ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУ-2012.Білім саласында (ой толғау)
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУ-2012.Білім саласында (ой толғау)Биылғы,2012 жылғы кезекті Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Мен ауызбіршіліктен айнымайтын ақжүрек жұртымның қуатты ұлтқа, шуақты ұлысқа айналарына кәміл сенемін. Бұл жолда біздің ең басты құндылығымыз – берекелі бірлігіміз» деген болатын. Ұлт көшбасшысының сөзінен «қуатты ұлт», «шуақты ұлыс» сөз тіркестерінің қазақ халқы үшін философиялық мәні тереңде екенін ұғынамыз. Қуатты мемлекет қандай мемлекет?Осы сұрақтың мәнін толық ашып көрейікші.Менің ойымша,қуатты деген ұғым күшпен емес,ең алдымен біліммен өлшенетін секілді.Қазақ халқы:”Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады”-,деп өз сөзінде текке келтірмегені анық.Экономикасы асқақтаған,халқы азат,елі егемен,жастары тәрбие мен білімді қос қанатым деп білген елге қай жау қауып төндіре алады дейсіз.Білімді жастарды тәрбиелеу кез келген елдің алға қойған мақсаты.Осы тұрғыда елбасымыз ең алдымен жастарға,әсіресе оңы мен солын тани қоймаған мектеп оқушыларына адамгершілік білімін,яғни тәрбиесіз білім жоқ дегендей,тәрбие беруді баса айтты.Қазіргі кезде Балаға берілетін адамгершілік білімі дегеніміз не? Оны қашан, қай уақытта бастауға болады? Ол не үшін қажет? – осындай сұраулар жалпы білім беретін мектептің,сонымен қатар қоғам мен болашағына немқұрайлы қарай қоймайтын жоғарғы биліктің алдына қойылатын мәселелі сұрақ болып отыр. Мектеп бітіруші әрбір оқушыға мектептік кезеңде сәйкес және жеткілікті түрде адамгершілік білім берілуі керек, яғни бала адамгершілік білімінің бастауларымен үздіксіз әрі жүйелі түрде сусындауы қажет. Онсыз адамның қоғамда өмір сүруі, адамдар арасында өзін лайықты ұстай алуы қиынға түсері сөзсіз.Оның қоғамға пайдалы еңбек ететін,қызмет жасайтын,елі үшін жаны ашитын азамат ретінде өсіру үшін қазір үкіметтен жағдай жасалған. Адамгершілік – адамның қоғамдық өмірінің негізі. Адамгершілік білімі – қоғамдық білімдердің басты және бастапқы бөлігі, оның базасы болып табылады. Қоғамдық білімдерге жататын саяси, құқықтық, эстетикалық, философиялық, діни білімдердің барлығы да адамгершілік білімдерге, яғни кез келген саясат, эстетикалық идеал, құқықтық нормалар, діни наным-сенімдер адамдарда және қоғамда қалыптасқан адамгершілік идеяларға, нұсқамаларға, мақсаттарға тәуелді және онымен тығыз байланысты болып келеді. Өйткені адамгершілік білімі адамдардың дүниетанымын, олардың қызметін және мінез-құлқын, істері мен әрекеттерін анықтайды. Сондықтан да көрнекті педагогтер адамгершілік білімін «білім берудің алтын қазығы» деп бекер айтпаған. Кез-келген қоғамда білім беру саясаты өмірлік ұстанымдарды, сұраныстарды, қажеттіліктерді ескеріп, білім беру мазмұны соған сәйкес құрылғанда ғана ұтымды, тиімді, өнімді болады. Қазіргі адамзат баласы бастан кешіріп отырған тез арадағы өзгермелілік, ғаламдану, коммуникациялық құралдардың қарқынды даму дәуірі өмір салтын, қарым-қатынас пен ойлауды өзгертуге әкелді. Ал мұның өзі игіліктерге қол жеткізудің жаңаша әдіс-тәсілдерін ашуға мүмкіндіктер береді. Мұндай жағдай адам интелектісін, оның қабілетін қайта жасаушы, жасампаздық әрекеттерге бағыттайды. Ендеше жеке тұлға өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайларда өмір сүруге бейімделіп қана қоймай, шынайы өмірге белсенді ықпал ете алатын, өмірді жақсартуға, кемелдендіруге атсалысатын тұлға болуы тиіс. Қазірде біздің қоғам үшін көкейкесті мәселе – бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. Ал бәсекеге қай тұрғыдан, қалайша қабілетті болу керектігі аса маңызды мәселе болып отыр. Бәсекеге қабілетті жаңа заман ұрпақтарына толық негізде білім беру мақсатында елбасымыз білім беру саласында атқарылған дүниелерді шегелеп айтты. 1)Еліміз білім беру ісін дамытуда 129 елдің арасында көш бастаушылар қатарында келеді.2) Өткен онжылдықта білімге бөлінетін қаражат 10 есеге көбейді.3) Осы жылдары 750 жаңа мектеп салынды.4) 5 302 мектепке дейінгі мекемелер, 1 117 балабақша мен 4 185 орталық ашылды.5)Астанада ғылым мен білім индустриясының жаңа ғасырдағы орталығы болатын университет ашылды.6)аз жылда алапасы артқан айдынды елге, қуатты ұлтқа айналдық. Осының бәрі жұртымызды жаһандық ауқымда ойлауға баулу мақсатында жасалуда. Осы салада істелініп жатырған дүниелер елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал еңбегінің арқасы.Елбасы қара алтынның бітер кезі келеді,сол сәтте ел экономикасына берік тіреу болатын жастар керек деген болатын.Ендеше егемендік сыйлаған әрбір күнімізді бағалай білейік. Скачать |