Орта ғасырлардағы (Оғыз дәуірі) Қазақстан жеріндегі мемлекеттер мен олардың мәдениеті


Қарахан Әулетінің мемлекеті (942-1210 жж.). Негізін салған Сатұқ Боғра хан (915-955). 940 (942) ж. Сатуқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды.

Осы кезден бастап Қарахандар мемлекеті тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуы мен оның ерте тарихында басты рольді Қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды. 10 ғ. сонына таман Қарахандар иелігі Батыста Амудария мен Сырдария арасындағы Мәуереннахрдан бастап, Шығыста Жетісу мен Қашғарға дейін созылды. Қарахан мемлекеті шекаралары тұрақты, толып жатқан еншіліктерге бөлінетін. Еншілік иелерінің құқтары зор болатын. Олар өз атымен теңгелер шығаруға дейін, кейде тіпті лауазымдарын өзгерте алатын. 11 ғ. 30-ж. соңында Ибрахим ибн Насырдың тұсында мемлекет екіге бөлінеді: біріншісі, орталыпы Бұқарда болған, қарауына ходжентке дейінгі Мәуереннахрды қосып алған Батыс хандығы, екіншісі - қарамағына Тараз, Исфиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу мен Қашғар кіретін Шығыс хандығы. Оның астанасы Баласағұн қаласы. Осымен Қарахан мемлекетінің еншіліктерге бөлінуі заңды түрде бекітілді. Арслан-хан кезіңде қарахан мемлекеті одан сайін бөлініп кетеді: әрбір еншілік өз тәуелсіздігін құру үшін таласады.  1056 ж.

Қадырханның ұлы Йинал-тегін өкімет мұралыпы жолындағы күресте інісі Сүлейменнің иелігін басып алады. Бірақ ұзамай ол у беріліп өлтіріледі. Тәж-таққа Йинал-тегіннің баласы Ибрахим ие болады, бірақ ол да біраздан кейін Барысхан әміршісімен болған соғыста қаза табады. Осыдан кейін Шығыс қағанатын 15 жыл бойы (1059-1074) Қадырханның балалары Юсуф Тоғрулхан мен Бограхан харун басқарады.

Олардың тұсында Ферғана Шығыс қағанатқа күшпен қосылады. Екі қағанат арасындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді. Тоғрұл қайтыс болғаннан кейін оның еншілігі Бограхан харунның (1075-1102)- Қашғар, Баласағұн мен хотан қожасының қоластына көшеді. 1089 ж. бастап ол Салжұқ сұлтаны Мәлікшахтың кіріптар вассалына айналады. 1102 ж.

Бограхан қайтыс болғаннан кейін, көп ұзамай Мәуереннахрға Баласағұн мен Таластың иесі Қадырхан Жабраил шабуыл жасап, Амударияға дейінгі жердің бәрін басып алады, тіпті Салжықтардан Термезді тартып алмақшы болады, бірақ олардан жеңіліп қалады.




Скачать