АҚШ-тағы либералдық–саяси ағымдар


АҚШ-тағы либералдық–саяси ағымдар

 

Жоспар

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

1. Америка Құрама Штаттарындағы либералдық–саяси ағымдар. 2. Томас Джефферсонның саяси – құқықтық көзқарасы. Тәуелсіздік деклорациясы. 3. Джеймс Мэдисонның консерваторлық және либералистік саяси көзқарасы. 4. Фридрих Август фон Хайектің саяси көзқарасы мен идеясы.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

Кіріспе.

Америка Құрама Штаттарында әлеуметтік – саяси тарихында қоғамдық – саяси құрылым және құқық мәселелері бойынша идеялық пікір таластардың  өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталатын екі кезеңді аңғаруға болады. Оның алғашқы кезеңі ХVІІІ ғасырдың басынан бастап  ХІХ ғасырдың ортасына дейін созылған отар қоныстардың метрополияға  бағыныштылығымен  сипатталса, екінші кезеңі тәуелсіздік үшін  күреспен айқындалып, ХІХ ғасырдың екінші жартысын қамтиды. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында өздерін штаттар (яеғни мемлекеттер) деп атаған колониялар мен метрополиялар арасындағы шиеленіс салық салу мәселесіне байланысты күшейе түсті. Көптеген публицистер (Д.Адамс, Т. Джефферсон, А. Гамильтон және тағыда басқалары) өздерінің саяси памфлеттерінде барлық отар иеліктеріндегі  қоныстанушылар заң шығарушы жиналыста өз өкілдерінің болуы керектігін, өзін-өзі басқару принципін ұстану қажеттігін айтып, отаршылардың саяси талаптарын табиғи-құқықтық негізбен байланыстырды. Азаматтардың табиғи құқығы мен бостандығы туралы бұл ой тек публицистикада (көсемсөзде) ғана емес саяси және конституциялық құжаттарда да мойындалды: Виргиния штаты құқықтарының Деклорациясы (Дж. Мейсон және Дж. Мэдисон, 12 маусым 1776 жыл) және Тәуелсіздік Деклорациясы (Т. Джефферсон, Б. Франклин, Дж. Адамс, 4 шілде 1776 жыл). Тәуелсіздік Деклорациясын 13 штат бірауыздан қабылдады. Табиғи құқық теориясының идеяларын талдау барысында халықтың саяси таңдауы мен дербес өмір сүру құқығының және халық егеменділігінің  конституциялық принциптері жарияланды. Теориялық жаңашылдықтың тағы  бір маңызды нәтижесі биліктің бөлінісі принципін  нақтылау болды. Тәуелсіздік үшін күрес тұсында (1775-1783) штаттардың Конфедерациясы құрылды. Алайда соғыс аяқталысымен штаттардың одағын нығайту және тиімді федералды үкімет құру қажеттілігі туындады. Осы міндетті атқару үшін 1787 жылдың мамыр айында конституциялық Конвент құрылды. Ол барлық сословиелік артықшылықтар мен дворяндық титулдарды жойып, республикалық құрылысты бекітетін, ажыратылған үш билік жүйесін енгізетін федералдық Конституцияның жобасын дайындап щығарды.  1803 жылы Жоғарғы сот өзінің конституциялық бақылау құқығын бекіткеннен кейін американдық революцияның барлық негізгі кезеңдері (тәуелсіздік үшін күрес, жаңа мелекеттік құрылымды қалыптастыру және оны өмірге енгізу) толығымен аяқталды.

Демек, Америка Құрама Штаттарында әлеуметтік – саяси тарихында қоғамдық – саяси құрылым және құқық мәселелері бойынша идеялық пікір таластардың түрлері мен Дж. Мэдисон, Т. Джефферсонның саяси идеялар мен ойларының пайда болуына толық түсінік беріп, ашып көрсету маңызды болады. Сонымен қатар, Фридрих Август фон Хайектің саяси ойлары мен идеяларына тоқталып, жалпы мәлімет беремін.

