Қожаберген батыр


Қожаберген батыр - жырау орта жүздiң Керей руынан тарайды. Бiздiң солтүстiк өңiрде Керей шежiресiн алғаш рет ұрпаққа мұра етiп қалдырушы Ашамайлы Керейдiң Көшебе руынан шыққан атақты қолбасшы батыр, Қожаберген жыраудың ұлы атасы Дәулен Таузарұлы болған. Бұл үлкен шежiре содан қолдан-қолға өтiп жүрiп, ақыры Сегiз Серi Баһрам ұлына (Дәуленнiң жетiншi ұрпағы) келiп жеткен.

Сегiз Серi өзге өнерiмен қоса үлкен шежiрешi - жылнамашы да болған. Қазақ халқының шежiре-тарихын да мол жинаған. Шежiре туралы былай деп жазып кеткен: “Шежiре - ата айтысу үшiн емес, тарих үшiн, туыс адамдар бiр-бiрiмен қыз алысып қоймау үшiн, кiмнiң кiмге жақын екенiн бiлу үшiн де керек”, - деп жазған.

Ол жинаған қазақ халқының шежiре жылнамасы Қазақ Ғылым Академиясы-ның Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнология институтының қазақ тарихы бәлiмiнде және қазақтың көне мәдени, тарихи ескерткiштердi қорғау қоғамының Орталық кеңсесiнде сақтаулы тұр (папка N853, бiрiншi тiзiм).

Керей шежiресiн Сегiзден кейiн жалғастырған, жинастырған, хаттаған, архивке тапсырған Тәшмұхамед (Тәштит) Тәбейұлы Барлыбаев болған. Осы Керей шежiресi кейiнгi ұрпаққа осы Тәштит арқылы жеткен. Тәштит терiскей арқадағы үлкен шежiрешi адам болған (Қолжазбадан 125-126 бет).Сондықтан да болар осы шежiреде Керейдiң Көшебе атасының шежiресiн толық жазған.Осы шежiреге қосар тағы бiр ойымыз - бұл шежiре бiрден-бiр сауатты шежiре болуы керек, өйткенi түпкi авторы Дәулен тархан Таузарұлы жетi ұлттың тiлiн бiлген дана адам болған, шежiренi жалғастырушылар: Толыбай - Қожаберген - Сегiз Серi - Тәбей және Тәштит Барлыбаевтар сауатты және өз кезiнiң озық адамдары.




Скачать