Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар мен көне мемлекеттік құрылымдар.


Біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырдың 40-жылдар аяғында грек тарихшысы Геродоттың «Тарих» деп аталатын еңбегінде және басқа қол жазбаларда біздің заманымыздан бұрынғы I мың жылдың орта шенінде Орта Азия мен Қазақстан жерінде сақ деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар массагеттер, каспийші- лер, есседондар, кейініректе алаңдар, сарматтардан тұрған.

Персия патшасы I Дарийдің Накширустамдағы (Персополға жақын) тас жазуларында Сақ тайпалары үш топқа:сақ-хаумаваргаларға (хаома сусынын дайындайтын сақтар), Сақ-тиграхаудаларға (төбесі шошақ бас киімдері бар сақтар), Сақ-парадараяндарға (теңіздің арғы бетіндегі сақтар) бөлінеді делінген. Бірінші топтоғы сақтар Ферғана жерінде мекендесе, екіншілері Сырдарияның орта аймағы және Жетісу жерін жайлап, үскифтер немесе Арал теңізі және Сырдарияның арғы жағындағылар болған. Геродоттың айтуынша: Сақтар скиф тайпалары, бастарына тік тұратын төбесі шошақ тығыз киізден іселінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер. Сақ әулетінің іргесін қалаушы Алып Ер Тұлға (Афрасиаб) болған деген деректер бар.

Сақтар көк тәңіріне табынған. Археологиялық қазбаларға қарағанда, сақ тайпалары темірден зат жасай білседе, мыс пен қоланы пайдалануды артық көрген. Оларда жабайы аңдардың суреттері салынған қоладан құйылған үлкен тай қазандар болған. Сақтардың дүние жүзіне аңдарды өрнектеумен әйгілі болған даналық өнері жалпы адамзаттық мәдениетті дамытуға елеулі әсерін тигізді.

Сақ тайпаларында көпке дейін матриархаттық ел билеу тәртібі сақталып, әйелдер ерекше жағдайда болған. Мәселен, олардың көсемдерігнің бірі-тамаша сұлу, әрі жігерлі, елге әйгілі патша ханум Заррине ел билеп, қалаларды салуға және жорықтарға қатысқан. Персия мемлекетінің патшасы Кир, Мидия патшасы Крезбен б.з.б. 558-529 жж. соғысқан кезде, сақтармен одақ жасасып, олардан әжептәуір көмек алған. Кейін Кир сақтар мен массагеттерді өзіне бағындаруды ұйғарды. Сөйтіп, Мидия патшалығын жеңгеннен кейін Кирдің әскерлері Сақтардың жеріне басып кіреді. Кирдің әскерлері өздерінің жеңісін тойлап жатқан кезде, сақтарлың жауынгерлері тұтқиылдан лап қойып, парсыларды қырып салады.

Осы шайқаста олар Кирдің өзін де өлтіреді. Кирдің Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын I Дарий (б.з.б. 521-486 жылдар) жалғастырды. Жеке-жеке отырған Сақ тайпаларын бір-бірлеп бағындырған ол аз уақыт болса да оларды басып алды. Сақ тайпаларының біраз бөлігі оларға салық төледі және парсы патшасына жасаққа жігіттер беріп тұрды. Тіпті сақтардың біразы парсы патшасының «өлмейтін он мың» деп аталатын ұланының құрамына кіріп қызмет етті.




Скачать