Шабданұлы Қажығұмар


1943-ж. – «Сол үшін» деген тұңғыш өлеңі «Малшы» газетінде жарияланады.

1950-жж. – «Біздің үй» поэмасы және басқа өлеңдер мен дастандары баспа бетін көреді.1956-ж. – «Бақыт жолында» повесі басылып шығады.1978-1986 жж. аралығында Қ.Ш.-ның көптеген шығармалары жазылып жарық көреді, оның ішінде «Өгейлер» романы (1985) «Тарбағатай» журналында жарияланады.Қ.Ш.-ның ерекше шығармасы – «Қылмыс» атты алты томнан (кітаптан) тұратын романы. Бұл романның бірінші томы 1982-ж. Шыңжаң халық баспасында (Үрімжі) басылып шығады. Екінші томы да сол баспа арқылы 1985-ж. жарық көреді.«Қылмыстың» бірінші кітабы кейін Қазақстанда да басылады (Шабданұлы Қ. Қылмыс. Бірінші кітап. Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, 2005).Романның арқауы – Қазақ даласына Кеңес өкіметінің орнауынан басталып, 1930-1940 жж. Шығыс Түркістандағы ұлттық азшылықтардың азаттық қозғалысына дейін тарихи және күнделікті оқиғаларды баяндайды. Шығарманың тілі уытты саяси әжуа мен мысқылға толы.1989-ж. – «Пана» романы. Бұл шығарманың негізгі кейіпкері – Шығыс Түркістан қазақтары ұлт-азаттық қозғалысының қаhарманы Зуқа батыр Сәбитұлы болып табылады. Жазушы романды түрмеде жазып бітірді. «Пана» романы Қазақстанда жарық көрді (Қар.: Шабданұлы Қ. Пана. Алматы: Көркем, 2004).Өтініш хат // Қазақ әдебиеті (Алматы). 2006-ж., қаңтардың 20-26. № 3. Бұл арызды қарт қаламгер Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арнайы жазып, ашық хат ретінде газетте жариялатып көмек сұрайды.




Скачать