Дала мен қала
Дала мен қалаАСҚАҚТА, АСТАНА! Елорда мен Елбасы – егіз ұғым. Арқадағы Астана мен оны салған Азаматтың аты қатар аталады, қатар қастерленеді. Туған күніңмен, еңселі елорда! Туған күніңізбен, ардақты Нұрсұлтан Әбішұлы! Мереке құтты болсын, қадірлі халайық! _____________________ ДАЛА МЕН ҚАЛА Астананың елордалық «өтілі» тағы бір жылға көбейді. Қалалық, республикалық, халықаралық ауқымдағы аса маңызды оқиғаларға толы болып өткен уақыт елорданың қалыптасуының, елдің және Елбасының арасындағы ғажайып байланысты бұрынғыдан да айшықты аша түсті. Қала да бейне-бір жанды ағза сияқты. Ол да дүниеге келеді, өседі, кәмелетке толады. Астананың қалыптасуы – өз бойына талай бірізді кезеңдерді қамтитын тарихи үдеріс. Ол кезеңдерді әлемнің барлық әйгілі қалалары бастан кешкен. Әйтсе де, Астананың олардан түбегейлі ерекшелігі болды: біздің елордамыздың бұл жолды қысқа мерзімде, былайша айтқанда экстернмен өтуіне тура келді. Басқадай жол да жоқ-ты. Әкімшілік орталықты көшіруді ұзақ жылдарға созып жіберу қаржыны шайып алуға соқтырып, бұл үдерістің жеріне жетпей қалуы да мүмкін еді. Ең бастысы, астананы бір қаладан бір қалаға әйтеуір ауыстыра салу ешқашан мақсаттың өзі болған емес. Бұл істегі түпкі міндет әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси оқиғалардың барысына елеулі түрде ықпал етуге мүмкіндік беретін тірек нүктесін табуға тіреліп тұрған-ды. Астананы ауыстыру идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ойында сонау 90-шы жылдардың басында пісіп-жетілген еді, енді, бүгін өткен жылдар биігінен көз тастағанымызда, біз сол шешімді жалғыз ғана дұрыс шешімге айналдырған тарихи оқиғалардың ой қисынын көре аламыз. Сол кезеңде экономикалық, инфрақұрылымдық, әлеуметтік дағдарыс барынша асқынып тұрған болатын. Қатар қиыстырып қарасақ, Қазақстан ол тұста Астананың құрылысы жаңа басталып жатқан сол жағалауын еске салғандай еді. Конституциялық-мемлекеттік құрылымның «тіреуіш діңгектері» мықтап қағылып, осы заманғы нарық экономикасының іргетасы қаланған, әлеуметтік дамудың бас желілері төселіп, сыртқы әлеммен байланыстың коммуникациялары жолға қойылған болатын. Жұмыс белгіленген бағытта жүріп жатты, алайда, өзгерістердің қиын-қыстау кезеңінде, кез келген құрылыс алаңындағы сияқты, жағдай жайсыздау еді, ең бастысы, «қасбеттердің», яғни көзге көрініп тұрған нәтиженің болмауы дүдәмал күйге түсіретін. Қоғамды батыл жобаның төңірегіне топтастыру қажет болды, оның табысқа жетуі, ішкі және сыртқы жағдаяттардың қаталдығына қарамастан, елдің асқаралы асуларды ала алатынын көрсетуге тиісті еді. Ұлттың рухын жаңа биікке көтеретін, сонымен бірге, көрнекті күйде көзге түсетіндей, нақты мазмұнға толы кеуделі бағдар қажет етілді. Халықтың көңіл-күй ауанын дәл сезіне отырып, Президент кейіннен шын мәнінде аңсар тұтарлықтай болып шыққан нұсқаны таба білді. Жаңа астананың құрылысы материалдық күш пен рухани серпілістің ілуде бір кездесетін үздік үйлесімі болып шықты. Осы артықшылықтарды пайдалану үшін астананы дәл осылайша – тез әрі батыл көшіру қажет еді. Сөз бар ма, мұндай стратегия белгілі бір тәуекелмен түйісіп жататын. Шынында да, егер Астананың салынуы тығырыққа тірелгендей болса, алда күтіп отырған артықшылықтар орасан орашолақтықтарға орын босатар еді. Бұл таңдаудың жауапкершілік жүгін көзге елестетудің өзі оңай емес, оны Мемлекет басшысы, әрине, дәл пайымдады да. Ақиқаттың басы ашылар шақ туды. Шынтуайтында, Нұрсұлтан Назарбаев сол кездің өзінде ұлттың көшбасшысы ретінде қалыптасқан болатын. Өйткені, көшбасшылықтың басты сипаты да жаңа қуатты идеяны ұсынудан, онымен адамдарды жігерлендіруден, сөйтіп, оны халықпен бірге жүзеге асыра білуден танылады ғой. Ал бұл үшін барып тұрған алапат қуат жұмсау қажет еді. Астананы елдің ортасына ауыстыру керектігіне жұрттың көзін жеткізумен қиындықтар біте қалған жоқ, қайта олар жаңадан басталды. Астананың тұсаукесері алдындағы газеттер тігінділерін бүгін ақтарып қарар болсақ, тәй-тәй басқан елорданың ертеңіне орай айтылған сынның, күдік-күмән мен түңіле-торыға айтылған болжамдардың көптігіне көз жеткіземіз. Тіпті қала дамуының келешегіне онша көп күмән келтірмегендердің өзі оның болашағын онша бай-қуатты етіп суреттей қоймайтын. Мысалы, қаланың құрылыс көкжиегі бірнеше бизнес-орталықтармен және автокөлік жолдарымен ғана байланыстырылды. Мұның өзі түсінікті де, өйткені, сонау 90-шы жылдардың аяғында кейін жүзеге асырылған реформалардың арқасында қол жеткен қуатты экономикалық және әлеуметтік өрлеуді көзге дәл елестете қоятын адамдар аз да еді. «Қазіргі Астана – Сіздің ұлтыңыздың ерік-жігерінің, жаңаруы мен жұмылуының символы» – Франция премьер-министрі Франсуа Фийон Қазақстанға сапары кезінде Елбасымызға осылай деді. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунның бағасы мынандай: «Астананың ажары – жаңа Қазақстанның бедерлі бейнесі. Бұл қала әртүрлі этносқа жататын, әртүрлі дін ұстанатын бір ұлт ретінде үйлесімді өмір сүретін адамдардың ортақ үйі, ол өңірдегі ең қарқынды дамыған және экономикалық жағынан табысты қалаға айналған». Саяси қайраткерлердің Астананың дамуы мен бүкіл елдің дамуының парапарлығын бірауыздан айтатыны неліктен? Олай болатыны, қазірдің өзінде бүкіл әлемдік қоғамдастыққа мына жайдың басы ашық: Астананың асқақтауында Қазақстан өркендеуінің өрнегі тұр. Астанада атымен жаңадан салынған, көрген жанды қайран қалдыратын сол жағалау мен ең үздік үлгі-қалыптар бойынша жаңғыртылып жатқан ескі бөлік өзара жарасым тапқан. Қазақстанда да солай: біздің елімізде бұрынғы жетістіктерді қиратпай, оларды жаңғырта отырып, ортақ модельге үйлесімді етіп, жаңа мемлекет құрудың сәті түсті. Нұрсұлтан Назарбаевтың осынау бірегей ұстанымы Астананың да, бүкіл Қазақстанның да табысына жол ашар кілтке айналды. Қала бет-бейнесінің қалай өзгергенін бағалауға мүмкіндік беретін объективті өлшемдер кешені болады. Ең алдымен, өмір сүруге жайлылығы. Астананың қазақстандықтар үшін тартымды орынға айналғанының даусыз дәлелі қала халқының серпінді өсуі, қазірдің өзінде елорда тұрғындарының саны көптеген