Антикалык әдебиет курсының пәні – көне грек және рим құлиеленушілік қоғамдарының әдебиеті. «Антик», «антикалық» деген термин «antiquus» деген латын сөзінен туған. Оның мағынасы «ежелгі, ертедегі, көне» болады. Антикалық әдебиет деп қазіргі біздің заманымыздағы жоқ әдебиетті атайды. Оны біз не үшін оқып білуіміз қажет? Біріншіден, антикалық әдебиет – Батыс Еуропа әдебиетінің бастауы. Грек және рим мәдениеті Еуропаның ежелгі өркениеті болып есептеледі. Мәдениет тарихында антикалық әдебиет ерекше орын алады. Ол бүкіл дүниежүзілік мәдениеттің дамуына зор ықпал жасады. Сонымен қатар, антикалық әдебиеттің бірнеше негізгі қасиеті бар: -
антикалық әдебиеттің маңыздылығы, ақиқатты кең қапсыруы, адам, қоғам, табиғаттың қарым-қатынастарын көрсетуі (мысалы, қазіргі кездегі маңызды мәселелер – адам және саясат, әйел адамның қоғамдағы ролі, экология т.б. проблемалар сол кездің өзінде-ақ көтерілген); -
антикалық әдебиеттің өмірге орайлығы; -
антикалық әдебиеттің саяси мазмұнды болуы (сол кездегі болған саяси оқиғалардың барлығы антикалық әдебиетте бейнелеуін тапты); -
антикалық әдебиеттің өзінің заманының тілектеріне сай келген және көп ғасырлардан өтіп, балаусалығын жоймаған көркем шығармаларды жаратуы (қанша ғасыр өтсе де, антикалық әдеби шығармалар әлі күнге дейін өз қызығын жоймаған); -
антикалық әдебиеттің көркем түрлерінің әр алуандығы (грек және рим әдебиетінде сол кездің өзінде-ақ жаңа заман әдебиетінің барлық жанрлары болған; олардың көбі әлі күнге дейін антик атауларын сақтаған, мысалы: лирика, эпос, поэма, драма, трагедия, комедия, роман); -
антикалық әдебиетте мифологияның зор роль атқаруы (басқа әдебиеттермен -
салыстырғанда, антикалық әдебиетте мифологиялық бейнелер орасан зор роль атқарады).
Скачать |