ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ ҚАЗАҚТАРДЫ ҚАЙДА АПАРАДЫ?
ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ ҚАЗАҚТАРДЫ ҚАЙДА АПАРАДЫ?Қазақстанда гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс істеуде. Мемлекеттік гендерлік саясат Елбасы жарлығымен бекітілген. Стратегия негізінде жүзеге асырылуда. Бұл тұрғыда мыңжылдық даму мақсаттары мен Әйелдерге қатысты барлық түрдегі кемсітушіліктерді жою жөніндегі конвенция ережелеріне сүйенген, Қазақстанға арналған гендерлік индикаторлар анықталған. Стратегия жүзеге асыру мақсатында Үкімет бекіткен қаулы бойынша іс-шаралар жоспары жасалуда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықованың сөзіне қарағанда, 2009-2011жылдарға арналған ортамерзімді іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін «Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамдық келісім саласы бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу» бюджеттік бағдарламасы аясында республикалық қазынадан 30 млн теңге және «Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және отбасылық жағдайды жақсартуды дамыту шаралары» бағдарламасы бойынша 38,4 млн теңге бөлінген. Гендерлік теңдік стратегиясында шешім қабылдау деңгейіндегі нәзік жандардың үлесін 35 пайызға жеткізу көзделген. Сонымен қатар, барлық деңгейдегі бюджеттерді және әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламасын дайындау үдерістерінде гендерлік көзқарасты енгізу қолға алынып жатыр. Бүгінгі таңда шешім қабылдау деңгейіндегі әйелдердің қатысуының жалпы көрінісі төмендегідей. Қазақстан Республикасы Парламентінің құрамында 22 әйел бар. Бұл депутаттардың жалпы санының 15% құрайды. 3 әйел облыс әкімдерінің орынбасарлары, 5 нәзік жан аудандарды басқарады. Аудан басшылары орынбасарларының 18% ауылдық және селолық округтер әкімдерінің 12% әйелдер. Биліктің ең жоғарғы лауазымында Үкіметінің құрамында 2 әйел министр, 4 жауапты хатшы, 6 вице-министр әйелдер өз қызметін атқаруда. Атап өткен көрсеткіш жалпы дүниежүзілік орта стандартарға сәйкес, дегенмен біз 2016 жылғы жоспарлы мерзімде саяси аренадағы әйелдер үлесінің 35% кем болмауын назарда ұстаймыз. Бұл—ұлттық комиссия, мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам институттары өкілдерінің нақты әрі лайықты мақсаты екен. Міне көріп отырғаныңыздай, уақыт өткен сайын қарапайым ғана шындықты қоғамға мойындату қиынға соғып барады. Өйткені, әлемді билеуші күштер дүниежүзілік соғыстарын тоқтатқан соң, ой майданында жаңа соғыс бастады. Осының бірі отбасының табиғи тепе-теңігін, тыныштығын бұзуға бағытталған гендерлік саясат. Әйел теңдігі мәселесін қанша даурықтырғанмен, шындап келгенде, жаратылыс тұрғысынан әйел мен еркек тең емес. Әрқайсысы өзіне тән қасиеттерімен ерекшеленеді. Егер бір-бірінен ешбір айырмашылығы жоқ өзара тең жаратылыс болғанда, Алла тағала еркек-әйел етіп бөліп жатпай, бәрін біркелкі әйел немесе еркек етіп жаратар еді ғой. Еркек пен әйел үнемі табиғатындағы өздеріне тән ерекшеліктерімен екеуі бірін-бірі толықтырып отырады. Қазақ «Екі жарты бір бүтін» дегені рас. Әйел денедегі жүрек болса, еркек сол денедегі ақыл іспеттес. Жүректі ақылдан немесе ақыл жүректен артық деп айту мүмкін емес. Екеуі өз міндеттерін атқарған кезде ғана дене дұрыс қызметін жалғастыра алады. Сондықтан, әйел еркектен