Атқарушы билік органдарының актілері
Атқарушы билік органдарының актілеріӘкімшілік актілердің түсінігі, белгілері және маңызы Басқарудың құқықтық актілері – құқық нормаларына сәйкес ресімделген, біржақты биліктік ерік – жігерді білдіретін, заңды салдарларға әкелетін атқарушы – бұйырушы қызмет процесінде атқарушы билік субъектілері қабылдайтын заң күшіндегі ресми заңды актілердің түрі. Оның мынадай негізгі белгілері бар: 1) заң күшіндегі сипата болуы; 2) мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаың биліктік, өкімді ерік-жігерін білдіреді; 3) әкімшілік-құқықтық және басқа да қатынастарды белгілейді, тудырады, өзгертеді және тоқтады; 4) ресми белгіленген нысандарда, құжаттар түрінде болады; 5) әкімшілік құқық субъектілерінің орындауына міндетті мінез-құлық ережелерін немесе жеке ұйғарымдарды бекітеді; 6) белгіленген тәртіпте шығарылады. Мемлекеттік басқарудың құқықтық актілері — атқарушы биліктің мқсат-міндетін жүзеге асыру үшін арналған маңызды құралы. Мемлекеттік басқару актілерінің заңдық маңыздылығы мынадан көрінеді: 1) құқық нормасын белгілейді, өзгертеді немесе күшін жояды; 2) басқару объектілеріне нақты міндеттер жүктейді немесе нақтылы құқықтар береді; 3) басқару актілері сотта дәлел бола алады, заңды істерді қозғау негізгі бола алады (жұмыстан босату, тұрғын үйге берілген ордерді жарамсыз деп тану); 4) басқару актілері басқа актілерінің жарамдылығынң шарты болуы мүмкін, мысалы, ІІО азаматқа қару-жарақ алуға рұқсат береді; кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға мөрлерді дайындауға рұқсат береді. Басқару актілерінің түрлері Басқару актілердің мынадай түрлері болады: 1) Заңды мазмұны бойынша –жеке актілер және нормативті –актілер; 2) Әрекет ету мерзімі бойынша – әрекет ету мерзімі анықталмаған (мерзімсіз), мерзімді және уақытша актілерге бөлінеді. 3) Әрекет ету аумағы бойынша – республика аумағында әрекет ететін және әкімшілік – территориялық бірліктер масштабында әрекет ететін мемлекеттік басқару актілеріне бөлінеді. 4) Актіні шығаратын органдардың құзырлығының сипаты бойынша жалпы, сала аралық және салалық басқару актілеріне бөлінеді. 5) Мемлекеттік басқару актілерін шығаратын органдар бойынша: 1) қаулылар- бұл алқалы тәртіпте қабылданатын акт, мысалы, ҚР Үкіметінің қаулылары; 2) шешімдер- бұл алқалы тәртіпте, сондай-ақ дара басшылық тәртібінде (жеке) шығарылатын акті, мысалы,маслихаттардың, әкімдердің шешімі; 3) өкімдер — бұл жеке, дара басшылық тәртіпте шығарылатын акт, мысалы, ҚР Президентінің өкімі; 4) бұйрықтар — бұл дара басшылық органдардың жетекшілері шығаратын акт, мысалы министрдің бұйрығы; Бұйрық жеке, сондай-ақ нормтивті болуы мүмкін. 5) нұсқаулар — бұл мемлекеттік басқару органдарының жетекшілері қабылдайтын акт, мысалы, министр және т.б. Нұсқау нормативті-құқықтық актілердің нақты орындалу тәртібін белгілейді. 6) Көрсетілу нысаны бойынша- жазбаша, ауызша, конклюдентті. Басқару актілеріне қойылатын талаптар Заңға қайшы, белгіленген тәртіпте қабылданбаған басқару актілерінің заңды күші болмайды. Мемлекеттік басқару актілері жоғарғы мемлекеттік билік пен басқару органдарының актілеріне де қайшы келмеуі тиіс. Мемлекеттік басқару актілеріне мынадай талаптар қойылады: 1) басқару актілері өкілетті органның құзырлығының шегінде ғана шығарылуы тиіс; 2) басқару актілері белгіленген тәртіпте қабылдануы тиіс; 3) басқару актілері белгіленген нысанда шығарылып, тиісті лауазымды тұлғалар қол қоюлары қажет; 4) басқару актілері жариялануының және күшіне енуінің белгіленген тәртібіне сай шығарылуы тиіс;мысалы, ҚР Үкіметінің қаулылары ондағы көзделген іс-шаралардың маңыздылығы немесе жеделдігіне байланысты халыққа және бірден тиісті басылымдарда жариялануы қажет, ал қажетті жағдайда теледидар