ЕЖЕЛГІ ДҮНИЕДЕГІ САЯСИ ОЙ-ПІКІРЛЕР
ЕЖЕЛГІ ДҮНИЕДЕГІ САЯСИ ОЙ-ПІКІРЛЕР Ежелгі шығыстың таптық қоғамындағы саяси ой-пікірлер. Ежелгі Шығыс елдеріне: Египет, Вавилон, Индия, Қытай, Персия; Батыс елдеріне: Грекия, Рим жатады. Бұл ел¬дерде саяси ой-пікірлердің қалыптасуы қоғамның таптарға жіктелуі мен мемлекеттер пайда бола бастағанда жүзеге асады. Саяси ой-пікірлердің пайда болуы бұл елдерде көбінде аңыздарға (мифтерге) тікелей байланысты. Адамның дүние¬дегі алатын орны да осы қиял-аңыздармен көрсетіледі. Бұл ой-пікірлер өз алдына білімдер саласы ретінде қалыптаспаған, мифология¬лық көзқарастың құрамдас бөлігі болып келеді. Италияның алғаш орталығы болған Турин қаласында 1824 ж. ашылған атақты Египет мұражайы бар. Онда Египет жерінен қазылып әкелген көптеген тарихи заттар қойылған. Мұражайда үш адамның бальзамдалған мумиясы бүтіндей сақталған. Оларды б.э.д. VIII ғасырға жатқызады. Одан басқа біздің заманға дейін 4 мың жылдыққа жататын мүрделерден бидай, нан, жұмыртқа (түйе құстың), қару-жарақ, ыдыс-аяқ алынғанын көрсетіп қойған. Бұл келтірілген фактілер сол замандарда дін болғанын байқатады. Әлеуметтік және саяси құқықтық тәртіптердің баршасының негізгі құдайдан негіз алады деген түсінік қалыптасады. Мысалы, қытайдың ежелгі аңыздарында дүниенің барлық тұтқасы аспан астындағы құдайдың қолында деп дәріптелген (немесе Қытайдың императоры). Қалғандары оның еркін жүргізушілері болып келеді. Египет, Вавилон, Индия сияқты елдерде басқадай аңыздар бар. Оларда құдай биліктің негізгі қайнар көзі бола тұра, жердегі істерді, адамдардың тағдырын жасаушылар болып қала береді. Египет пен гректердің аңыздары бойынша құдайлар қоғамның, мемлекеттің басқарушысы және заң шығарушысы болып табылады. Мысалы, еврей халқының заңдарын құдайдан тікелей Моисей қабылдап алған деген наным бар. Билікті құдай атынан адамдар жүргізеді. Айрықша жағдайларда құдай өзі араласады. Ежелгі Египет нанымы бойынша ақиқатты, әділдікті және заңдылықты әйел құдайы Маат жүргізеді-мыс. Бұл түсінік басқа елдерге де тән. Осы аталған идеялар ежелгі египеттің деректік негізі «Птахотеп оқуларында» (б.з.д. XXVIII ғасыр), «Өлілер кітабында» (б.з.д. ХХV-ХХIV ғғ.) бар. Аталған оқуларда басқарушы адамдар кейпінде суреттеледі. Билеушілерді қастерлеу идеясы басым жатады. Дегенмен қара халықтың бас көтерулері болып тұрған. Мысалы, «Ипусердің сөзінде» (б.з.д. 1750 жыл) қоғамның төменгі топтары мен құлдардың қозғалысы айты¬лады. Шумер, вавилон билеушілерінің өз жағдайларын құдіретті етіп көрсетуі байқалады. Ежелгі Вавилондағы Хаммурапи заңдары (б.з.д. ХVII ғ.) қоғамның әлеуметтік теңсіздігін көрсе¬теді. Ежелгі Персияда аңыздық ой-пікірден рационалдық көз¬қарасқа ауысу байқалады. Б.з.д. VII ғасырда зороастризм ілім және ағым ретінде қалыптасып та үлгерді. Кейінірек зороастризм шығыстың басқа елдеріне тарап кетті де христиан доктринасының қалыптасуына себепкер болды. Сонымен жер бетіндегі игілік пен зұлымдықтың арасындағы күрес Заратуштра ілімінің негізгі қағидасына айналды. Негізінде Заратуштра адалдықты жақтаған, зұлымдықты жеңуге болатынын айтқан. Сөйтіп біртіндеп мифологиядан рационалдыққа ауыса бастаған. Қоғамдағы таптардың жіктелуіне сәйкес саяси ой-пікірлер қалыптаса бастаған. Ежелгі Индиядағы саяси ой-пікірлер. Алғашында мифтер мен діннің ықпалымен дамыған. Билікті абыздар – брахмандар жүргізген. Брахманизмнің көрінісі б.