жоғары немесе төмендеу, жалпы алғанда дұрыс айтылған сөз емес. Осындай да, Тұрмағанбет ақынның айтқаны еріксіз ойға оралады. Әйел көктен түскен жоқ, Ол — еркектің баласы Еркек жерден шыққан жоқ, Әйел оның анасы. Екі жыныс өкілдерінің қоғамда өзіндік міндеттері бар. Мәселен, еркек қанша тырысса да әйелдер секілді дүниеге бала әкеле алмайды. Өйткені, тоғыс ай қабырғасы қайысып құрсақ көтерудегі сабырлылық, толғақ кезіндегі өліммен арпалысқан қайсарлылық —тек әйелдердің ғана қолынан келетін ерлік. Бала тәрбиесінде де әйелдегі мейірімділік пен ептілікті ер адам көрсете алмайды. Еркектер әйелдерге қарағанда дене бітімі жағынан ірілеу әрі күштілеу келеді. Жауға қарсы шауып, елді қорғау секілді ауыр жұмыстарды ер кісіге жүктеледі. Әлемдегі екі жүз мемлекет болса, солардың ішіндегі Германия, Үндістан және Қырғызстан елін әйел қалғандарын ер кісілер басқарады. Осының өзі табиғи көрсеткіш. Гендерлік саясат пен әйел теңдігін желеулеткен батыста бүгінде бала саны мүлдем аз. Тіпті, Парламент деңгейінде талқыға түсіп, оны көбейтудің жолдары қарастыруда. Батыста XIX ғасырдың өзінде әйелді адам құрлы санамай, қоғамда өз орнын таба алмай қорланып жүргендіктен, XX ғасырдың екінші жартысына қарай теңдікке ұмтылыса бастады, бұл салада бізден үйренері көп. Оған Джек Лондонның «Әйелдердің ерлігі» мен Г. Флобердің «Бовари ханшайым» атты кітабін оқысаңыз көз жеткізесіз. Қазақ ешқашан әйелдерді қоғамнан аластатып, тұмшалап ұстамаған. Мұны өткен тарихымызды мұқият оқып шыққан адам ғана түсіне алады, олардың басты мақсаты-сүйікті қыз, адал жар, аяулы ана, асыл әже атану ғой. Әйел қауымы бірінші кезекте өмірге ұрпақ әкеліп, оны жақсылап тәрбиелеп, өсіріп, қоғамға қосар болса, еліміздің қарыштап дамуына одан артық қосатын үлкен үлес жоқ. Ұлт мәселесін былай қойғанда, әйелдің өмірдегі ең зор бақыты да байлығы да бала болса, ондай бақыттан қашу ақылға сыйымсыз. Бала таппаған қатыннан, лақтаған ешкі артық. Өліп қалған арыстаннан, тірі жүрген тышқан артық. Бәйге алмаған жүйріктен, қарны жуан бесті артық. Байлаусыз бос шешеннен, үндемейтін есті артық,—деген Бұқар жырауды бүгінгі қазақ ескермейтін болды. Ал, гендерлік саясаттың мақсаты, меніңше қоғамның дамуын кері тартатын жаңа типтегі әйелдер қауымын тәрбиелеу. Анаған-мынаған еліктеуді қойып, ер-азаматқа арқа сүйеп, алтын басын бағалап, өз орнын біліп отырған әйелдің екі дүниеде де бағы жанады. Әйелдің бағы— ерімен бірге. Еркегі жоқ, отбасы жоқ әйел қашан бақытты болып еді? Жападан жалғыз қашан бақытқа жетіп еді? Ендеше, әйелге қандай теңдік керек? Еркек жеткен биікке өзім-ақ жетем деген әйел бар әйелдік қасиетінен айырылады. «Менің еркектен қай жерім кем, өзімді өзім асырай аламын, еркектің маған қажеті шамалы, ғылым дамыған қазіргі заманда еркексіз-ақ балалы бола аламын» деп жүрген кәрі қыздардың саны бес жүз мыңға жетіпті. Сан алуан қасқыр еркектің алдынан өткен әйелдердің билікке қалай жететінін қазір жас балада біледі. Ақша молырақ тапқан әйел күйеуіне бағынбасы айдан анық. Бағыну былай тұрсын, тәуелді болмаймын деп дала кезеді. Жұмысбасты болып үйдің тірлігінен қол үзеді, бала тәрбиесіне де салғырт қарайды. Ондай отбасылар көбінесе ажырасып тынады. Мысалы Астана қаласының бір Сарыарқа ауданы сотына 2011 жылы төрт ай қорытындысы бойынша, 350 отбасы ажырасуға ниет