмыс қабілеті төмендеуіне немесе ауыруына, оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпал етуіне әкеп соғатын еңбек жағдайлары жатады. Қауіпті (өте қауіпті) – белгілі бір өндіріс факторларының әсер етуі еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда қызметкер денсаулығының кенеттен күрт нашарлауына немесе жарақаттануына, не оның қайтыс болуына әкеп соғатын еңбек жағдайлары.

Жұмыс ісеу жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға құқық беретін өндірістердің кәсіптер мен қызметтердің тізімін, содан-ақ еңбек жағдайлары зиянды (өте зиянды) және ауыр (өте ауыр), қауіпті (өте қауіпті) жұмыстардың тізбесін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Толық емес жұмыс күні. Үй шаруасындағы әйелдердің, оқшаулардың, мүгедектердің, зейнеткерлердің және тағы басқыа азаматтардың жағдайларын ескре отырып, олармен жеке еңбек шарты толық емес жұмыс күніне жасалуы мүмкін. Қысқартылған жұмыс күнінен толық емес жұмыс күнінің айырмашылығы мынада: егер алғашында жұмыс күні жалақы азайтылмай қысқартылатын болса, толық емес жұмыс күнінде қызметкер жалақысын жұмыс істеген уақытына немесе шығарған өнімнің көлеміне қарай алады.

Толық емес жұмыс уақыты жағдайында жұмыс істеген қызметкерлердің еңбек құқықтарының көлемі ешқандай шектелмейді.

Түнгі уақыттағы жұмыс. 22 сағаттан бастап таңғы сағат 6 – ға дейінгі уақыт болып есептеледі. Жұмыс уақытының кемінде 50 пайызы түнгі уақытқа келетін ауысым түнгі ауысымға жатады Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің 2000 жылғы 10 желтоқсандағы № 493 бұйрығымен бекітілген « Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулрды» 20-тармағы).

Жүкті әйелдерді түнгі уақытта жұмыс істеуге тартуға олардың келісімімен ғана жол беріледі. Түнгі уақытта жұмыс істеуге 18 жасқа толмаған адамдар мен түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салынатын медициналық қорытындысы болған жағдайда өзге де адамдар жіберілмейді.

 


Скачать