з.д. 2-мыңыншы жылдар¬дың ескерткіштерінде көрініс таба бастады. Ол бойынша заңдарды «Веды» деп атаған. Заң бойынша қоғамды 4 варнаға (жікке) бөлген (оларды құдай жасаған): – брахмандар; – кшатрий-жауынгерлер; – вайшийлер (шаруалар, қолөнершілер, саудагерлер); – құлдар, варнадан тысқары тұрғандар. Брахманизм идеологиясы көптеген заң жинақтары: дхар¬масутр мен дхармашастарлардан тұрады. Мысалы, б.з.д. II ға¬сырда Ману заңдары жазылған. Онда варнаның талаптары тұ¬жырымдалған. Варнаның бастапқы екеуі билеуші болады. Ману заңы бойынша патша брахмандарды мойындауы керек. Ману заңында жазалауға ерекше мән берілген. Таяқтауға дейін жаза қолдану бар. Брахманизм идеологиясын сынаушы буддының негізін қа¬лаушы Сиддхартха болды. (б.з.д. VI ғ.). Ол құдай – барлық би¬лікті жүргізуші, заң шығарушы деген ұғымды теріске шығарады. Будды теңдікті жақтады. Буддизм идеологиясы гуманизмге, адамгершілікке, өзге адамды сыйлауға, зұлымдыққа зұлым¬дықпен жауап бермеуге уағыздайды. Буддизмде жазалаудың ролі мен көлеміне шек қою, азайту көзделген. Заңдылықты бағалау көзделген. Буддизмнің кемшілігі – жоғарғы дәрежеге жетуді – жеке адамдардың алдында тұрған міндет деп қоюында (нирвана). Нақты саяси-құқықтық құбылыстарға жеткілікті мән бермеуінде жатыр. Соған қарамастан, буддизм – актуальды ағым. Ашоканың билік құрған кезінен бастап (б.з.д. 268-232 жж.) Индия бірікті де буддизм мемлекеттік дінге айналды. Буддизм Оңтүстік-шығыс Азияның басқа елдеріне тарады. Брахманизм идеологиясынан ауытқу «Артхашастра» (б.з.д. IV-III ғғ.) трактатында байқалады. «Артхашастрада» саяси-құқықтық және әкімшілік-билік нұсқауларға көбірек назар аударылып, оның пайдалы жақтары көрсетіледі. Ежелгі Қытайдың саяси ой-пікірлері. Конфуций (Кун-цзы) (шамамен б.з.д. 551-479 жж.) – Конфуциандық ілімінің негізін қалаушы. Ол ілім атадан балаға ауысатын мұралық аристокра¬тияның мүддесін жақтайды және әлеуметтік тәртіптердің мызғымастығын қолдайды. Адамдарды әділдіктің заңдылығы тұрғысынан төменгілер және жоғарғылар деп екіге бөледі. Билеушінің өкіметін аспан сыйлаған қасиетті ұғым деп түсіндіреді. Халықтың өкімет өкілдеріне жақындай түсуі елді басқару өнеріне жатады дейді. Ал биліктің өзі Конфуцийдің айтуы бойынша, халықтың қауіпсіздігін, оның материалдық тұрмыс-жағдайын қамтамасыз ету және халық тарапынан өкіметті қолдау болып табылады. Конфуцианшылдық доктринасы – бабаларды құдайдай санау, ата-анаға табыну, төменгілердің жоғарғыларға мүлткісіз бағынуы. Өзін-өзі ұстаудың бұл регламенті – қоғамның әрбір мүшесінің санасына, адамдардың психологиясына кірігіп кетті. Аталған доктрина, насихат мына сөйлемде тайға таңба басқандай танылады: «Жоғарыдағы мен төмендегінің өзара қарым-қатынасы жел мен шөптің қатынасына тең: жел соқса шөп иілуге тиіс». Заманында идеологиялық және моральдық тетікті ұстаған әскери-феодалдық сословие конфуцианшыл¬дықты пір тұтуы, буддизмді ұстануы жайдан-жай емес. Ежелгі Грекияның саяси ой-пікірлері. Грекияда мемлекет (полистер) – жеке қала-мемлекеттер б.