ЕЖЕЛГI ИСЛАМ МӘДЕНИЕТIНІҢ ОРТАЛЫҒЫ – ТАРАЗ


ЕЖЕЛГI ИСЛАМ МӘДЕНИЕТIНІҢ ОРТАЛЫҒЫ – ТАРАЗ

 

Қазақстан тарихы терең, мәдениеті бай мемлекет. Егемендікке қол жеткізгелі бері халқымыздың еңсесі көтеріліп, дініміз бен рухани мәдениетіміздің жарық салалары өркендеп келеді. Қазақ тілінің мәртебесі де өз топырағында күн өткен сайын өсуде. Міне, көрегенді ел басқарушыларымыздың іжтиһадтылығымен орта ғасырлардағы Қазақстанның руханият, білім, мәдениет және сауда орталықтарының бірі болған әфсанауи Тараз шаһарының 2000 жылдық тойы үшбу айдың аяқ шенінде аталмақшы. Бұл тарихи уақиға еліміздегі Исламның таралу тарихын зерттеп келе жатқан маған да айрықша әсер етіп, ерекше сезімге баулыды. Сол себепті, қазақ жеріндегі ежелгі Ислам мәдениетінің алтын бесігінің бірі, мүмкін бастысы болған Тараз туралы ойларымды оқырмандармен бөліскім келді. Тараз көне қытай, араб, парсы және ұрым (Бизантия) деректерінде жиі кезігетін мәшһүр қала. Қытай саяхатшылары мен араб тарихшыларының еңбектерінде әбден суреттеліп аталатын Тараз қаласы Иран уә Тұран далалары тоғысқан жердегі үлкен сауда орталығы және Жібек жолы бойымен жүретін керуен жолдарының торабы ретінде көрінеді. 576 жылы өлген Истеми қағанға елшілікке жіберілген Земархтың саяхаты туралы деректерді жазған Бизантия тарихшысы Менандре Протектордың еңбегінде бұл қала “Талас”, қытай саяхаткері Хиеюен-Тсаңның еңбегінде “Та-лұ-си”, кейбір қытай авторлардың еңбектерінде “Та-ла-за” ретінде, ал араб авторлардың еңбектерінде “Тараз”, “Тираз”, “Талас” формасында аталған. Белгілі шығыстанушы Хоуорттың пікірінше Тараз ХХ ғасырдың басындағы Әулие Ата қаласының орнында болған (H.H. Howorth, History of Mongols, II-том, 1-кітап, 4-һәшия). Академик В.В. Бартольд бұл пікірді қолдайды, ал Шаваннестің пікірінше Тараз қаласы Әулие Атаның 5 фәрсах түстігінде болған. Осы деректердің барлығы да Тараздың VI-XIII ғасырларда қаншалықты мәшһүр болғандығын көрсетеді. Көптеген деректер бойынша Тараз алқабы әйгілі Ма-уера-ән-Нәһір аймағына жатады. Ма-уера-ән-Нәһір жері жалпы өзеннiң (Аму Дария) арғы жағындағы елдер болғандықтан, дәл қай елдерді қамтығанын және нақты шекараларын кесiп айту мүмкiн емес. Негiзгi бұлақтарда аталмыш аумаққа жататын өлкелердiң тiзiмi әр алуан берiлген. Әбу Исхақ әл-Истахридің (850-934) тағрифы болса былай: “Күншығыста Хұттал жерін қамтитұғын Памир мен Рашт өлкелерi арқылы Үндi елiмен шекараласады да, күнбатыста оғыз уә хазлұж (Қарлұқ) өлкелерiнен бастап, Тараз (Талас) тұсынан өтiп, Фараб, Бискент, Самарқанд, Бұхара және Хорезім бойымен Арал теңiзiне жетедi, солтүстiкте қарлұқ жерiнен, яғни Ферғананың шалғай кенттерiнен бастап Таласқа қосылады, оңтүстiкте Бадахшан мен солтүстікте Хорезім көлi (Арал теңiзi) аралығында Жейхұнның бойын жағалайтын жерөлшемi” (Ән-Наршаһи, Тарих-и Бұхара, 161-бет ). Ислам дінінің аталмыш аймақта таралуы сонау алғашқы халифалар, яғни сахабалар мен табиғиндер (алғашқы буын мұсылмандар) дәуірінде (634-751) болғаны белгілі. Әсіресе, Хорасан аймағының уәлиі (әміршісі) болған Құтайба Мүсілімұлы әл-Бәһилидің билігі тұсында (705-715) Бұхара, Самарқанд, Шаш (Ташкент), Исфижаб (Испижаб, Сайрам, Ақсу) өлкелері мұсылман билігіне қосылған-ды. Кейбір деректер Құтайбаның Қашғарға дейін жорыққа аттанғаны туралы хабарлайды. Демек, Тараз өлкесі сонау VIII ғасырдың бас шенінде-ақ исламиятпен