Программалық құралдар
Программалық құралдарПрограмма — магниттік тасымалдаушыда (дискіде) файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жуктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нүсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыстағы бір-бірімен бірігіп отырып жұмыс істейтін программалар кешендерінің көмегімен шешіледі . Алдын ала келісім нақты программа арқылы орындалатын әрекеттер (функциялар) жиынының және әр функцияның орындалу вариантын анықтайды. Үнсіз келісім егер жұмыс істеп отырған адам айқын түрде нұсқамаса, көрсетілген немесе басқа әрекеттің, яғни функцияның нақты атқарылу параметрлерін (басқа да вариантгары болғанда) тағайындайды. Интерфейс - программалық жабдық пен.жұмыс істейтін адам арасындағы сұқбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны. Программалық жасақ - информациялық технологиялардың елеулі бір бөлігі. Программасыз кез келген аппаратура жәй элементгер жиыны болады да, ол ешнәрсе істей алмайды. ЭЕМ программалары екі топқа бөлінеді, олар: 1) жүйелі программалық жасақ; 2) қолданбалы (кәделі) программалық жасақ. Жүйелі программалар ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтар жұмысын басқарып, жүмыс істеп отырған адамды қолданбалы программалармен байланыстырады. Жүйелі программалық жасақты бірнеше топқа жіктеуге болады: 1) операциялық жүйелер; 2) утилиттер; 3) сервистік программалар. Операциялық жүйелер - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Дербес компьютерлер үшін кең тараган оиерациялық жүйелерге МЗ (РС) DOS, Windows 95, Windows NT,OS/2, UNIX жатады, Дербес компьютерлерлерге арналған операциялық жүйелердің барлығы да тек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетге бір компьютерде жұмыс істеуін елестету қиын ғой . WINDOWS 95, WINDOWS NT, OS/2, UNIX көп мақсатты жүйелер болып саналады. Көп мақсаттылық — бір компьютерде бір уақытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып жатуы. Мысалы, Сіз мәтін көшіріліп жатқан шақта ойнап та отыруыңызға боладь, өйткені бұл жұмыстарды әртүрлі қүрылғылар атқарады немесе ол қүрылғылардың жұмыс жылдамдығы адамның жылдамдығынан өте жоғары болып келеді. Көптеген ІВМ - үйлесімді компьютерлер дискілікМЗ DОS операциялық жүйесі мен көп терезелі WINDOWS графикалық операциялық жүйесін пайдаланады. Операциялық жүкелер көптеген функцияларды орыңдайды: информацияны дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды ұйымдастырады, компьютер құрылғыларының өзара байланыста жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді. Бүл жүйе ЭЕМ іске қосылғаннан кейін иілгіш не қатты дискіден алғашқы жүктелетін кещенді программа болып табылады. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу (кысу) программаларын, компыотердің: жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест ирограммалары) айтуға болады. Сервистік программалар — әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы. Қолданбалы программалар арқылы біздер өз есептерді шығарамыз. Мұндай программалар "қосымшалар" (приложения) деп те аталады. Қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шығара алатътн қуатгы мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік продессор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер т.