з.д. 1 мыңыншы жыл¬дары пайда болды. Онда саяси ой-пікірлердің қалыптасуы 3 дәуірге бөлінеді: ерте дәуір (IХ-VI ғғ.) – бұл Гомердің, Гесиод¬тың және атақты «7 данышпанның» шығармалары дүниеге келген заман. Кейінірек бұл дәуірге Пифагор мен пифагор¬лықтар, Гераклит енеді; 2-дәуір б.з.д. V-IV ғасырдың бірінші жартысы – Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель заманы; 3-дәуір IV ғасырдың екінші жартысы – II ғасыр. Үшінші дәуір эллинизм дәуірі деп аталады. Бұл дәуірдің аяғы Македонияның және Римнің ықпалына енуімен ерекшеленеді. Бірінші дәуір мифтердің идеяларына сәйкес құдайлардың билік үшін таласы болып, олимпиялық Зевстің билігінің орнығуымен суреттеледі. Гомердің «Илиада» мен «Одиссея» поэмаларында Зевс жалпыға бірдей әділдікті жақтаушы, зұлымдықты жазалаушы болып көрінеді. «Дике» (әділдік) – Гомерше осылай аталған. «Темис» – дәстүр, кәдімгі құқық тағы да Гомерше Грекияға тән түсінік болды. Келесі бір автор Гесиод шығармалары: «Теогония» және «Еңбектер мен күндер» (VII ғ.). Тәртіпті жақтайды – Эвномия (әділ заңдылық) «Теогония» деген еңбегінде көрсетілсе, «Еңбектер мен күндерде» патриархалдық (мемлекетке дейінгі) құрылыстың идеяларын жақтады. Адам өмірінің 5 дәуірін: алтын, күміс, қола, жартылай құдай-батыр және қазіргі темір ғасырын көрсетеді. «7 данышпандарға»: Фалес, Периандр, Биант, Солон, Клеобул және Хилон жатады. Олар полистік тұрмыстағы әділ заңдардың өктемдігін дәріптеген. Б.з.д. V ғасырда қоғам, мемлекет, саясат және құқық проблемалары ерекше қырымен қойыла бастады. Демокрит (460-370) антикалық философияның материалистік бағытын жүргізді. Қоғамдағы ең жақсылар – ақксүйектер мен байлар емес, жоғары ақыл-ойы барлар мен адамгершілік қасиеттері барлар. Софистер: Протагор, Горгий, Продик, Гиппий, Анти¬фонт, Фрасимах, Калликл, Ликофрон және т.б. Олардың ішінде демократиялық көзқарастағылар да, басқарудың аристокра¬тиялық, тираниялық түрлерін жақтаушылар да болды. Софистерді сынаушылар ішінен Сократ (469-399) ерекше дараланды. Мемлекеттің және құқықтың адамгершілік таби¬ғатын жақтады. Еңбек бөлісін қолдады, әділдікті жақтады. Платон (427-347) – кемеңгер философ. Үлгілі мемлекет деп жер бетіндегі мемлекет полистерде бейбітшілікті орнату идея¬сын жақтады. Еңбек бөлісін, әділдікті қолдады. Платон өте байлыққа, өте кедейлікке қарсы болған. Орташа болуды қала¬ған. Аристотельдің (384-322): «Платон – маған дос, бірақ ақиқат ең үлкен дос», – деген қанатты сөзі бар. Еңбектері: «Саясат», «Афины саясаты», «Этика». Саясат туралы ғылымды жасауға әрекет етті. Саясат ғылым ретінде этикамен тығыз байла¬нысты. Мемлекет – табиғи дамудың жемісі. «Варварлар» мен құлдар өмірдің саяси түріне дейін өсіп жетілмеген. Мемлекет¬тің формаларын монархиялық басқару (патшалық), аристокра¬тиялық және политиялық деп бөлген. Басқарудың қате түрлері деп тирания, олигархия және демократияны атаған. Саяси басқаруды – заң арқылы басқару деп түсіндірген. Үшінші дәуір эллинизм деп аталады. Ежелгі Грекияның мемлекеттік құрылысының дағдарысы эллинистік дәуірде айқындала түсті. Грекия полистері өз тәуелсіздіктерін жоғал¬тып, алдымен Македонияның, одан Скачать |