1. Америка Құрама Штаттарындағы либералдық–саяси ағымдар.

ХVІІІ мен ХІХ ғасырларда қоғамдық өмірдің демократиялануымен әлеуметтік – саяси теориялардың  да мазмұны өзгерді. Саясат ұғымы да жаңа маңызға ие, болды: егер бұрын  ол мемлекеттік билік қызметінің саласын ғана қамтыса, енді ол қоғамдық қатнастардың кең ауқымын білдірді. Қоғамдық санада сциентизмнің  (лат. scientia – ғылым) белең алуына орай, саясаттанушылар мен құқықтанушылар өз концепцияларында методология мәселелеріне үлкен көңіл қоя бастады. Кейінірек саяси ғылымдардың құқықтанудан бөлініп шығуы барысында саяси және құқықтық ілімдерде әрқайсысы өзінің тар мамандық саласы шеңберінде тереңдете зерттеу үрдісі басым болды. Мұның өзі саяси теорияның ішінде жекелеген  концепциялардың пайда болуына әкелді, мысалы тоталитаризм, плюралистік демократия, үстем элита концепциялары.

ХІХ ғасырдың буржуазиялық әлеуметтік саяси ойында неолиберализм (кейде «әлеуметтік либерализм «, ескі индивидуалистік либерализмге қарсы),  »демократиялық либерализм» (аристократиялық либерализмге қарсы, «либерал — реформизм» ұғымдары қолданылады) және концерватизм ( немесе «жаңа концерватизм», «неоклассикалық либерализм», «либерал-концерватизм» терминдерімен де айтылады) басым бағыт қатарына жатқызылады.  Бұл идиологияның жақтаушылары қоғамдық ойда орталық бағыт ұстанса, солшылдарға әртүрлі социолизм, коммунизм және солшыл радикализм  (» жаңа солшылдар», «солшыл экстремизм» және тағы басқа) концепциялары, ал оңшылдарға фашизм және неофашизм, «жаңа оңшылдар», нәсілшілдер сияқты оңшыл радикализм теориялары жатады.

Неолиберализм және қазіргі концерватизм классикалық либерализм идеологисының дағдарысы тұсында, индустриялды дамыған елдерде экономиканы реттеуде, мемлекеттің әрекетін кеңейту мақсатында қалыптасты.

Неолиберализмнің идеологтары (Дж. Кейнс, А. Хансен, Дж. Гэлбрейт және тағы басқа) қоғамның реформашыл көңіл – күйдегі топтакрының – ірі өнеркәсіпшілердің, жоғары шенеуліктердің, сондай – ақ интеллегенцияның едәуір бөлігінің мүддесін көздейді. Олар өз бағдарламалары мен концепцияларында өңдірістің дағдарыссыз және тұрақты дамуына қол жеткізу үшін қоғамдық процестерге мемлекеттің ықпалын кеңейтуді, жеке кәсіпкерлік қызмет саласына мемлекеттің белсенді түрде араласуын жақтайды.

Неолиберализмдегі кейнешілдік бағытының негізін қалаушы ағылшын экономисі  Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) болды. Ол өзінің 1929-1933 жылдардағы «ұлы дағдарыстан» кейін жазылған «Еңбекпен қамтудың, пайыз бен ақшаның жалпы теориясы» еңбегінде шіріген капитализм» туралы лениндік теорияға қарсы нарықтық экономиканың дамуға қабілеттілігін, дағдарыстардың  өткіншілігін дәлелдеп жазды. Кейне мемлекет құқық мәселелерімен арнайы айналыспағанмен, еркін кәсіпкерлік режимінің орнына экономиканы  мемлекеттік реттеуді ұсынған оның бағдарламасы саяси практика мен заң шығарушылыққа тікелей әсер етті. Кейнстің идеялары 50-60 жылдары кеңінен таралды. Бұл идеялар постиндустриалды қоғам (Дж. Гелбрейт), экономикалық өсім кезеңі (В. Ростоу), игілікті мемлекет (Г. Мюрдаль) концепцияларында өзінің жалғасын тапты. Неолиберализм идиологиясына қарсы шығып, еркін кәсіпкерлікті жақтаған қазіргі концерваторлар  (Ф. Фон Хайек, И. Кристол, М. Фридман) болды. Бұл бағыттың әлеуметтік негізін финанс олигархиясы, истеблишмент, ауқатты фермерлер және шығармашыл интеллигенцияның бір бөлігі құрайды. Мемлекеттің экономикалық әрекетін толығымен теріске шығармағанымен, олар жеке капиталға қатысты мемлекеттің араласуын  шектеуді ұсынады. Экономикадағы мемлекеттік биліктің рөлін нарықты реттеумен ғана байланыстырады.

