ДЕМОКРАТИЯНЫҢ САЯСИ ИНСТИТУТТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ
ДЕМОКРАТИЯНЫҢ САЯСИ ИНСТИТУТТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫСаясаттану курсында демократия атаулы ұғымының алатын орны ерекше. Себебі демократия – бағзы заманнан бері халықпен бірге жасап кележатқан қарапайым да, адам таңқаларлық ғажап ұғым. Мәселен, Геродот ұсынған антиктік демократияның белгілерін қарастырып көрелік. Біріншіден,адамдар қызметке жеребе тастау жолымен іріктелді. Екіншіден, барша халық заңға бағынды. Үшіншіден, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдары жалпыхалықтық жиналыста шешімін тауып отырды. Осы аталған демократиялық принциптерді алғашқы болып Аристотельдің бастауыменАфины Республикасы енгізді. Ең кедей деген төртінші тапқа да сайлау құқы берілді. Сөйтіп, ұлы философтардың қолдауымен Афиныда өмірге келгенполистік демократияның дамуы 300 жылға созылды. Дегенмен антик ғұламалардың ақыл-ойынан туындаған полистік демократияның да кемшіліктері мен залалды жақтары аңғарылмай қалған жоқ.Мысалы, мемлекетте арнайы заң болмай, қара тобыр саяси билікті өз қолына ала қалса, онда полистік демократия ұжымдық билеушінің рөлін атқарып, бүкіл халық тиранға айналған болар еді. Сонда халық атынан сөйлейтін мылжыңдар елді билеп-төстеп, оның аяғы анархияға келіп соғар еді. Афиныда саяси партия құруға жағдай тумады. Себебі мұнда өзгеше ойлайтындар үнемі жер аударылып отырды. Елдегі саяси жүйеде төте сайлауболып, оған еріктілер де, кедейлер де қатыса алды. Алайда антиктік саяси жүйе мемлекеттік басқару формасы емес еді, бұл тек саяси жүйе ғанаболатын. Дәл осы тұста Римде де алғашқы рет билік бөлінісі басталды. Саяси қақтығыстарды реттеу үшін халық мінбері түріндегі жаңа элемент пайда болды.Осыдан бастап елдерде саяси қақтығыстарды шешетін арнайы орындар шығып, оларға заңды сипат берілді. Римдегі саяси жүйеде ең бірінші болыпбасқарудың аралас түрі енгізілді. Мәселен, патшаның билігі – консульдік билік болса, сенат – аристократиялық, ал халық мінбері – халық билігі болды.Кейінірек АҚШ-та да билік осы үлгі-кеңес бойынша бөлінді. Айталық, президенттік – римдік патшалық билік, сенат – аристократия, өкілеттілер палатасы –халық мінбері дегендей. Тағы бір ұқсастық тарихи дәстүрдің қайталануынан көрініс тапты. Мысалы, АҚШ-та Жоғарғы сот –заңдар мен Конституцияныталдау органы болса, Римде – бұл міндетті цензорлық институт атқарды. Басқаша айтқанда, жаңадан қабылданған заңдар бұрынғы қабылданған заңдармен салыстырылып, сәйкестендіріліп отырды. Ежелгі Римдегі билік механизмі саяси партия құру мүмкіндігін жойды. Бұл үлгі кейін Ш. Монтескье теориясының негізін құрды. Партия құруға қарсы күрестің мақсаты қайткенде саяси жүйенің тұтастығын сақтаудан туындаған еді. Шындығына келгенде, антиктік демократияның жаңа дәуірдегідемократиядан айырмашылығы: мұнда мемлекет орнына саяси жүйе болды, жеке адам мен полис бөлінбеді, жеке адам бостандығының кейбіравтономиялық сипаты болды, олар құқықтармен қорғалды, жеке адамға көпшіліктің өктемдігі жүрмейтін еді. Антиктік демократияның жалпыға бірдей сайлауға қатысу, саяси мәселені шешу құқығы жаңа дәуірдегі классикалық демократияда пайдаланылды. Осы тұста Ш. Монтескье британия демократиясының негізінде билікті бөлісу теориясын жасады. Ал Ж. Руссо ақыл-ойы жоғары адамдардың халықтың әлеуметтік жағдайын жасауға мүмкіндігі болады дей келіп, халық өз тағдырын өзі шешеді деді. Дегенмен қайырымдылық пен зұлымдық жайындаәркімнің өз түсінігі болатындығы ескерілмеді. Баршаның бірдей қайырымды болу идеясында тоталитаризмнің элементі жатыр еді. Бұл идеяныжасаушылар қарапайым халықтың кәсіби