Сақтар


Б.з.д. І мың. Ортасынан бастап Қазақстан жеріндегі көшпелі тайпалар “сақ” атауымен белгілі. Жазба деректердің мәліметі бойынша олар Қазақстанның барлық этникалық территориясында қоныстанып, бірнеше топқа бөлінген: оңтүстікте тиграхауда сақтары (грек деректерінде массагеттер, дон тайпалары), Бактрия мен Маржанада құрамына парасогда сақтары кірген хаумаварга сақтары.
Солтүстік шығыста — аримаспы, Орта Қазақстан — исседондар, Батыс савроматтар, Геродот бойынша савроматтардың аржағында “биіктаулардың етегінде”, оңтүстік шығыс Орал таулары болуы мүмкін, аргипей тайпалары өмір сүрген.
Сақ тайпалары мал шаруашылығының үш түрімен айналысты: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы. Малдың негізгі түрі қой болды. Шаруашылықта және күнделікті тұрмыста жылқы жиі пайдаланылды, мұны археологиялық деректер де растайды. Сақ жауынгерлері мен көсемдерінің қабірін ашқанда жылқылардың сүйектері табылған. Асыл тұқымды жылқымен бірге қарапайым жылқылар да болды, олар аса биік емес, аяқтары қысқа, бірақ өте төзімді болды.
Тиграхаудалардың үлкен ұлы Рустам өз елінде өзінің батырлығын , қайсарлығы мен танымал болып , әкесінің тіректі әскері болды. Сонымен бірге Рустам әкесі , патша каводттың сүйікті ұлы болған. Татши Кавод Рустамды тиграхауда патшалығының мұрагері етіп сайлайды.
  Ешкім Рустамның күшімен тең келмейтін. Рустаммен күрескен жас жауынгерлер , тез жеңіліп қалатын. Осы майдан алаңына шашы иығына төгілген , қыпша беліне былғары белдік таққан , белдігінде қолдан жасалған айна, бұл батырдың ер қыз екенін айтып тұрды. Оның оң қлында қылыш , сол қолында сауыт болды. Рустам не істерін білмей тұрып қалды, ол жекпе – жекке шықпайын десе тағы да болмайды . Томирис аттан түсе бергенде оның әрбір қимылынан Рустам оның жай ғана сұлу қызды емес , сонымен бірге қылыш пен семсерде ойнай білетін ер қызды көрді . Екеуі қызыл майдан шайқасқа түсіп жатады. Жекпе – жек шайқастың үстінде Рустам қылышын Томиристің қылышына тақап қалып, оның көзінін қорқыныш емес , ашу мен ызаға толы қарсылықты көреді. Оны түсінген Рустам күшін әлсірете түседі. Сонда Томирис шайқасты тоқтатып , белдігін алып, оның атының үстіне қойып , өзінің Рустамға әйелі ретінде берілгендігін білдіреді.
  Томиристі туғанға дейінгі жүз жылдықта қаратаудың бойында ауыл ақсақалдарымен көсемдерінің жиыны болып тұратын. Әдетте жинды жинау қиынға соғатын. Себебі сақ тайпасы ұрыстық қатынаста тұрып жататын . Сондықтанда көсемдер мен ақсақалдардың арасында ылғи да ұрыс – жанжал болып тұратын . Көшпелі сақтарды біріктіру Чипакидің қолына тиді . Чипакай өзінің елін тек байлықпен ғана алдау арқылы біріктіретінін біліп , әйгілі сапарға аттанады.




Скачать