б.), ғылыми мөселелерге арналған жоне жалпы көпшілікке қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады. Қолданбалы (кәделі) программалық жасақ - белгілі бір мамандық салалсында нақты есептер шығара алатын программадар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді. Белгілі бір мақсатга пайдаланылатын программалық жасақ әр адамның нақты есептерін шыгаруга арналган, сондықтан оны пайдалану аймаіы да шектеулі. Мүндай программаларды жұмыс иесі өзі жасайды немесе оньң талабы бойынша маман программалаушылар жасап береді. Дербес компьютерлердің кең тарауьша басты себеп болған олардың алдын ала дайындалған әмбебап программалық жасақтарың кең таралуы еді, бүл программалар тек бір есепті шығарып қана қоймай, белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды немесе информацияның белгілі бір түрлерін өндеуді түгел қамти алатын болды. Әртүрлі информацияларды өндеуге мүмкіндік беретін әмбебап программалык; жасақтың негізгі түрлері мыналар: - мәтін редакторлары; - графикалық редакторлар; - электрондык, кестелер; - оқыту жоне ойнау программалары; информациялық жүйелер және т.б. Мәтіндік информацияларды даярлау мен өңдеуге арналған программалар мәтін редакторы деп аталады. Өмірде кез келген ЭЕМ-де жүмыс істейтін адамдар әртүрлі есеп-қисаптар мен құжаттар дайындау, мақала және басқа жазбалар жазу сияқты мәтін дайындаумен айналысады. ДЭЕМ-дерді осы мақсатгарға пайдаланса, басқа машинкасына қарағанда жұмыс өнімділігі күрт өсетіні талас тудырмаса керек. Мәтін редакторлары экранда мәтіндерді түзетуге, қателерін уақьттында табуға, абзацтардың сол жақ, оң жақ шеттерін туралауға, мәтіндерді дискілерде ұзақ уақыт сақтап, қажет болғанда бірден тауып алуга, бірнеше алфавитті (латьш, орыс, қазақ) қатар пайдалануға, құжаттарды қағазға бірнеше дана етіп басып шығаруға мүмкіндік береді. Дербес ЭЕМ-дер кітап, журнал, газет, т.б. шығаруда кең пайда-ланылады. Компьютердің машинкаға қарағанда көптеген артықшылығы бар: қате оңай түзетіледі, материалдарды дайындау шапшандайды, оларды безендіру жолдары женілдейді. Өте жоғары сапалы басылым шығара алатын лазерлік принтерлермен жабдықталған шағын баспахана жүйелерінің одан да күшті мүмкіндіктері бар (осы оқулық та компъютерлік баспа жүйесінде дайындалды). Кең тараған мәтін редакторларына WordPerfekt, Mikrosoft Word, MultiEdit, WordStar, PageMaker т.б. жатады. Графиктік редакторлар графиктік информацияны дайындау мен өңдеуге арналған программа болып табылады. Олар өмірде жиі кездесетін есептеу нөтижелерін график түрінде шығаруда өте ыңгайлы. Оның үстіне графикалық редакторлар бейнелерді әртүрлі етіп - схемалар, сызбалар, суреттер және т.б. түрлерде бере алады. Графикалық редакторлар мәліметтердің есептелу нәтижесін график бейнесінде көрсетуде де және өз қалауымызша түрлі сызықтар тұрғызуда да қолданылады. Графиктерді әртүрлі қылыи, мысалы, түзу немесе кисық сызық түрінде, дөңгелек диаграммалар мен гисто-граммалар бейнесінде алуга болады, оларга автоматты түрде масштаб енгізуге, керек болса координата остеріне сандар мен атауларды жазып қоюга да болады. Күрделі графикалық бейнелер түрғызу кезінде түрлі-түрлі фигура мен контурларды пайдаланып, олардың әрқайсысын әртүрлі түстерге бояуга да болады. Электрондық кестелер жүйесінде миллионнан аса торлар (ұялар) болады, оігар пернелермен информацияны енгізу арқылы немесе формулалар орнегін есептеу нэтижесі бойынша компьютермен жазу арқылы толтырылады. Мұнда кестелік мәліметтерді түзету, оларды дискілерде жазып сақтау, түрлендіру, қагазга басып алу сияқты коптеген орекеттср өте жылдам орындалады. Ойын программалары дербес ЭЕМ-дердегі қызғылықты, кез келгенжан әуестенетінтопқажатады. Дербес компьютерлердің кеңінен тарауъша да себепші болған ойын программалары еді. Компьютерлік ойындар - демалудың жаңа технологиясы. ЭЕМ-де ойнағанда онымен шектен аса өуестенудің зиян екенін есте сақтау жөн. Оқыту программалары оқу-үйрену сабақтарын ұйымдастырады, олардың мектепте не үйде тарихтан, информатикадан, тілден, биологиядан, математикадан, физикадан т.