саясатшылардың алдау-арбауына оңай түсетіндігін ескермеді. Ал өмірде адамдардың көпшілігінің саятсатқа араласқысы келмейтіндігі белгілі ғой. Осы уақытқа дейінгі демократия жайындағы идеяларға, концепцияларға осы көзбен қарайтын шумпетерлік демократия деп аталатын ревизионистіктеория болды. Олар саясатшылардың қарапайым халық пікірін бет перде етіп ұстауының қауіптілігіне назар аударды. Расында, кәсіби саясатшылартәжірибесіз халықтың бірлі-жарым пікірін сайлаушыларға бүкілхалықтық пікір ретінде ұсынып, оны өз мақсатына пайдаланады. Бұл кейін популизм ағымын туғызды. Шумпетердің еңбектерінде демократияның сан алуандық, сол сияқты элитарлық теорияның негіздері жасалды. Біртіндеп демократиялық сахнағажекелеген адамдар, аз ғана ынталы топтар шығып, олар ұйым атынан шешімдер қабылдайтын болды. Токвиль мен Макс Вебердің айтқанындай,жекелеген тұлғалар, яки серкелер билікке таласады, ал халық оларға дауыс береді. Сөйтіп ғалымдар өз еңбектерінде алғаш рет саяси процесстегі серкелер рөліне арнайы тоқталды, саяси бәсекенің барысында, әйтеуір бір серкенің әр түрлі әдістерді қолданып жеңіп шығатындығын да көре білді. Демократияның айла-тәсілдерінің әр алуан екендігі белгілі. Солардың ішінде хандық дәуір кезіндегі дала демократиясы туралы айтпасқа болмайды. Қазақтың түп-тегінің тарихы үш мың жылдық заманға кететіндігі айқындалып отыр. Қазақтың негізгі кәсібінің мал шаруашылығы болуы, жаугершілік, соғыс, жылқы мен қойға шұрайлы жайылым мен кең өрістің қажеттігі біздің елді мекенімізді «сахара», «дешт», «қарақұм», «бетбақ дала», «шөл-шөлейт», «дархан дала» деп атауға себепкер болған. Дұшпандарымыз да осы даланы талай дүбірлеткен. Дегенмен қазақ халқы өніп-өсіп, өмірді жалғастырған, рухты жандандырған. Талай тарихи оқиғалардың куәсі болған сар далада өмір үшін күрес тоқтаусыз жүріп жатқан. Қазақ халқының мақтанышы ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби «Әлеуметтік-этикалық көзқарастарында»: «Ең жоғарғы даму шегіне жету үшін адамдар бірігіп, қауымдасуы тиіс», – деп жазады. Ол қоғамды үшке бөледі: біріншісі – ұлы бірлестік, ол барлық халықтардың бірлігі; екіншісі – орта бірлік, бір халықтың бірлігі; үшіншісі – ең төменгі бірлік немесеқала-мемлекет. Бұлар толық қоғам болып саналады. Әл-Фарабидің пікірі бойынша, ауыл, елді мекен, махалла, көше, үйлер толық қауымға жатпайды. Өмір сүру үшін адамдардың қауымдасатыны белгілі. Сондықтан да өмір өшпеген, жалғасын таба берген. Соларды көре отырып, ұйымдасқан қауымдастықтардың шыңдалып, жетіліп, байытылған өмір тәжірибесін, ұлы дәстүрлер мен салт-сананы көруге болады. Соның бірі еуропалық тілменайтқанда, демократия деп аталады. Оны қазақтың тіршілігіне айналдырсақ, демократия дегеніміз – әркімнің қауымдағы орнын таба білу, қабілетіне қарай сұрыптау, барлық адамды тең көру, өзін-өзі басқару шығады екен. Қандай болмасын бірлестіктің алтын діңгегі – киелі отбасы, ошақ қасы болып табылады. Отбасының көсемі де, қолбасшысы да – әке. Оныңтапсырмасы – заң. Ол мүлтіксіз орындалуы тиіс. Жазалайтын да, жарылқайтын да – әке. Ал ру басы көп талдауды қажет етеді. Ол – руластарының ішіндегі ең ақылдысы, байсалдысы, әділеттісі, көрегендісі, киелі тұлға. Оның батыр немесеби болып келуі тіптен жақсы. Беделділер бірнеше рудың көсемі немесе биі болуы да ықтимал. Мұндай кісілер ресми құжаттарда ру басы деп аталған. Егер де біз орта бірлікті – бір халықтың бірлігі деп айтатын болсақ, түркі тілдес халықтардың тұңғыш бірлігі – Түрік қағанаты мемлекеті болған. Ол VIғасырдың басында құрылып, іргесі Шығыс Кореяден Орта Азия жеріне дейін созылып жатқан. «Үлкен Күлтегін», «Кіші Күлтегін», «Тоныкөк&raq Скачать |