60 жылдардағы Қазақстан


1962—1969 жылдардағы реформашылдық дүрбелең елдің ішінара алмастырулар және жетілдірулер жолымен қол жеткізуге болатын өзгерістер шегіне тірелгенін керсетті. Жүргізілген шараларда экономикалық байланыстар мен қатынастарды түбегейлі өзгерту жолдары көзделмеді. Туындаған проблемалар негізінен ұйымдық қайта құру дәрмегін діттеген субъективтік түрде жол-жөнекей шешіліп отырды. Шалағай ойластырылған әрі бірін-бірі жиі алмастырған қайта құру толқыны тұрақсыздық, тұрмыс деңгейінің және әлеуметтік кепілдіктердің әлсіреу қаупін төндірді. Коммунистік болашақ идеясы да жағдайды жеңілдете алған жоқ.

Қоғамды саяси және экономикалық тұрғыдан ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі күш-жігер мен ізденістерге баға бергенде, 50-жылдардың ортасынан 60-жылдардың ортасына дейінгі аралықта, төптеп келгенде, басты екі бет-бағыт арасындағы текетірестік орын алғандығын ескеру қажет. Бұлардың алғашқысы қоғамдық жүйені, оның бүкіл салалары мен құрылымдарын түбегейлі өзгертудің объективтік қажеттілігін бейнеледі. Оған ең алдымен қоғамның сталинизмнің ауыр зардабынан рухани бостандық ала бастауы себеп болды.Кеңес мемлекетін, ең алдымен Кеңестерді дамыту мен нығайту өзекті мәселеге айналды.  Кенестер рөлінің арта түсуі партияның XXII сьезі қабылдаған КОКП-ның үшінші Бағдарламасында атап көрсетілді. КОКП Бағдарламасында сондай-ақ қоғамның коммунистік құрылым кезеңіндегі саяси ұйымына сипаттама берілді.

Онда әлемдегі тұңғыш социалистік   мемлекет   марксизм-ленинизм   ілімімен   толық сәйкестікте  дами  келіп,   өзінің  пролетариат диктатурасы мемлекеті ретіндегі тарихи миссиясын ақтағандығы айтылды. Ішкі даму тұрғысынан қарағанда да, антагонистік тап-тардың  жойылуына,  социализмнің  толық және  түпкілікті жеңіске жетуіне, халықтың барлық таптарының жұмысшы табының идеялық-саяси айқындамаларына көшуіне байланысты мұндай диктатура кажет болмай қалды.

Бұл объективтік  процестер  Кенес  мемлекетінің  жалпыхалықтың мемлекетке ұласқандығын және өз дамуының жаңа сатысына аяқ басқандығын көрсетті. қоғамдағы осьндай жаңа қоғамдық-саяси ахуал қалыптасқандығын, мәселен, шопандар, колхозшылар, өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысшылары,  техникалық  интеллигенция, ғылым    мен  өнер адамдары, партия және шаруашылық басшылары құрамына  енетін КСРО Жоғарғы  Кеңесі айғақтайтындай болып көрінді. 

Еңбекшілер  бұрынғысьшша  жергілікті,   облыстың, Қазақ КСР және КСРО Жоғарғы Кеңестеріне өз өкілдерін сайлады. Республика Жоғарғы Кенесінің тұрақты комиссияларына мүше депутаттар заңды талқылап, қабылдады, ал ауылдар    мен    елді    мекендер,    аудандар    мен    калалар мәселелерді    Жоғарғы    Кеңес пен  оның төралқасының карауына    әзірлеуге    катысты.   

Мысалы,    1961    жылдың соңында білім беру және мәдениет, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру женіндегі тұрақты комиссиялар депутаттардың қатысуымен республикадағы мектеп, балалар және емдеу-профилактикалық  мекемелері  құрылысы жөнінде мәселе әзірлеп,  Жоғарғы Кеңес  сессиясына енгізді. Республика Жоғарғы Кеңесінің тұрақты комиссиялары сондай-ақ   жергілікті   жерлерде   өздерінің   көшпелі мәжілістерін өткізіп, Кеңстің заңдары мен қаулыларының орындалу барысына бакылау жүргізіп отырды.




Скачать