білдіріпті, соның тең жартысы ажырасып кетіпті. Мұның бәрі бірін-бірі сыйламағандықтан, отбасылық ауыртпалықтарға шыдас бере алмағандықтың айғағы. Қарап отырсаңыз, жыл сайын мыңдаған отбасының шаңырағы шайқалып, дәм-тұзы жараспай оты сөніп жатыр. Бұл ажырасулар абырой әпермейді. Әкем Кеңестің анасы Қызболған әжемнің салт-дәстүрге, ынта-ықыласпен қарайтын, діндарлығы да бар еді. Әжем « Бір отбасы ажырасса, ғарыштағы жұлдыздардан бастап, барлық қоршаған орта қаһарланады. Бір адамның берекесі кетсе, кесірі отбасыға тиеді, берекесіз отбасы қоғам, ұлт, мемлекеттің де мазасын кетіреді»,— деп айтып отырушы еді. Бұрын «Бәленшенің баласы ажырасыпты» деген сөз бүкіл бір ауылдың, ру, жүздің арына түскен дақ болатын. Оның себебі, генетик ғалымдардың айтуынша, әрбір тұлға түбі жоқ шексіз ақпаратты сақтайтын сиқырлы сандық іспеттес. Мінез-құлқымыз бұзылып, арсыздыққа ұрынсақ, ата-бабадан келе жатқан ақпараттық қорды бүлдіріп аламыз. Жамандық өзімізбен кетпей, ұрпақтан ұрпаққа қан жаңарғанша сақталып отырады-мыс. Жанұяның ыдырауы баланың жетім өсуіне алып келеді. Әкесіз бала бос, жігерсіз келеді, психологикалық соққы өз алдына үлкен әңгіме, бір үйге бір еркектің кіріп-шығуы айбат, ғанибет, көзге көріне бермейтін күш-қуат энергиясы болады, ажырасудың тағы бір себебі, жанұяда бала санының аздығы. Бұрындары тоғыз он баламен ажыраса алмайтын, қазір бір асып кетсе, екі баламен қиналмай ажыраса беретін болды. «Ананың тілі атаның күшінде» деген. Атаның күші деген-саясат, бизнес, экономика, жігер, керек десең, көк көрпенің астындағы әрекет, ғылым, білім. Ана қанша мәрте айтқанымен атаның қабағына жетпейтіні рас. Кешке жұмыстан шаршап келгенде алдынан күлімдеп әйелі, еркелеп бала-шағасы шықпаған отбасында қандай береке болсын?! Өз жаратылысына сай емес істермен әуреленіп жүрген нәзік жанды әйелдерде бара-бара еркек мінезділік пайда болады. Ислам дінінде әйелдің еркекке ұқсауына, еркектің әйелге ұқсауына қатаң тыйым салынған. Әйеліне сыртта жұмыс істетіп, өздері масыл боп үйде бос жатқан еркектерді пайғамбарымыз өз хадисінде қатаң сөккен. Бір мемлекетте екі президент, бір көлікте екі жүргізуші болмайтыны секілді кіші мемлекет отбасында да бір ғана басшы болуға тиіс. Әйтпегенде, үйдің берекесі қашады. Әкесін құрмет тұтатын қыз бала әр адамның бетіне бажырамақ түгілі, алдын кес-кестеп өтпейді. Кезінде Төле би бабамыз алдын кес-кестеп өтпеген Сұлушаш атты қызды тұңғыш ұлына әпергенін тарихтан білеміз. Өкінішке орай, соңғы жылдары тәрбиенің жоқтығынан жетімханада қаракөздердің, кесапат келіндердің кесірінен қарттар үйінде қариялардың көбейгенін қалай жоққа шығарамыз? Шетелге сатылған сәбилердің нақты санын ешкім білмейді. Аштан өліп, көштен қалып жатқан кім бар? Бұның бағасы арсыздық қана. Ар-намыстан жұрдай болған елдің тірлігі. Гендер деп шапқылап жүрген көсем ханымдардың ойында шын халқына қызмет ету болса, ең болмаса қыздарды тәрбиелеудің заманауи бағдарламасын жасап Үкіметке ұсынар еді-ау. Осындай қаны тамып, зар жылап тұрған мәселені көрмей, сонымен айналысудың орнына, «гендерлік саясат» деп шапқылап жүрген ханымдардың бар ойы— билікке жету. Үкіметтің беретін тегін ақшасына рахаттанып өмір сүру, киіну, ішіп-жеу, одан басқа түк те емес. Халық ақымақ емес, кімнің кім екенін көріп отыр. Ірі ойшыл философ Бенедикт Спин Скачать |