танысқан десек артық айтылғандық болмас. Алайда, Тараздың мұсылмандыққа бет бұруындағы шешуші уақиға 751 жылы осы өңірде болған және тарихи әдебиеттерде “Талас ғазауаты” деп аталған соғысқа тікелей байланысты. Өйткені, Таласта болған ғазауат, түрiк қағандығындағы iшкi қырқыстарды пайдаланған қытайлардың Жетiсу өңiрiн жаулап алып, Шашқа (Ташкент) дейiн барған кезінде болған еді. Бұл аса маңызды уақиғаның мәнін түсіну үшін сәл кейінге шегініп, уақиғалардың өрбу барысына шолу жасайық: 652-658 жылдары түрiк билеушісі Ашынақойлы (Қойлық) қаған, Шу және Талас өзендерi алқаптарында қытай әскерлерiмен қарулы қақтығыстар жасап, ақырында 658 жылы баласымен тұтқынға түседi. Осы жеңiстен кейiн қытайлар Жетiсу аймағына сұғына бастайды. Ма-уера-ән-Нәһірде мұсылман-араб билiгi нығайып келе жатқан шақта, әлі арабтарға бағынбаған өлкелердегi түрiк-соғдылар қытай патшалығының ықпал шеңберiне кiрiп, қытай әсеріне душар болады. 750 жылы Әмәуи (Омеядтар) ханаданы құлап, оның орнына Аббас әулетi билікті қолға алады. Әрине, орталық билiктiң құдiретi алыс аймақтарда дереу қалыптаса қоймаған. Осындай билік зәрулiгi, қытай отарлаушыларына қолайлы жағдай әзірлейді. Араны ашылған Таң императорларының батысқа қарай кеңею саясаты күшейiп, Орта Азияда қалыптасқан бей-берекет ахуалды пайдалану арқылы ұлан-байтақ елдердi отарлау амалдары жүзеге асырылады. Түрік тайпаларының арасындағы алауыздықты шебер пайдаланған Таң әскерлерi түргештердiң ханордасы Сұйаб және Талас (Тараз) қалаларын шауып, жаулап алады. Елiн шауып, би-бектерiн тұтқындап, қырады. Осыдан кейiн түргеш елiнiң билiгi қытайдың Таң (619-908) әулетiне өтедi де олар қалағандарын билiкке келтiрiп, бұқара көпшiлiктi жиiркенiштi түрде қинай бастайды. Елетмиш Құтлұқ (742-753), Тәңірі Ілміш (753-756), Үнендер (756-766) қағандық жариялайды. Түргештердің ең нәфретлі жауы түрiктiң ашына деген тайпасы болатұғын. 748 жылы Таң әулетi, түргеш тағына осы тайпадан шыққан Ашынашынды отырғызады. Түргештер бұған қажырлы қарсылық көрсетіп, Ашынашынды айлалап өлтiредi. Әмәуилермен және өз ішінде соғысып жүрген түргеш елінде береке-бірлік болмайды. 717 жылы шамасында қытайдан хандық лауазым алған түргеш Сұ-Лұ қағанды өзінің қолбасысы Баға Тархан ұйықтап жатқан сәтінде 737 жылы өлтіреді (Гумилев, Л.Н., Көне түріктер, 331-бет). Баға Тархан қағандығын жариялайды да қытай патшасына жақындық танытады, ол Таң ханшасын алып, күйеу бала болады. Сұ-Лұ қағанның ұлдары қан мен тақ дауын қуып Бағамен алысады, ол қайын жұртынан көмек сұрайды. Осы арада Тохаристанның түркі йабғұсы, Кәшмiр мұхтарияты (автономия) мен Қабұлды билейтін түркі Шаһи әулетi Қытай билiгiн мойындап, әкiмшілігін таниды. Сөйтіп, олар Жiбек жолындағы сенiмдiлiктi қамсыздандыруда Таң әкiмшiлiгiне көмектесудi мiндетке алады. Қытайдың Таң (619-908) патшалығының езгiсiнен телiм-телiм болған түргештерге көмекке мұсылмандар жетiп келедi. Бұл түркi халықтарының тарихында аса елеулi уақиға болады. Ежелден батыс шекараларын кеңейту жоспарларын дайындап, тісін қайрап жүрген қытай императоры тағайындаған Күча уилаятының әміршісі Као Шиен-чи басшылығындағы қалың қолды аттандырады. Као Шиен-чи (Kao Hsien-chi, шын аты Ko Son-chi) кореялық еді. Ол Таң әскериесінде көп жылдар қызмет етіп, патшаның сеніміне ие болған, генерал шенін алған белгілі қолбасы. Патшаның оған сенгені соншалық, оны