б. пәндерден сабаққа дайындалу кезінде өте ыңғайлы екені талас тудырмайды. Компыотерлер сабақ оқуда электрондық оқулық жөне тренажерлер түрінде, лабораториялық аспаіт әрі информациялық анықтамалық жүйе есебінде кеңінен пайдаланылады. Институттарға қабылдау емтихандарын өткізу кезінде компьютерлер "қазы" рөлін де әділ атқара алатын құрал екені белгілі. Іс программалары қызметте керекті әртүрлі иыформацияларды дайыңцау, сақтау және өңцеу үшін кеңінен қолданылып жүр. Бұлар іс қағаздарын жүргізуді компьютерлендіру кезінде де құжаттар дайындау, жұмыс кестелерін жасау, кезекшілік графиктерін салу сияқты әрекеттерде де өте ыңғайлы болып табылады. Информацияның кептеген түрлерін сақтау, іздеу, жалпы ұйымдастыру жұмысында информациялық жүйелер қолданылады. Бұларга мәліметтер базасы, кітапханадағы информация іздеу жүйелері, театрлардағы, әуе жолындағы және темір жолдагы билет сату мен оларды тіркеу тәсілдері жатады. ЭЕМ желілері мен информациялық коммуникациялар негізіндегі осы сияқты жүйелерді жасау мен дамыту қоғамымызды информацияландыру бағдарламасының ірге тасын қалайды. Болашақта перспективасы бар информациялық құралдарға білімдер базасы мен эксперттік жүйелерді жатқызуға болады. Олардың көмегімен кейбір мамандық салаларында эксперттер тәртібін модельдеу арқылы медициналық тақырыптардан консультациялар мен әртүрлі қызмет салаларынан анықтамалар беру, онертапқыштарга, технологгар мен конструкторларга көмек беру істерін жүзеге асыруга болады. Әмбебап программалық жасақтың дамуының арқасында күрделі біріктірілген жүйелер (интегралданған) жасальгаып жатыр. Олар бірыңғай командалар жүйесі арқылы бір форматгы пайдалана отырып мәтін редакторын, электрондық кестелерді, графикалық редакгорды, мәліметгер базасын басқаружүйесін, калъкуляторды және тағы басқаларды біріктіріп, бір интерфейс арқылы осылардың барлығын да пайдалану мүмкіндігін береді. Әмбебап программалык, жасақ дербес компьютерлермен жабдыкталган өртүрлі мамандьгқ иелерінің жүмыс орыңцарът автоматгандыруды іске асырады. Мұдай жүйелерге, мысалы, конструкторлық жобалауды, электрондық тақшалар жасап дайындауды, экономикалық және бухгалтерлік жүмыстарды автоматтандыру істерін жатқызуға болады. Қоғамъшызды дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен және информациялық қорлармен толық қамтамасыз ету бүрынгы "қағаздағы" мәлімеггерді қолдану жүмыстарын толықтыра отырып, информация алу, тарату, пайдалану жүмыстарын ұйымдастыруды жаңа белеске көтерді. Мүны өзі қоғамымызды информацияландыру процестерін дамытудың негізі болады деп толығынан айта аламыз. Қолданбалы програмалар арасындағы ерекше топқа "қосымша" программаларды даярлаудың аспаптық қүралдары (инструментальные средства) жатады. Программалау жүйелері шыққанға дейін өр адам өзі қолданатын программа мәтінін программалау тілінде жазып, оны ЭЕМ-ге арнаулы мәтін редакторы арқылы енгізіп, сонан соң тағы бір арнайы ирограмма - компилятор (транслятор) көмегімен өз мэтінін машина тіліне аударатын. Ен соңында үшінші бір арнаулы жинақтаушы программаның арқасында бөлек модульдерден орындалатын программалық файл алынатын. Қазіргі кезде жасалынып жатқан программалар теледидар, тоңазытқыш, шаңсоргыш тәрізді ондірістік онімдер санатына кіреді. Бүл программаларды жасау мен тарату — өндірісті жүргізу зандылықтарымен бірдей деңгейде болады деген сөз. Бүл күндері тегін берілетін, шартты түрде (жартылай) тегін және сатылатын ІІрограммалар бар. Программаларды сатып алу және тараіу шарттары сол программамен бірге берілетін оның сатушысы не авторы дайындаган қүжаттарда жазылады. Біреудің программасын пайдалану үшін осыңдай мәселелерге көңіл бөліп отыру қажет екенін естен шығармаған жөн. Рұхсатсыз көшіріп алынған программаларды пайдаланудан сақ болыңыздар! Оның арты келеңсіз жағдайларга дұшар еткізуі мүмкін. Скачать |