Ахмет Йасауи
XI-XII ғғ. өмір сүрген атақты сопы (діни құрметті атақ), философ, ғұлама ғалым, ақын Қожа Ахмет Йасауи қазіргі Түркістан (Яссы) қаласы маңындағы Испиджап (Сайрам) қаласында дүниеге келген. Ақынның туған жылы дәл айқын емес, ал 1166 жылы қайтыс болған. Зерек баланы атақты сопы Арыстан Баб өзіне шәкірттікке алады. Жеті жаста Арыстан Бабқа қылдым сәлем... Осы халде мың зікірін қылдым тәмем... Құрма беріп, басымды сипап назар қылды... Мектеп барып, қайнап толып, тасыдым, міне, – деп жазады бұл туралы кейін Ахмет Йасауи."Диуани хикмет" кітабындағы "зікір" сөзі – құдайды мадақтап айтылатын өлеңдер.Арыстан Баб (тегі араб) қожалар дәстүрімен мұсылманшылықты насихаттаған аса ірі сопы болумен бірге, араб, парсы тілдерін жетік білген, оны сүйікті шәкіртіне үйреткен. Ұстазы жеті жасында қайтыс болып, одан сопылық қызмет етуге тәбәрік (бата) алған Ахмет Йасауи он жасынан он жетіге дейін тақуалықпен өмір сүріп, пәк тіршілігімен, әулиелік қасиеттерімен, ізгілікті істерімен аты шығып, ел аузына ілінеді. Бұл жылдары шет жерлерде мұсылман ілімін оқып жетік меңгерген ол он жеті жасында Арыстан бабтың нағыз жолын жалғастырушы ретінде елге танылып, Түркістанға қайта оралады. Скачать |