Шығыс Түркістан уилаятының (Батыс өлкесі) әміршісі етіп тағайындайды. Бұл жоғары мансапқа жету қытай еместер үшін аса биік дәреже еді. Қытай мемлекетінің батыс шекараларын өсіру арманын іске асыру міндеті артылған Као әр түрслі тәсілдерді қолданып, жоспарларын жүзеге асыра бастайды. Бірақ, сол кезде Тибеттіктер мұсылман арабтармен тиiмдi қарым-қатынас орнатуға бет алған-ды. Осы беталыс қытайлар мен үндi-қытай саудасын бақылап тұрған түрiк-соғдыларды онша қуантбағаны айдан анық. Йабғұ, осыларды желеуретiп қытай патшасынан көмек талап етедi. Қытай жасақтары қалың қол жинап, Ташкент тұдұнына (әміршісіне) қарсы аттанады. Таң қолын Као Шиен-Чи басқарады. Сондай-ақ, қытай әскерiнiң құрамында түрiк-соғдылардан құралған қосындар да болған. Олар Ташкент тұдұны Бағатұрды тұтқындап, қытайдың ежелгі астанасы Чаң-анға апарып, азаптап өлтiредi. Оның мүшкiл халге душар болған баласы мұсылмандарға арызданып, жәрдем сұрайды. Негізінен, Ташкент уилаяты Таң (619-908) мемлекетінің хакімиятындағы мұхтарият (автономия) болатұғын. Түрік қағанаты мен түргеш билігі жойылған соң, бұлардың жерінде қытайлар ат ойнататұғын халге жеткен. Ташкент иелігі Таң билігін мойындағанымен түрік ханзадалары бұл жерде қайтадан біріксе қауіпті күшке айланатын аймақ еді. Сондықтан, Као Таң әулетінің алдындағы барлық потенциалды қауіп-қатерді жоймақшы болады. Ханзаданың сұраған көмегіне мұсылмандар оң жауап береді. Хорасан билеушісі Әбу Мүсілiм қолбасы Зияд Салихұлы жетекшiлiгiндегi жасақтарын қытайларға қарсы аттандырады. Мұсылман әскерiнiң құрамында мұсылмандықты қабылдаған мыңдаған түрiк-соғдылар бар едi. Қытайлар 751 жылы шілде айында Тараз маңындағы Атлах (кей деректерде – Ахлат, Атлұқ) деген жерде мұсылман қолымен болған ғазауатта ауыр жеңiлiске ұшырайды. Олар ендiгәрi аталған аймақтардың маңайын баса алмайтұғындай жағдайға ұшырайды. Алғашқы ретi, түргештер мен мұсылмандар бiрiгiп, қытайларға қарсы соғысады. Мұсылман әскерi Таң әулетiнiң жасақтарын аса күйзелтушi жеңiлiске ұшыратады да Жетiсу өңiрiн тұтастай азат етедi. Ежелгі жауы қытайлардан отанын босатып берген мұсылмандарға шексiз разы болған түргештер, қарлұқтар және басқа да түркі тайпалары олардың батылдығына, мәрттігіне емiренiп хақ дiн Исламға жүрегi жiбидi. Талас ғазауаты туралы алғашқы мәлімет 893 жылы қайтыс болған тарихшы Ибн Тайфұрдың “Китаб Бағдад” атты еңбегінде кезігеді. Мәшһүр тарихшы әл-Мақдиси (уаф. 997 ж.) “әл-Бәду-әт-Тарих” атты еңбегінде (6-том, 74-бет) бұл маңызды уақиғаға тоқталады. Оның айтуынша: “Әбу Мүслім қолбасы Зияд Салихұлын Ма-уера-ән-Нәһірдегі кейбір өлкелерді ашу үшін жорыққа аттандырды. Зияд кейбір елді мекендерді бағындырып, Тараз бен Атлахқа дейін барды. Қытайлар да әрекет жасап, 100 мың әскерден құралған үлкен қолмен келді. Сағид Хұмайдұлы Тараз қаласының қорғанысын бекітіп, осы қаланы бекінді. Самарқандтағы ордасында тұрған Әбу Мүслім маңайдағы әміршілердің Сағидке көмекші күштер мен ерікті әскер жіберуін бұйырды. Сағид қытайлармен бірнеше рет шайқасып, олардан 45 мың әскерді өлтіріп, 20 мыңын тұтқындап алды. Қалғандары қашып кетті. Мұсылмандар олардың ордасын талқандады. Соңыра, Сағид Бұхараға оралды”. Шынында Тараз маңында болған соғыс бес күнге ұласқан-ды. Ерлер ерлiгiн көрсеткен, дамылсыз айқас, шайқас болады. Бес күнге ұласқан бұл ғазауат, Орта Азия мен 



Скачать