сарапшылар 2030 жылы ғана жетеді деген межеге жақындап қалды. Астана мәртебесін алғалы бері елордада бала туу 80 пайызға жуық өсті! Құрылыстың бұрын-соңды болып көрмеген қарқыны тұрғындарды осы заманғы пәтерлермен, мектептермен, ауруханалармен, әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді анағұрлым арттыруға мүмкіндік берді. Қалада медицина кешені құрылды, ол халықаралық деңгейдегі өз қызметін тек елорда тұрғындарына ғана емес, бүкіл қазақстандықтарға көрсетеді. Оқу орындарының ұдайы өсуі Астананың елдің білім беру және ғылыми-зерттеу орталығы ретіндегі рөлін арттыра түсті, олардың арасында Назарбаев Университеті ерекше орын алады. Астаналықтардың мәдени, шығармашылық, спорттық әлеуетін арттыруға барлық жағдай жасалған. Қала дамуының ендігі бір объективті өлшемі – экономикалық тұрғыдан өзін-өзі қамтамасыз етуі. Соңғы он жылдың ішінде қаланың ішкі жалпы өнімінің көлемі 50 есеге жуық өсті, Астананың елдің ІЖӨ-сіндегі үлесі бір жарым пайыздан он пайызға артты, инвестициялар 30 есе көбейді. Астананың құрылыс секторы отандық өнеркәсіптің серпінділігін қамтамасыз етті, ал бүгінде елорда инновациялық жобалардың түйіскен жеріне айналып, бүкіл экономикаға қарқын беріп отыр. Егер біз тек ірі қала, серпінді дамып келе жатқан қала жайында ғана емес, елорда жайында айтатын болсақ, онда нышанды оқиғалар сынды өлшемді де міндетті түрде ауызға алуға тиіспіз. Астана елеулі халықаралық форумдар өтетін орынға айналды. Олардың арасында Астана Декларациясы қабылданған ЕҚЫҰ-ның тарихи Саммиті бар. Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің сессиясында қабылданған құжат та осындай атқа ие болды. Елордамызда күні кеше аяқталған бұл іргелі іс-шара да тарихи деп аталды, өйткені Қазақстан астанасында ұйымның жаңа атауы мен жаңа эмблемасы жөнінде шешім қабылданды. Астана Бүкіләлемдік Ислам экономикалық форумын, аса беделді халықаралық құрылымдардың бірі болып табылатын Шанхай ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық саммитін қабылдады. Біздің жас астанамызда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі сияқты теңдесі жоқ оқиғалар дүниеге келді. Оның үстіне, Астана әлемдік деңгейдегі мәдени және спорттық іс-шараларды өзіне тартып тұратын орынға айналуда. Бұл орайда қысқы Азиада-2011-ді еске алудың өзі жеткілікті. Нышанды сәулет нысандарының да маңызы ерекше, оларсыз қала көшбасшылық сипатқа ие бола алмайды. Астанадағы ондай нысандарды санап шығудың өзі біраз уақытты алады. Бір-бірімен қосыла келгенде олар дала төсінде орнаған елорданың барлық қонақтары қадір тұтатын қаланың өзгеге ұқсамайтын төл бейнесін құрайды. «Астана-Бәйтерек» монументі мен Бейбітшілік және келісім сарайы сияқты айшықты ғимараттар аса көрнекті жетістіктер қатарына қосылады», деп атап өтті Еуропа Одағының сыртқы саясат мәселелері және еуропалық көршілік саясат бойынша комиссары Бенита Ферреро-Валднер. «Астананың орасан ірі әрі осы заманғы жаңа ғимараттары архитектураның халықаралық әлемінде әңгіме тақырыбы болып келе Скачать |