немесе радио бойынша хабарланып, телеграф бойынша да берілуі керек. Жарамсыз актілер — бұл сөзсіз күші жойылатын, не болмаса ондағы атқарушы биліктің тиісті субъектісінің заңдық өктемдігі болмашы ғана актілер. Олардың жарамсыздығы өздігінен анықталмайды, бақылау, тексеру кезінде айқындалады, мысалы белгілі бір атқарушы билік органдарының құзырлығын айқын бұзылуымен шығарылған актілер. Бұл кезде актілердің құзырлыққа сай еместігі, атап айтқанда прокурордың наразылығы бойынша, азаматтың шағымы бойынша, жоғарғы атқару органдарының ықпал етуі бойынша көрсетіледі. Әкімшілік санкциясы бар басқару актілері — бұл қоғамдық өмірдің бірқатар облыстарында барлық азаматтардың және лауазымды тұлғалардың мінез-құлықтарын реттейтін, маңызды мәні болатын және әкімшілік санкция сияқты мемлекеттік мәжбүрлеу шарасын қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ететін нормативті-құқықтық акт. Осындай актілерді қабылдаудың мақсаты мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қорғау, барлық меншік нысандарын, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, олардың қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қорғау болып табылады. Осыған байланысты бұл органдар санкциямен жабдықталған. Әкімшілік санкцияны көздейтін осындай актілерді ҚР Президенті, Парламенті, Үкіметі (1993 жылғы 10 желтоқсандағы жергілікті өкілді және атқару органдары туралы» ҚР заңына сәйкес осы актілерді бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық қарастырады), сонымен қатар маслихаттар белгілеуіне құқылы. Заңның 41 б. сәйкес облыстық, аудандық, қалалық маслихаттар — депуттаттар жиналысы мынадай мәселелер бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастыратын жалпыға міндетті ережелер қабылдауға міндетті: 1) тұрғылықты жерлерге құрылыс жүргізу; 2) жерлерді, ормандарды, су қорларын, ерекше объектілерді және табиғатты, сонымен қатар тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау және күту; 3) қоғамдық орындарда сату; 4) қоғамдық тәртіп, өрт және жол қауіпсіздігі; 5) эпидемиялар мен эпизоотияларды жою бойынша шаралар; 6) инженерлік коммуникацияларды қорғау; 7) территияларды санитарлық тазалау; 8) жарнамаларды, хабарландыруларды және өзге де ақпараттық материалдарды пайдалану; 9) қоғамдық тәртіпті пайдалану; 10) территорияларды көгалдандыру, көшеттерді отырғызу және қорғау; 11) үй жануарларын ұстау; 12) көлік тұрақтары; 13) табиғи апаттар және өзге де төтенше жағдайлар кезіндегі қоғамдық тәртіп, олардың алдын алу және жою бойынша іс-шаралар қабылдау. Осындай ережелер оларды жариялағаннан кейін 2 аптадан соң күшіне енеді; табиғи апаттармен, эпидемиялармен және эпизоотиялармен күресу бойынша ережелер қабылданғаннан кейін күшіне бірден енеді. Осы ережелердің сақталуын малихат және жергілікті әкімшіліктер бақылайды. Басқару актілерінің күшіне ену, әрекетін өзгерту және тоқтату Актінің заңды күшіне ену оның ресми жарияланған сәтінен бастап немесе арнайы актілерде белгіленген мерзімде орындаушыларға жеткізген сәттен бастап енеді, мысалы ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ведомстволардың нормативті актілері оларды ресми жариялағаннан кейін 10 күннен соң заңды күшіне енеді. Актілердің әрекетін өзгертуді, ереже бойынша, оны қабылдаған орган немесе лауазымды тұлға енгізе алады. Актінің әрекеті мынадай жағдайларда тоқтатылады: 1) толығымен немесе оның жекелеген бөлімдерінің; 2) ҚР бүкіл немесе нақты территориясында; 3) мемлекеттік органның нақты қызметіне қатысты немесе толығымен; 4) актіні қабылдаған мерзімі аяқталғанда; 5) актіні қабылдаған орган басқа актіні қабылдаған жағдайда күші жойылды деп танығанда; 6) актідегі нақты әрекеттер орындалғанда, мысалы, айыппұл төленгенде; 7) заңды оқиғалар болғанда. Скачать |