ХІХ ғасырда концерватизм идиологиясымен қатар демократиялық социализм  идеялары да өмір сүрді. Бұл ілімнің идеялақ қайнар көзі Э. Бернштейннің, К. Каутскийдің  саяси көзқарастарында жатқанымен, оның бастыц теогриялық қағидалары екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Г. Ласкидің (Англияда лейбористер партиясы атқару камитетінің мүшесі) «Біздің замандағы революция туралы ойлар», Л. Блюмнің (Франциядағы социалистік партияның мүшесі «Адамзат ауқымында», К. Ренердің (Австралиядағы социал-демократилық партияның төрағасы) «Жаңа әлем және социализм» еңбектерінде негізделді. Осы соңғы елу жылда капитализм өзінің өміршеңдігімен көзге түсіп қана қоймай, қоғамдық дамудың қажеттіліктерін өтеу қабілетінің социализмнен жоғары екендігін де дәлелдеді. Демократиялық социализм теориясының ықпалының бәсендеуі, ондағы негізгі басымдылықтың социализмнен демокркатияға ауысуы осымен байланысты. Алайда бұл әлеуметтік әділеттілік идеалдары қоғам дамуына ықпал етуін тоқтатты деген сөз емес.

ХІХ ғасырдағы құқық пен мемлекет туралы теорияларда  әлеуметтік юриспруденция, позитивистік нормативизм және қайта өркендеген табиғи-құқықтық бағыттары қалыптасты.

Әлеуметтік құқықтанудың ең көрнекті өкілдерінің бірі американдық заңгер Роско Паунд (1870-1964). Ол өзінің теориялық көзқарастарын бес томдық   «Юриспруденция» (1959) еңбегінде баяндайды. Паунд құқықты зерттеуде «инструменталды прагматикалық тәсілді» қолданды және онда құқықтың өзі «әлеуметтік бақылаудың инструменті» ретінде түсіндірілді. Бақылаудың өзі заңға бағынушы азаматтардың әлеуметтік өзара әрекетін, жүріс-тұрысын реттеумен және үйлестірумен байланысты болғандықтан оның ілімін көбіне  «заңгерлік әлеуметтік инженерия» деп те атайды.

Құқық арқылы әлеуметтік бақылау  тұрақтылықты қажет етеді, алайда қоғам өміріндегі ұдайы болып отыратын өзгерістер үнемі толықтырып отыруды талап етеді.

Құқықтықтанудағы әлеуметтанулық юриспруденцияның ықпалымен АҚШ-та негізінен салалық заңгерлік пәндердің өкілдерін – азаматтық, коммерциялық, кәсіпкерлік және өзге де құқық салаларының мамандарын біріктірген «реалистер» қозғалысы пайда болды. АҚШ-та негізгі ағымдар, ол либералистік, концерваторлық, федералистік тағы да басқа     ағымдар болды. Алда либералистедің негізгі өкілдеріне тоқталып өтеміз.

             2. Томас Джефферсонның  саяси – құқықтық көзқарасы. Тәуелсіздік  деклорациясы.

 



Скачать