Әз Тәуке хан


Әз-Тәуке хан немесе Мұхамед Батырхан деп те аталады, Салқам Жәңгір атанған Жәңгір ханның ұлы. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығы саяси жағынан нығайған және бір орталыққа бағынған үлкен мемлекет болды. Оны Тәуке ханның үш жүзге және Қырғыз бен Қарақалпаққа билігі жүргенінен де көреміз.

Оны Тәке хан тұсында Сыр бойында Қазақтың 32 қаласы болғанынан да көріге болады. Қысқы Ордасын Тәуке Хан Түркістан қаласына орналастырды. Жазғы Ордасы қазіргі Астана қаласына таяу жерде, қазіргі Астанадан 10 шақырым жерде болған. Халық зердесінде қалған аңыздар бойынша да Тәуке хан билік жүргізген заман ең бір өркендеген алтын ғасыр ретінде қалды.

Тәуке ханның билік құру кезеңі 1780-1718 жылдар. Яғни, қазақ даласында отыз жылға жуық хандық  билік құрған.  Тәуке ханның басты еңбегі – Қазақ хандығының ішкі саяси ахуалын оңалту жолындағы еңбегі. Ол өзіне дейінгі «Есім ханның ескі жолы», «Хақназардың хақ жолы», «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталған әдет ғұрып нормаларына сүйене отырып, «Тәукенің Жеті Жарғысы» аталған заңдар жинағын қабылдаған.

Ал хандықты билеуде негізінен әр жүздің билеріне арқа сүйежі, яғни бұрынғыдай Төрелер мен Қожалардың шекіз билігінің орнына қазақтың өзінен шыққан данагөй ақсақалдарға арқа сүйеді. Соның ішінде «Әз-Тәукенің бес биі» атанған бес данышпанның атақ-даңқы бізге жетті: Ұлы жүзде – Үйсін Төле би, Орта Жүзде – Қаз дауысты Қазыбек, Кіші жүзде Алшын Әйтеке би және Қарақалпақта – Сасық би мен Қырғыздағы Қоқым билер ел басқару ісіне араласып, халықтың сөзін жеткізіп отырды.

Тарих дерегі де сол кезде Тәукенің қасында Ұлы жүз Әлібекұлы Төле, Орта жүз Келдібекұлы Қазыбек, Кіші жүз Байбекұлы Әйтеке, қырғыз Қарашораұлы Көкім, қарақалпақ Сасық би, қатаған Жайма секілді халықтың ішінен уақыттың өзі екшеп шығарған, даналық сөзімен, әділетті ісімен, қара қылды қақ жарған тура билігімен аттары бұл күнде аңызға айналған атақты билердің болғанын айтады.




Скачать